- 11 сәу. 2018 00:00
- 222
Физикалық құбылыстарды тәжірибе арқылы бақылау. Сұйықтықтардағы электр тогын анықтау эксперименттері
Физикалық құбылысты бақылау-физиканы оқытудың ең негізгі әдісі. Мұнда оқушыларға қойылған проблема бойынша мұғалімнің жасаған тәжірибесін бақылап, ой тұжырымдауы тапсырылады. Тәжірибе орындалып болған соң, оқушылар алдына тәжірибеде пайдаланылған прибордың осы жердегі мақсаттық қолдануы; байқалған құбылысты айқындау; бұл құбылыстың себептері мен салдарлары; құбылыстың ерекшелігі секілді бірнеше проблемалар қойылады. Бұл жұмысты сабақтың кез-келген кезеңінде:
А) үй тапсырмасын тексергенде
Ә) білімді көкейтестілендіруде
Б) жаңа материалды түсіндіруде
В) материалды бекітуде
С) Лабораториялық эксперимент және практикум сабақтарында беріледі.
Оқушыларға осы бағытта берілетін тапсырмалар төмендегідей
Электролиз заңын тәжірибе арқылы тексерудің жолдарын көрсетіңдер
Электролиз кезінде бөлінетін зат массасының қандай шамаларға тәуелді болатынын негіздеңдер
Өткізгіш материалының кедергісі оның тегіне, ұзындығына, көлденең қимасының ауданына тәуелділігін анықтайтын эксперименттің жоспарын құрастырып, осы аталған шамалардың әрқайсысының кедергіге тәуелділігін түрлі шарттарда зерттеңдер. Эксперимент нәтижесін қорытындылап, керекті формулалармен есептеулер жүргізіңдер.
Физикалық есептерді шығаруда болжам ұсыну амалының қажеттілігі
а) оқушылар үшін зерттеліп отырған құбылыстың кейбір жақтары бұлыңғыр айқын емес болуынан;
б) оқушылар үнін есеп мазмұнында берілген физикалық құбылыспен байланысқа түсудің күрделілігі;
в) есеп мазмұнында осы физикалық құбылыс туралы ақпараттың аз болуы;
Тапсырма: «Металдардағы электр тогы бөлшектердің реттелген қозғалысын береді», «Зарядталған бөлшектердің реттеліп қозғалу құбылысын электр тогы деп атайды». Осы екі тұжырымның қайсысы анағұрлым жалпы болып саналады. Неліктен?
Оқушылар осы екі тұжырымды салыстырады, дұрысын таңдап алады. Олар физикалық ұғымның, заңдылықтың мағынасын түсіну үшін тек анықтама мен ережелерді жаттап алу жеткіліксіз болатынын түсінеді.
Екі электр зарядтарының ауадағы өзара әсерлесу күшінің олардың судағы әсерлесу күшінен көп екені белгілі. Осы фактіні мәңгі двигатель жасау үшін былау пайдалануға болатын сияқты: а және в нүктелерінде әртүрлі таңбадағы зарядтарды алып, оларды ауада бір-біріне жақындастыра отырып, біруақытта суға батыру керек. Су астында олардың арасын алыстатып, одан соң ауаға бастапқы қалпында шығару керек. Процесс ары қарай осылай қайталана береді. Ауадағы электрлік әсерлесу күшінің судағыға қарағанда көп болуына байланысты, шарлардың арасын жақындату үшін істелінетін жұмыс олардың арасын алыстату үшін істелінетін жұмыстан артығырақ болады. Осында қандай қате болады?
Оқушылардың талдауы келесідей. Есеп шартында берілген талдаулардың қателігі тағайындалады. Зарядтарды суға батырғанда және одан шығарғанда істелінетін жұмыс ескерілмейді. Су-ауа шекарасында пайда болатын поляризацияланған зарядтардың пайда болатыны негізделеді. Мұнда зарядтардың ажыратулуы мен жақындатуларына қарай өзгеретін жұмыс шамалары салыстырылады. Ажыратылған зарядтардың вертикаль орналасуында істелінетін жұмыс көбірек, ал цикл бойынша істелінетін жұмыс нөлге тең болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстанның жоғарғы мектебі №2(1) 2016 ж.
2. Н.В Коровина. \курс общей химии. Высш. Шк., 1991. 378-380с. Мектеп, 1997ж