Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Хатико: Ең адал дос

«Хатико: Ең адал дос» (ағылш. Hachiko: A Dog's Story) — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хатиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген Лассе Халлстрөм көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады. Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Басты рольдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильмнің тұсаукесері 2009 жылдың сегізінші тамызында Жапонияда өтті.

Суретте әлемге әйгілі ит Хатико. Адамдардың адал досына айналған бұл ит 1923 жылдың қараша айында дүниеге келген. Туылғаннан кейін оны Токио университетінің профессорына сыйға берген. Ал енді мына әңгімеге назар аударыңыздар. Егесі әр таң сайын жұмысқа кететін болған. Хатико өз егесін Сибуя бекетіне дейін шығарып салып жүрген. Сағат 15:00-де аталған бекетте егесін күтіп алады екен. Арада бір жыл өтсе де ит өз егесін күтпеген күні болмаған. Алайда 1925 жылдың мамыр айында Хидэсабуро Уэно жүрек талмасынан көз жұмады. Сол күні Хатико егесін көп күтеді, алайда егесі оралмайды. Туысқандары итті тастамай, уақытында тамақтандырып отырған. Хатико сонда да егесін күтуді тоқтатпай, күнделікті уақытында бекетке баратын болған. Итті сол жердегі теміржол жұмысшылары, сатушылар білген. Бұл адал дос туралы 7 жылдан соң 1932 жылы газет беттерінде мақала жарық көрді. Ит өмірінің соңына дейін Хидэсабуро Уэноны күткен. Осылай 1934 жылы өлген. Сол жылы тұрғындар Хатикоға арнап ескерткіш орнатты. Алайда соғыс кезінде ескерткіш қирап қалып, соғыстан кейін қайта тұрғызылған. 

Мінекей осындай керемет оқиға әлі күнге дейін адамдардың жүрегін елжіретеді. Хатико тіпті  бүкіл адам баласында бола бермейтін қасиетке ие болды. Оның шыдамдылығы,табандылығы мен жүрегінің адалдығы біз үшін үлгі бола білді. Бұл фильмде мен нағыз достықты сезіне білдім. Менің ойымша, қазіргі таңда бұл фильм жастарға үлгі болары анық.

Толғанай Әбжапар


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама