Би өнері – әлемнің рухани елшісі
БҚО Орал қаласы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ
«Ай – Наз» би ансамблінің жетекшісі Қуанышева Гулмейрам Алибековна
«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері. Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші ғана алдамшы сезім емес.
Әрине, менің балалық кезімінің балбұл жанған арманы болған да осы бір би өнеріне қалықтау болған еді. Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайтудың ерекшелігі зор деп білемін.
Бүгінгі Елбасы қолдаған Мәңгілік елдің қыранын самғату, болашаққа байыппен апаратын рухани жаңғырудың игі жолында еліміздің қызғалдақтай құлпырған, жазиралы далама теңер, нәзік те сұлу, мың бұралған қазақ қыздарының парасаттылығын, ибалылығын, мәдениеттілігін бір ғана кішкентай образдың астарымен сомдап, еліміздің ұлттық құндылығын насихаттауға, рухани адамгершілік тәрбиемізді дарытуға, әрине мен нәзік жүректі, қазақи тірбиемен сусындап өскен ибалы қыздарының бірі бола тұрып, өз туған жеріме, еліме би өнерін шарықтатпасам, несіне қазақ болып, кеудемді көкке көтермекпін. Міне, осындай арман – мақсатпен шыңдалған менің балалық қиялым, шынайы өміріме себепші болды.
Әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі.
Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Мен де осындай сатыдан өтіп келіп, алғаш еңбек жолын бастап, би өнеріне әр шәкіртіммен аянбай тер төгуімнің нәтижесінде, жақсылықтың біраз нышанын бағындырдық десе де болар.
«Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Міне осы тұрғыда би жанрындағы өзімнің кәсібімде «Ұлттық би өнерін сақтай отырып, әр жақты ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында әдістемелік шеберлігімді шыңдай отырып, жұмыстанып жүрмін. Қазіргі таңда Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ «Ай – Наз» би ансамблінің жетекшісі болып келемін. Ондағы негізгі мақсатым, ұлттық нақыштағы халық билері, балаларға арналған сюжеттік билер, жеке орындаушыларға арналған арнайы қойылатын жеке билер қоюмен шұғылданып келемін. Ансамбль репертуарында қазақ, орыс, татар, хорезм, ұйғыр т.б. билері де бар.
Жалпы би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу керек екенін үнемі басты назарда ұстаймын.
Осы орайда эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылатынын,оқыту жүйелігі – балалармен жұыс жасаудағы әдістердің түрлі формадағы қолданылуы – педагогикалық процесстегі маңызды компанент екенін ешқашан ұмытуға болмайды.
Сабақтың логикасы, оның мақсаттылығы мен жүйелігі, машықтық сабақтардың жүргізілуі, қойылым жұмыстарымен дайындық, би өнері туралы қысқаша түсінік – тұтастай алғанда, тек шығармашылық ықпал ету, мүмкіндігі мен қызығушылығын ескерту екенін үнемі шәкірттерімнің назарына салуды жөн санаймын. Сонымен қатар, би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы екенін тағы да есімізге алсақ, ол болашағымыздың салауатты өркендеуіне үлес болмақ.
Қорыта келгенде би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.
Сондай – ақ, «Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже» екенін ескерсек, адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер - оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.
Қорыта келгенде би өнері оқушының эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастыру, өз халқының төл рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, яғни ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты болары сөзсіз, дей келе еліміздің болашақ өркендері бимен шалықтап, қазақы дәстүріміздің бет көрінісі болсын, Мәңгілік еліміздің шар айнасына айналсын, еліміздің рухани жаңғыруы болашаққа шабыт берер рухани құндылық болсын дегім келеді.