Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғаламшарлар

Меркурий: Күнге ең жақын ғаламшар. Маринер 10 және Мессенжер ғарыш аппараттары бұл ғаламшар туралы өте ауқымды деректер жіберген. Беткі бөлігі толығымен кратер ойықтарымен қапталғандығы жағынан айды еске салады.

Шолпан: Ғасырлар бойы астрономдардың назарын тартқан ғаламшар. Таңертеңгісін және кешке көкте жарқырайтын бұл жұлдыз көптеген адамдардың шабыт көзі болған. Көмірқышқыл газынан тұратын өте тығыз атмосфераға ие. Бетінен 10000 метрге дейін жететін таулары мен өте терең ойлықтары, жазықтары анықталған.

Марс: Қызыл ғаламшар марстан Маринер 4 және 7 аппараттары өте анық суреттер жіберген. Ғаламшарда 25 км биіктіктегі жанартаулар, өте терең құздар және құрғап кеткен өзен орындары бар, тіршілігі жоқ тас пен тозаңдар мекені.

Юпитер: Ғаламшарлардың патшасы деп те білінетін Юпитер күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ең үлкені. Күн секілді толығымен су тегі және гелийден құралған.

Сатурн: Бұл ғаламшардың айналасындағы сақиналары астрономдардың қызығушылығын тартқан. Кең жазықтарында өте үлкен көлемде өзендер болғандығы, алайда бұл сұйықтықтың су емес сұйық метан болғандығы анықталған.

Нептун: Вояджер 2, 1989 жылы тамыз айында Күн жүйесіндегі соңғы үлкен ғаламшарға жетті. Бетінің суықтығы -236 цельсий градусымен жүйеде өлшенген ең төменгі көрсеткіш.

Плутон: Ең кішкентай ғаламшар. Амосферасы Азот және Метаннан құралған. Беткі қабаты да тоңған Метан мен Азотпен қаптаулы.

Уран: Уран да Юпитермен Сатурн секілді үлкен ғаламшар. Сатурн секілді мұның да сақиналары бар. Атмосферасы сутегі және гелийден тұрады. 1986 ж қаңтар айында Вояджер 2 ғарыш аппараты 8 жылға созылған сапардан кейін бұл ғаламшарға 107000 км-ге жақындай алған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама