Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жәй және құрама сандар
Ұзақ мерзімді
жоспардың тарауы:
5. 1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
Күні: _______
Сыныбы: 5 
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы маңғыстау гуманитарлық колледжі
Машықкердің аты - жөні: Абжетова Улбосын Маратовна
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:Жай және құрама сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары:
5. 1. 1. 6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
Ойланудың деңгейлері:Білу, түсіну, қолдану
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушы:
Натурал санның бөлгіштерін таба алады, бөлгіштерінің санын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Натурал сандардың бөлгіштеріне қарай жай немесе құрама екенін анықтайды, жай сандар кестесін пайдаланып тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар:
Жай сандардың ішінен егіз сандарды таба алады, құрама сандардың ішінде кемел сандардың болатынын түсінеді және оны табу үшін ізденеді, берілген цифрларды пайдаланып жай немесе құрама сандарды құрастырады, санның құрама екендігін дәлелдейді.
Бағалау критерийі– Натурал санның бөлгіштерін біледі;
– Берілген сандар қатарынан жай және құрама сандарды көрсетеді;
– Натурал санның бөлгіштерінің саны бойынша жіктейді;
– Жай саннан да, құрама саннан да басқа тек 1 бөлгіші бар сан бар екенін біледі;
– Егіз сандарды таниды және дәлелдейді;
– Жай және құрама сандармен орындалатын арифметикалық амалдар нәтижелерін қорытындылай алады.
Тілдік мақсаттар:Оқушылар натурал санның бөлгіштерін айта алады, жай және құрама сандар анықтамасын тұжырымдайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Натурал санның бөлгіштері, жай сан, құрама сан, егіз жай сандар, кемел сандар, Эротосфен елегі.
Диалог/жазылымға қажетті тіркестер:
  • Натурал сан жай деп аталады, егер...
  • Натурал сан құрама сан деп аталады, егер...
  • 1 саны жай немесе құрама сан бола ма?
  • Айырмасы 2 - ге тең болатын екі жай санды егіз сандар деп атаймыз.
  • Натурал сандарды бөлгіштеріне қарай қандай топтарға бөлеміз?
Құндылықтарға баулу:«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»
АКТ - ны қолдану дағдылары:Интернет ресурстарын қолдану, www. bilimland. kzмүмкіндіктерін пайдалану.
Пәнаралық байланыс: Логика, география, т. б


Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басы
7 мин.
7 мин
10 мин
7 мин
5 мин
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу.
5 «Т» ережесін қайталау.
Оқушылар жыл мезгілдеріне тиісті заттарды таңдау арқылы 4 топқа бірігеді және топ басшысы сайланады.
І топ: «Қыс» - мамық қарлар
ІІ топ: «Көктем» - гүлдер
ІІІ топ: «Жаз» - жемістер
IV топ: «Күз» - сары жапырақтар
Әр топқа картоннан жасалған тәждер беріледі.
Бағалау: Есепті дұрыс шығарған оқушылар өз тобына қатысты, яғни түрлі суреттер арқылы бағаланатын болады. Оларды топқа берілген тәжге сәндеп жалғайтын болады.
II. Өткенге шолу сұрақтары.
«Кітаптар сөйлейді» әдісі
Шарты: Тақтаға әртүрлі пәнге арналған кітаптардың суреттері ілінеді. Соларды әрбір топ кезекпен таңдай отырып, өткен сұрақтарға жауап беретін болады.
Дұрыс жауап бергендер бағаланады.
Жаратылыстану: Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
Жауабы: 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Қазақ әдебиеті: Құрама сандар деп қандай сандар деп атайды?
Жауабы: Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Математика: 1 саны қандай сан?
Жауабы: 1 саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.
Информатика: Ең кіші жай санды ата.
Жауабы: ең кіші жай сан – 2 саны.
Қазақстан тарихы: Егіз сандар дегеніміз қандай сандар?
Жауабы: Айырмасы 2 - ге тең екі жай санды егіз сандар деп атаймыз.
Қазақ тілі: 8 саны қандай сан және оның бөлгіштерін ата.
Жауабы: 8 саны – құрама сан, бөлгіштері – 1, 2, 4, 8.
III. «Ертегілер елінде» әдісі
Шарты: Тақтаға «Ақшақар ертегісінің басты кейіпкерлерінің суреттері ілінеді. Әр топ кезекпен сол кейіпкерлерді таңдай отырып, жасырынған есептерді шығарып, бағаланатын болады.»
1. Құрама сандарды теріп жаз: 13, 21, 37, 42, 71, 137, 240, 593, 991, 263, 186, 204, 510. Сандарды өсу ретімен орналастыр.
Жауабы: 21, 42, 186, 204, 240, 510.
2. Құрама сандарды теріп жаз: 13, 21, 37, 42, 71, 137, 240, 593, 991, 263, 186, 204, 510. Сандарды кему ретімен орналастыр.
Жауабы: 510, 240, 204, 186, 42, 21.
3. Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жаз.
11*2 = 22
7*5 = 35
11*7 = 77
4. Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жаз.
13*5 = 65
23*3 = 69
19*5 = 95
5. Екі жай санның қосындысы түрінде жаз.
5+5 = 10
7 +5 = 12
11 + 7 =18
6. Екі жай санның қосындысы түрінде жаз.
13 + 11 =24
19 + 11 =30
23 + 19 = 42
7. 1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28 және 37 сандарынан екі ғана бөлгіші бар сандарды теріп жаз.
Жауабы: 3, 7, 23, 37.
8. 1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28 және 37 сандарынан екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жаз.
Жауабы: 6, 9, 15, 28.
IV. Сергіту сәті.
«Миыңды жаттықтыр» әдісі
Шарты: Оқушыларға логикалық жеңіл тапсырмалар беріледі. Оны уақытында тез әрі дұрыс орындаған алғашқы топ бағаланып отырады.
V. «Қатесін тап» әдісі
Шарты: Оқушылар төменде берілген кестедегі жай және құрама сандардың қатарына жатпайтын бұрыс жауаптың астын сызып нақтылап көрсететін болады.
Жай сандар1, 2, 3, 5, 7, 8, 11, 22, 30, 41
Құрама сандар2, 18, 19, 21, 23, 30, 42, 49, 101.
Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар
Түрлі түсті бағалау суреттері
Ертегі кейіпкерлерінің суретттері
www. bilimland. kz
Оқулықтағы есептер.
А4 форматтағы суретті тапсырмалар
Таратпа қағаздар, кестелер
Сабақтың соңы
1. мин.
Үйге тапсырма: №196 есеп ( 80 бет)
Марапаттау:
Оқышыларды өз топтарындағы тәжде жинақталған суреттердің саннын анықтай отырып, ең көп ұпай жинаған топты, сол топ атауымен топ басшысына тәжді кигізіп марапаттайтын боламын. Мысалы, 1 - орынды «Күз» тобы иеленсе, Күз патшалығының жеңісі тәрізді мадақтау болады.
Кері байланыс:
«Ашық микрафон» әдісі

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама