Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ерім дейтін ел болсын

Тәрбие басы-тал бесіктен басталады. Тәрбиесіз берілген білімде негіз жоқ, деген халық даналығы. Меніңше, бесік тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Осылайша баланы жастайынан өз өміріне икемденіп, түзу жолда азамат және азаматша болып қалыптасуына ата-ананың жауапты екенін білеміз. Ата-ана балаға қандай тәлім-тәрбие берсе, бала соны қабылдап, өмірге сол бағыт бойынша қалыптасып,  өз орнын табады. Бірақ қазір де әке тәрбиеден гөрі жұмысқа бекем байланып, балаға уақыт таппай, жүретіндігі анық. Меніңше, әке тәрбиесін алмаған бала өмірде оң мен солды ажырата білмейтін, жауапкершілікті ұғынбай, қара жолды басатындығы айдан анық. «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» демекші, ер бала әкесінің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап еліктей бастайды. Әке мейірімін сезініп өскен жеткіншек ұрпақтың болашағыда жарқын болсын. Менің айтпағым, әке балаға көңіл бөлгені жөн. Бір сәтке жұмысын асырып, қойып, баламен ашық сөйлесіп игі істерімен, жеткен табыстарын мақтап, шалыс басқан жері болса түзетіп, дұрыс бағыт-бағдар берсе, үлкен ғанибет. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды», деген нақылдар, «Әке» мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып  тұр.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген ата-бабамыз ананың да әкенің де орнын айқындап ата-бабамыз ананың да, әкенің де орнын айқындап, шешендік сөздерін, нақылдарын қалдырған. Ана-бала бақытының бағбаны. Аналық парызын адал ақтаудың, біздің үлкен әжелеріміз, туған аналарымыз әсем үлгісін танытып өткен. Қазір де кең пейілді аналарымыз қаншама. Осы бір тәрбие көзін аналарымыз берік ұстап өз өнегесін бала бойына өрбітіп, қажетті көмегін беруі-жүзіңе қуаныш ұялатады. Дәл осы кезеңде, яғни, жиырма бірінші ғасырда мұндай отбасыға, бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Отбасыға, мемлекеттік қолдау қажет дүние. Бір сөзбен айтқанда, олардың түрлі қажеттіліктерін жасау. Мүмкін, сонда еліміздің біраз бөлігі, бала күтімімен мықтап айналысар. Баланың бұрыс бағытта кетуіне жол бермеу тиіс, оның үстіне қазіргі таңда адам шошырлық жағдайлар орын алып жатыр, осының барлығы үйдегі, тәрбиеге байланысты. Егерде халқымыз тәрбиемен айналыспаса, балаға жөнді көңіл бөлмесе, баланың бағыты түзу болуы мүмкін емес. Менің айтпағым, бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, мемлекеттік қолдау көрсету. Материялдық болсын, басқа да көмектер көрсеткен жөн.

Қазір де, яғни, ХХІ ғасыр әкеніңде, ананыңда жұмыс істеп, бала-шаға асыраймыз деп, жан-таласып жүретіні белгілі. Бұл орайда әке бала-шағаның асыраушысы, ал ана өз орнын білгені жөн, ол баланы үйде қадағалап, оларды киіндіріп, тамағын беріп, шаңырақты шуаққа бөлеп, үйде болуы тиіс. Ол үшін мемлекет тарапынан берілген қолдау қажет. Бәлкім, осы бір іс қолға алынса, еліміздегі отбасылар тәрбиемен айналысып, баланы жақсы бағытқа сүйреп, тәрбие мен білімді қатар үйретері хақ

«Не ексең, соны орасың»-деген халық даналығы. Бүгінгі жастар еліміздің жарқын болашағы. Білекке сенген заман артта қалды, заман білімдінікі. Көші ілгері кеткен елдерге жету үшін білім керек. Қалада, ауылдық жерлерде жастардың терең білім алуына үкімет тарапынан көмек болса. Небір талабы таудай талантты жастар қатары өте көп. Әттең тонның келтесі болып тұрғаны-ай!. Қала орталықтарындағы үйірмелерге қатысуына балалардың тұрмыстық жүдеулігі әсерін тигізіп тұр. Мен елімнің саналы азаматы ретінде, елімнің қарқындап дамуына айтар сыным жоқ. Бірақ, елдегі қалталы азаматтарға қарным ашиды. Жаратушы ием: «бір жақсылық жаса, он жақсылық қылып қайтарамын!»-деген. Көптің алғысын алғанға не жетсін?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер болмайды» жақсылықтың ауылы алыс болмағандығына сенемін!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама