Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Honda маркасының тарихы

Honda Motor Company корпорациясы, жеңіл автокөліктерді, үш доңғалақты көлік құралдары мен мотоциклдерді, сонымен қатар түрлі типтегі қозғалтқыштарды құрастырып шығару мен сатуға маманданған, 1946 жылы жапон автошабандозы, сонымен қатар тамаша механик Соичиро Хонда негізін қаланған. 

Ал, барлығы 1928 жылы жас әрі келешегі зор Хонда Хамамацу қаласында жөндеу шеберханасын ашқан кезден басталды. Ол бірден іске асырғаны үшін қызығарлық жүйелілікпен патенттер алған, данышпандық ұсыныстарымен аты шыға бастады.Сондай ұсыныстарының бірі дөңгелектердегі ағаш шабақтарды темірге ауыстыру болды. 1937 жылы Хонда Tokai Seiki Heavy Industry компаниясының негізін қалады, ол поршенді доңғалақ ойлап тапқаннан кейін, соларды шығарумен және сатумен айналысты.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Соичиро жартылай құлаған Tokai Seiki өндірістік қуатын 450 мың йенге сатып жіберді де, ол іс жүзінде бірден жаңа идея ойлап тапты. Құрастырушы өзіне және достарына арнап, өз қолымен он шақты мопед құрастырып шығарды, содан кейін Хонда өндірісті «конвейерге» қоюға шешім қабылдады. Осылайша Хонданың Технологиялық Зерттеу Институтының негізі қаланды, олар есептен шығарылған қозғалтқыштарды сатып алып, оларды жөндеп, велосипедтерге орнатқан, сөйтіп жапон ауылдары тұрғындарын көлікпен қамтамасыз етумен айналысқан. 

Ал 1948 жылы кәсіпорын басшылары жекеменшік күш агрегатын өндіруге көшуге шешім қабылданғаннан кейін, кәсіпорын атауы Honda Motor Company болып өзгертілді. Қайта құрылымданған компанияның вице-президенті Такео Фуджтсава, ал оның бас құрастырушысы, А типті қозғалтқыштар жасаумен айналысқан – Киоши Кавашима болды.

Тіптен, 1949 жылы көлемі 98 см3 болатын қозғалтқышпен жабдықталған алғашқы мотоциклдер шығарылды. Ол Dream Type D атауына ие болады. 1950 жылы компанияның коммерциялық қызметі Хамамацудан Токио қаласына көшірілді, мұнда компанияның филиалы ашылып, ол өнімдерді сатумен айналысты. Сонымен қатар, компания сатып алған тігін фабрикасының орнында Токио қаласындағы ірі зауыттардың бірі бой көтерді, мұнда Dream Type D мотоциклін жаппай шығара бастады. Дегенмен, 1951 жылы оларды шығару жұмысы тоқтатылып, алғашқы модельді Dream Type Е мотоциклі ауыстырды. Оның көлемі 146 см3 болатын 4-тактілі қозғалтқышы 72 км/сағ-қа дейін қозғалуға мүмкіндік берді.

Honda Dream Type D

Келесі жыл бас кеңсенің Токиоға көшуімен және Сайтамда зауыт құрылысының жүргізілуімен есте қалды. 1953 жылы тағы да екі фабриканың құрылысы салынды, ал 1954 жылы Honda Motor Company акцялары биржалық саудаға қатыса бастады. Осы жылдары компания әзірлеушілері жұртшылыққа көптеген жаңа жобалар ұсынды, олардың ішінде ең табысты болғаны Juno K-Type скутері болды, компанияда оны америкаға экспорттау басталды. 50-жылдардың екінші жартысы Хонда үшін спорттық бағытта табысты болды. Корпорацияның көлемі 250, 350 және 500 см3 болатын қозғалтқыштармен жабдықталған жаңа әзірленімдері әлемнің әр түкпірінде бірінің артынан бірі түрлі жарыстарда жеңіп шыға бастады. Мотоциклдердің ішіндегі барынша табысты модельдері Honda Dream SB-type және Honda Super Cub болды.

Дәл осы 50-жылдардың екінші жартысында Honda жапоняның үш доңғалақты көлік құралдарын шығару және сату нарығын басқарды. Он жылдықтың жетістігі 1959 жылы компанияның America Honda Motor атауымен америкалық бөлімшесінің ашылуымен толықты. Содан кейін Хонда мотоцикл шығару мен сату саласында жапон нарығының ғана емес, сонымен бірге әлемдік нарықтың көшбасшысы болды. Сол кездерде шетелдік өкілдіктер құруға белсене кірісу басталды. 1961 жылдан 1969 жылға дейінгі кезеңде Германияда, Бельгияда, Францияда, Ұлыбританияда, Австралия мен Канадада пайда болды. 

Жаңа онжылдықтың басы Honda Super Cub компаниясының жетістіктерін жалғастырды. 1963 жылдың өзінде-ақ компания мотоциклдің осы модельінің 900 000-нан астамын сатуға қол жеткізді, бір айда 100 000 дана мотоцикл сату ең жоғарғы көрсеткіш болды. Дәл сол 1963 жыл Хонда үшін автомобиль шығаруға маманданып жүрген компания ретінде дебюттік жыл болды: алғашында кішігірім Т360 фургоны, содан кейін сағатына 145 км жылдамдықпен жүре алатын спорттық үлгідегі S500 көпшілікке ұсынылды.

Honda s500

Алайда бұл тек бастамасы болатын! Honda Motor Company 1964 жылы RA271 шасси негізінде құрастырылған машинамен бірге Формула-1-де сынға түсті. Бұл автокөлік арнайы корольдік жарыстарға арналып арнайы жасалған 1,5-литрлік 12 цилиндрлік V-түріндегі қозғалтқышпен жабдықталған болатын. Ал келесі кезеңде команда Бельгияда қол жеткізген өзінің алғашқы ұпайларын ала бастады, содан кейін Мексикада алғашқы жеңіске қол жеткізді. Алайда 1968 жылы Франция бас жүлдесі үшін үйіндегі өткізген жарыс кезінде жарысқа түсуші Жо Шлессердің өлімінен кейін Хонданың «формулалық» карьерасы тоқтады.

Сол уақыттарға дейін компанияның модельдік қатары елеулі түрде жаңарды. Автомобильдердің шағын Honda N360, спорттық Honda S600, сонымен қатар оның ізін басушы, бірден бірнеше түрленімі шығарылған Honda S800 модельдері жарыққа шығып үлгерді. Айта кететін болсақ, кейіннен атақты модельге айналған 800-ші модельді экспорттау ісі бірден басталып кетті. Хонда өкілдіктері мотоциклдер туралы да ұмытқан жоқ. Сонымен қатар 70-жылдардың басында сатылым хитіне айналған Honda Dream CB-750 Four моделі ұсынылды. Өз кезегінде 60-жылдар барлық санатты жарыстарда Honda мотоциклдерінің жаппай жеңісімен есте қалды. Бұл нағыз әлемдік экспансия болатын! 

Егер 1971 жылы компания, экологияның барлық талаптарына сәйкес келетін Compound Vortex Controlled Combustion (CVCC) двигательдерімен жұмыс істесе, 1972 жыл Honda корпорациясының қазіргі мәртебесінің жаршысы болды. Компания қуаттылығы 50 ат күшіне тең 1,2 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған Civic атты жаңа автомобильін жасап шығарды және ұсынды. Машина 100 км-ге 45 литр жұмсай отырып, сағатына 145 км-ге дейінгі жылдамдықпен жүре алатын. 1975 жылы осы модель АҚШ-та жыл автомобилі деп танылды. 

Honda Civic

1973 жыл Соичиро Хонда дәуіріне нүкте қойды. Сол сәттерде 67 жасқа толған компанияның негізін қалаушы, өзімен бірге Такео Фуджисаваны бірге алып, орнын босатты. Алайда екеуі де, өздерінің бірлесе күш салуы арқасында жетістіктерге жеткен корпорация өміріне араласуын жалғастырды. Кийоши Кавасима жаңа президент болып тағайындалып, компанияны келесі он жыл бойы басқарды.

1974 жылғы мұнай дағдарысына қарамастан, Хонда өнімдерінің бағасын төмендету және өндіріс көлемін ұлғайту есебінен, сатылымды 76%-ға арттырды. Ал құрастырушылары модельдер қатарын ұлғайтуды жалғастырды.

Осылайша 1976 жылы хэтчбек шанағында ұсынылған, аңызға айналған Accord таныстырылды. Келесі жылы 1,6 литрлік қозғалтқыш орнатылған седан сынға түсті. Алайда 1978 жылы қозғалтқыш көлемі 1,8 литрге ұлғайтылды. Бұл модель түрлі нұсқалар бойынша үздік жыл автомобилі ретінде көптеген номинацияларды жеңіп алды. 1980 жылы оның миллионыншы данасы шығарылды. Айта кететін болсақ, миллионыншы Civic конвейерден 1976 жылы шықса, 1978 жылы компанияны жаңа мерейтойлар күтіп тұрды: жазда 30 миллионыншы мотоцикл жасап шығарылса, күзде 5 миллионыншы Honda маркалы автомобиль шығарылды. Civic және Accord модельдерін жетілдіру жалғастырылып жатқан уақыттарда, компания модельдік қатарын жаңартуды да ұмытқан жоқ.

Honda Accord

Осылайша 1978 жылы Prelude моделі ұсынылды. Алайда көп кешікпей көптеген мамандар ол туралы ұмытып кетті, өйткені 80-жылдардың басы Хонданың ірі жапон автомобиль өндірушілерінің үштігіне кіргендігімен есте қалды. Сонымен қатар, Формула-1 командасы үшін ұсынылған компания моторлары тұрақты түрде үлкен немесе кішігірім жеңістерге жете бастады. Сондай-ақ 1982 жылы Honda XL500R мотоциклі Париж-Дакар раллиін жеңіп алды. Сол жылы Кийоши Кавасима жұмыстан босатылып, оның президенттік орнын Тадаши Куме ауыстырды.

Спорттық жетістіктерін жалғастыра отырып, Williams болидтары 1983 жылдан 1987 жылға дейін Honda қозғалтқыштарымен жабдықталғанын айта кету керек. Дәл сол 1987 жылы Нельсон Пике чемпионат жеңімпазы атанып, оның командасы – құрастырушылар кубогын жеңіп алған болатын. 1988 жылдан 1992 жылға дейін компания McLaren командасына қозғалтқыштар жеткізіп отырды, олар осы жылдар ішінде құрастырушылар кубогін төр мәрте жеңіп алды. Сол уақыттарда команда ұшқыштары аттары аңызға айналған Ален Прост, Айртон Сенна және Герхард Бергер болды.

1985 жылы седан шанағында шығарылған Honda Legend автомобильдерінің алғашқы буыны сынға түсті, оларға қазіргі күні премуим классының барынша беделді машианаларының бірі болып саналады. 80-жылдардың соңы да алдыңғы он жылдықтың соңындағыдай жетістіктерге толы болды. Жеңістер мен марапаттар бірінің артынан бірі орын алды, олармен бірге сатылымдар да жүріп жатты. 

1990 жылы Honda Legend автомобильдерінің екінші буыны шығарылды, 1991 жылы Honda Prelude жаңартылды. Сол жылы компанияның негізін қалаушы 85-жастағы Соичиро Хонда көз жұмды. Одан кейінгі бірнеше жыл Хонданың бұрыннан белгілі модельдерінің жаңа нұсқаларын таныстырумен есте қалды, алайда 1996 жылы Honda CR-V атауын алған, мүлде жаңа универсал сынға түсті. Жаңа модель бірден табысты модельге айналды. Алайда 1998 жылы Honda HR-V бұл автомобильмен бәсекеге түсті. Бірінші кезеңде 3-есікті кроссовер көлемі 1,6 литр, қуаттылығы 105 ат күшіне тең болатын қозғалтқышпен жабдықталды. Бірақ HR-V өндірісі 2006 жылы тоқтатылса, CR-V моделі осы күнге дейін зор табыспен шығарылып келеді. 

Honda Legend

1999 жылы компания гибрдтік қозғалтқышымен ерекшеленетін жаңа Honda Insight автомобилінің шығарылғандығы туралы жариялады. Алғашқы буынының шығарылымы 2006 жылға дейін созылды, ал 2008 жылы Парижде болған көрмеде, қазіргі күні ірі автомобиль жасаушылар өндірген басқа да «гибридомобильдермен» бәсекеге түсе алатын, машинаның жаңа нұсқасы таныстырылды.

ХХІ ғасырдағы нұсқаларының жаңаларының ішінен, 2003 жылы таныстырылған және қазіргі күні АҚШ-та үлкен сұранысқа ие болып жүрген, жолсыз жерлермен жүретін Honda Element автомобиліне айрықша назар аударуға болады. Сонымен қатар, компания жаңа жүзжылдықта өз назарын тоғыстырған жаңартулар топтамасын атап өтуге болады. Accord, Civic, CR-V автомобильдерінің жаңа нұсқалары шығарылуда, басқа да модельдермен жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылғы Honda Civic 5D жаңа автомобилін айрықша атап өткіміз келеді, оны мамандар бірден болашаққа жолбастар деп атаған.

Қазіргі таңда Honda Motor Company концерні бүкіл әлем бойынша 120-дан астам кәсіпорынға иелік етеді және жылына кем дегенде 20 млн. авто мен мотоцикл сатады. Сонымен бірге сатылған машиналарының саны жылына 5 млн. автомобильге дейін сату мөлшеріне де барынша жақындап келеді.

Компания президенті қызметіне 2004 жылы Такео Фукуя тағайындалғаннан кейін корпорацияның өсу қарқыны тағы да артты. Өндіріс көлемі ғана емес, сатылым саны да, табыс көлемі де ұлғайды. Қазіргі күні компания зауыттарында шамамен 150 000 адам жұмыс істейді, Honda Motor Company жылдық таза табысы 5 млрд. доллардан артық соманы құрайды.

Оқуға кеңес береміз:

Коносуке Мацуситаның өмірі мен жетістікке жету тарихы

Неміс дәріханасынан әлемдік косметика империясына дейін: Schwarzkopf тарихы

Honda маркасының тарихы

Үрей патшасы – Альфред Хичкок

Наполеон Бонапарт бүкіл Еуропа императоры

Балық аулауға деген қызығушылық HARLEY-DAVIDSON компаниясын құруға себеп болған

Джек Ма: Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Азияның ең бай адамдарының бірі Джек Маның жетістікке жету тарихы

Әлемдегі ең жаны сірі актер — Джеки Чанның өмірі мен тағдыры

Илон Маск деген кім және әлемнің өзгеруіне қандай ықпалы бар?

Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ

Уоррен Баффетт: табысты инвестор

Миллиардер атанған 5 бейбақ

Динамиттің атасы: Нобель

Томас Эдисон: 19 ғасырдың талантты бизнесмені

Samsung компаниясының тарихы: Корея техникасы

30 жастағы миллионер Сэм Альтманнан кеңестер

Махмұд Ғазнауи

Стивен Возняк


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама