Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Жастар жылы - 2019. Ел сенімі – жастар. Дебат пікірталас
10 сынып
Ел сенімі – жастар
Дебат пікірталас (ой - бөліс сайыс сағаты)

Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан - жақты қарап, ойланып - толғануға көмектесу;
- Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
- Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;
- Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Түрі: Дебат (пікірсайыс)
Әдісі: Сұрақ - жауап, ситуация туғызу, нақты дәлелдер келтіру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет)

Өту барысы (Қ. Мұрзалинаның сөзі):
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай - ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес, ол ел болашағы. Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес. Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі. Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып, бала - шағаларын асырап, елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс. Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес, мен еліме, жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс. Сонда біз өркендейміз.
Әділ - қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:

Әділ - қазылар мүшелері:
1. Тәрбе - ісі жөніндегі орынбасары:
2. Бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары:
Бұл пікірталасқа 10а, ә сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.
Жақтаушы тобы
Қарары: «Жас Отан» жастар қанатының сьезі – барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға.
Топ мүшелері:
1. Арай
2. Айгерім
3. Мөлдір
Даттаушы тобы
1. Жанар
2. Ақнұр
3. Олжас
Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:
1. Дебат ережесін сақтау
2. Тақырыптан ауытқымау.
3. Сөйлеу шеберлігі
4. Жоғары мәдениеттілік
5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы
Пікірталас ойын шарттары
1. Әр топ өзін таныстыру.
2. Екі топ өз ойларын ортаға салады
3. Регламент сақтау
4. Екі топ өзара сұрақ алмасады
5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
Тақырыпқа байланысты бейне сюжетке назар аударамыз.
Енді сөз кезегін оқушыларға берсек:
Жақтаушы тобы 1 - оқушы: Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже - ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,- деп қасық қандары қалғанша ар - намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.

Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.
Даттаушы жақ мүшесінен сұрақ: «Нұр Отан ХДП Төрағасы кім?» (Нұрсұлтан Назарбаев)

2 - оқушы: Жастарсыз - болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.

Бүгінгі жас - ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы - жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Өмірдің өзі де осылай емес пе, біреу келеді, біреу кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып отырады. Ата - бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт - дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.

Өткізген: Қ. Мұрзалина
Ел сенімі – жастар. Дебат пікірталас жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама