Көне философиядағы адам мәселесі
Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы тетелес. Ең алдымен «адам деген не?» - деген сұраққа жауап берейікші.
Милет мектебінің философтарына адам туралы ойларынан бастайық. Осы мектептің көрнекті өкілдерінің бірі Фалес. Оның басты идеясына келетін болсақ, барлық дене судан жаралған. Яғни адамда судан жаралған. Ойлап, салыстырмалы түрде көз жүгіртсек ондай ой түйерлік идеяларды діни тұрғыдан да байқай аламыз. Адам бір тамшы судан жараттық деген ұқсас жолдар қасиетті Құран, Інжіл беттерінен көре аламыз. Екінші жағынан Дарвиннің эволюциялық теориясында да бар. Яғни жануарлардың барлығы судан шыққандығы. Фалестің бұл идеясын адамға қолданатын болсақ, белгілі бір шарттарда қателеспейміз. Анаксимандр ше? Ол не дейді? Оның басты идеясы апейрон. Яғни шексіздік ұғымы. Адам шексіз бе? Ойлансақ, белгілі бір ұғым оны да қолдана аламыз. Адамның жаны туралы ой тастасақ жан шексіз ал тән уақытша. Ондай идея атап кеткен қасиетті кітаптарда да тағы кездеседі. Одан бөлек үнді дінінде де, философиясында да осыған ұқсас ойлар бар. Ол жерде сансара, карма сияқты терминдермен ұштастыра аламыз. Анаксимандр идеясын адам жанынның шексіз өлмейді деп қарастыра аламыз. Милет мектебінің тағы бір Гераклиттің негізгі идеяларының бірі «қарама-қайшылық бар жерде тепе-теңдік орнайды». Бірақ әлем жаратылыуының бастамасы «от» деп қарастырған. Әлемді от та, құдай да жаратпаған деп негіз жасайды. Гераклит от деп нені түсінген? От материя ретінде жарық көзі, нұр. Ал нұр сыйлау қасиеті тек жақсыға тән қасиеттердің бірі. Ендеше діни сабақтастық бар ма? Келтіре аламыз, бірақ Гераклит әлемді құдай жаратпады деп ой толғатқандығын көріп отырмыз. Жақсы, діни жағынан кейінге қалдырайық. Қарама-қайшылық жүйесін, шығыстық инь-яндық жүйемен салыстыратын болсақ, яғни әлем ақ пен қарадан жаралғандығы туралы. Осы идеяларды адамға қолданатын болсақ, адам табиғаты бойынша жаман да емес, жақсы да емес. Бірақ істеген әрекеттерімен салыстырсақ, адам не жаман не жақсы жолға түседі. Адам 100% жаман бола алмайды және дәл солай жақсы бола алмайды. Осы ақ пен қараның қатынастарынан адам әр уақытта даму үстінде, ал дамитын адам әлемде аттарымен қалады. Осындай қара-қайшылықтыңдың күресін Гераклит үндестік ретінде қарастырады. Бірақ, мұндай үндестік көрінбейді, айқын емес, онысымен де ол өте күшті және әлемдегі барлық денелерге тән. Осындай үндестікте жамандық ұсөынсыздық сияқты келеңсіз құбылыстар тұрақсыз келеді де, жақсылық көркемдік сияқты абсолютті құбылыстармен араласып, жойылып кетеді. Оларды адамға көру мүмкін емес, оларды көрі тек құдайға тән.
Осыдан келіп Гераклит адамдар логоспен күнде кездесіп жатса да, оны танып біле алмайдыдеген қорытындыға келе аламыз. Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын мәнінде олардың тең еместігін мойындайды. Олардың теңсіздігі – талғам –мүдделерінің әртүрлілігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен өмір сүрмейді, өз түсінігімен өмір сүреді. Ондай адамдар өз ынтызарлығының билігінде болады. Бірақ олар бір нәрсені түсінбейді. Мысалы, олардың барлық тілектері орындалса да, жағдайлары соншалықты жақсармас еді. Жалпы, адам мемлекеттік құрылымының да, табиғаттың да негізін қалайтын логос заңына мойынсұну арқасында өз жанын тышныққа бөлеп, айқындайды, сөйтіп, бақытқа кенеледі.
Сократ қоғамдағы жақсылық пен жамандықтың жай-күйі туралы ой қозғады, адамдардың ізгілікті өмірін жақтады, олардың арасында әділ қатынастар орнатуды жақтады, адамгершілік мінез-құлық идеяларын қорғап, жеке тұлғаның жан-жақты даму қажеттілігі туралы ойларын айтты. Ол адам және оның жаны туралы білім сол сияқты философиялық білімнің негізі деп есептеді. Демек, Сократтың ілімі бойынша білімнің мақсаты ең алдымен өзін-өзі тану болып табылады.
Сократтың көзқарастары ежелгі грек объективтік идеализмінің негізін қалаушы Платонның ілімдерінде одан әрі дамыды. Оның ілімі бойынша, адамдарды құдайлық жаратқан, ал соңғыларын - демиурге жаратқан. Құдайлар демиюрден жанның өлмес шығу тегін алып, оны өлетін денеге қамады. Олар онда әртүрлі құбылмалы күйлерді, соның ішінде рахат пен азапты, батылдық пен қорқынышты, ашуланшақтық пен үмітті қойды. Олар мұның бәрін негізсіз сенсациялармен және махаббатпен араластырды. Жанның әмбебап түрі осылай шықты. Содан кейін құдайлар адам ағзасын ас қорыту, тыныс алу, қан айналымын және т.с.с сыйлаумен жаратқан, сонымен бірге олар адам өмірінің кезеңдерін: балалық шақ, жасөспірім, жетілу, кәрілік және ақыр соңында өлімді алдын-ала анықтаған. Осылайша, Платон бойынша адам пайда болды.
Объективті идеалист Платон материяға қарағанда идеяның онтологиялық және космологиялық басымдығы туралы тезисті қорғады. Осыған сәйкес, адамның құдайдан пайда болуын ол әмбебап «әлемдік жан» деп аталуымен байланыстырды. Адамның жеке жаны қандай-да бір түрде ғана «әлемдік жанның» актерлік құрамы болып табылады. Платонның түсінігі бойынша құдайлар тірі идеялардан басқа ештеңе болмағандықтан, сәйкесінше, адамдар идеялардың құдайлық материалдануы ретінде әрекет етеді.
Адамның жеке жанын Платон адам мен қоғам арасындағы байланысты түсіну тұрғысынан қарастырды. Оның ойынша, адам баласы өз қажеттіліктерін жалғыз өзі қанағаттандыра алмайды. Адамдар бірге өмір сүріп, бірге жұмыс жасауы керек. Платон «Мемлекет» эссесінде: «Біздің әрқайсысымыз өзімізді қанағаттандыра алмаймыз, бірақ бәрібір көп нәрсеге мұқтажбыз», - деп жазды. Демек, адамға қоғам мен мемлекеттің белгілі бір формасы қажет.
Аристотельдің «Адам – социалды жануар», «Адам – табиғаты бойынша қоғамдық жануар», ал кейде «Адам – қоғамнан бөлек, ол не құдай, не жануар» деп адамды өз идеяларында көрсетеді. Аристотельдің бұл қанатты сөздерінен не түйе аламыз? Адам, ең алдымен адам атану үшін қоғамда өзіндік нормаларды ұстана отырып қоғамдық жүйеде орын ала білу керек. Дұрыс тұжырым сияқты, бірақ басқа жағынан қарап көрейік. Нормаларды орындау адамның еркіндігін тежемейді ме? Бұл сұраққа жауап іздесек біз адамның еркіндігі мен бостандығына келіп тірелеміз. Адам үшін еркіндік пен бостандық не? Еркін адам деп кімді атай аламыз? Менің ойымша, адам қанша өзін еркін деп санаса да, адам қарапайым табиғи заңдарға бағынады.
Адамның тақырыбы универсалды әрі әр қилы, адамның тақырыбы әрқашанда өзекті болып келеді. Ал антикалық философтардың ой қорытындылаған идеялары қазірде де қолданысқа ие болып келеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Дінтану мамандығы 4 курс студенті Куан А. Жетекші аға оқытушы Тунгатова У