Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғылымға бетбұрыс

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық қнер акалемтясында ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Жас  эғалымдар мен студенттер арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттауға бағытталды.

Аталған жиын «Қазіргі жаһандық әлем: рухани жаңғыру және ұлттық болмысты сақтау мәселелері» конференциясы Т.Жүргеновтың  120 жылдық мерейтойына арналып отыр.  Конференцияның негізгі мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмысы жоғары деңгейдегі мамандар даярлаудың сапасын арттыратын құрал болып табылады және тәжірибелік өмірде ғылым мен мәдениет жетістіктерін шығармашылық тұрғыдан қолдана алып, қоғамның даму жағдайына тез бейімделелуге шыңдайды.  

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының басты мақсаты білім алушылардың шығармашылық қызметін белсенді ету, жастарды ғылымға, зерттеушілік жұмыстарға тарту ісін жетілдіру, білім беру мен тәрбие ісінің біртектілігі мен кәсіби білімнің сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, оқытушылар мен білім алуышыларда зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру. Конференцияға   Лазар Университеті (Польша), Хангук шетел тілдері университеті (Оңтүстік Корея), Экономиканың жоғары мектебі ұлттық зерттеу университеті (Санкт-Петербург), Әлем экономикасы және дипломатиясы университеті (Ташкент), Белоруссия мемлекеттік университеттерінен  (Минск)   келген  студенттер мен жас ғалымдар қатысты. 

Жиында Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи мәселелері, патриоттық тәрбие, халықтың тарихи-мәдени мұраларын сақтау мәселелері, рухани жаңғыру мен Қазақстан халқы дәстүрлі мәдениеттеріне байланысты сұрақтар қарастырылған. Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелер: жастар мәселелері, білім, мәдениет және өнер туралы нақты тұжырымды ойлар мен терең ғылыми зерттеулерін көпшіліктің назарына ұсынды. Солардың бірқатары Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА  студенті Ұзақ Әсеттің мазмұнды баяндамасында:  «осы Жолдауда Елбасы ұлттық интеллигенцияның рөліне ерекше тоқталды. Қазақстан халқының бағыт алып, бой түзеуге тиіс заманның жаңа қаһармандарын танымал ету қажеттілігі баян болды», - деп айрықша тоқталды.  

Ұлттық болмысты сақтауға бағытталған шаралардың елімізді жаңа белестерге бастайтыны айдай ақиқат. Осы тұрғысынан келгенде рухани жаңғыру идеясының тарихи маңызы өте жоғары. Елбасы бастамасының болашақ ұрпақ алдындағы салмағы мен жауапкершілігі мол. Сондықтан бүгінгі біздер осы идеяны жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етіп, нақты әрекет етуді кезек күттірмес мәселе деп қабылдауымыз керек.

Бүгінгі жас ғалымдардың басын қосып, ортақ мүдде біріктірген конференция соның айқын дәлелі болып табылады. Сәтті шешімдері арқылы мемлекеттің баяндылығын қамтамасыз ете алатын әрі білім мен қоғамдық келісім, толеранттылық үстемдік еткен замануи қоғамды қалыптастыру. Сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы жолдауында: «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді» деп атап өткен болатын. Жалпы конференция аясындағы әңгіменің негізгі ауаны осындай өзекті мәселелерге бағытталды.  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама