Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Көз күтімі

— Көзіңізге қиқым түссе жоғары кірпігіңізді жайлап көтеріңіз де, көзіңізді оңға­солға, жоғарыға ­төменге бұрыңыз. Көз жасыңыз қиқымды шығаруға жетпесе, жасанды көз жасын не таза физиологиялық ертіндіні пайдаланыңыз. Кейбіреулер көздің жоғары қабағын сыртқа айнал­дырады. Кейде осының өзі­-ақ көмектеседі.

— Егер сол амалдар көмектеспесе не олар өзіңізге ұнамаса, көзіңізді шайып жіберіңіз. Қолыңызды жақ­сылап жуып, алақаныңызға жылы су толтырып алып, оған жабық көзіңізді малыңыз да, су астында ашыңыз, барлық артық нәрсе сонда шайылып кетеді.

— Көзіңіз ащыса орамалды суық суға малып алып, мазалаудан арылғанша көзіңізді жабыңыз. Көзіңіз қы­зарып, аллергиядан қышыса бұл амал өте тиімді. Суық қан тамырларын тарылтады, ал су көзге қажет ылғалмен қамтамасыз етеді.

— Шай салынған қалташаны суық суға батырып алып, жабық көзіңізге 15 минут басыңыз.

— Көзіңіз құрғап кетсе, ауаны ылғалдандыратын құрал­ды қосыңыз. Әсіресе уақытыңыз көп өтетін бөлмеде.

— Көзіңіздің сырты ылғи құрғақ болып, аши берсе, жа­санды көз жасын пайдаланыңыз. Консерванты жоғын алыңыз.

— Жеткілікті ұйқтамасаңыз, көзіңіз құрғап, қызарып кетуі әбден мүмкін.

— Көзіңіз құрғап кетсе күнде банан жеңіз. Ол денеде су соратын натрийді теңестіреді.

— Талқанға не жеміс шырынына бір ас қасық зығыр май­ын қосыңыз. Ол омега­ 3 майлы қышқылына бай. Көз жасы­мызда су мен тұздан басқа, шырыш пен май болады. Оме­га ­3 соларға бай. Жаңғақ, суық суда өсетін балық соларға бай.

— Көз құрғай бастаса, қабылдаған дәріңіздің жанама әсері болуы әбден ықтимал. Тексертіңіз.

— Шаң­тозаңнан құтылғыңыз келгенде қорғаныстық консерві-көзілдірік киіңіз.

— Хлорлы суы бар бассейнге түссеңіз, су өткізбейтін көзілдірік киіңіз.

— Жылыту жүйесінің іске қосылуынан көз қабыршығының қорғаныш қабатындағы сұйықтық буға айналып кетеді. Сондықтан ара-арасында далаға шығып, күн жылынса бөлмені желдетіп тұрған дұрыс.

— Кітапты жатып оқымаңыз, ол кезде көздің бұлшықетіне көп салмақ түседі, ал бұл өз кезегінде көздің алыстағы заттарды нашар көруіне әкеліп соғады.

— Күн көзінен қорғайтын көзілдіріктер қыста да қажет. Қарға шағылысқан күн сәулесі екі есе қауіпті, және көздің қабыршығын күйдіріп жіберуі де мүмкін.

— Күнде серуендеуге тырысыңыз. Зерттеулер нәтижесінде алыстан нашар көретін адамдардың барлығы дерлік үнемі үйден шықпайтын жандар болды.

— Шылым шегу тек өкпеге ғана зиян емес, сонымен бірге көз ұясындағы сары дақтардың дегенерациялану қаупіне ұшыратады, осы себептен көздің көру қабілеті мүлде нашарлауы мүмкін.

Оқуға кеңес береміз:

Үй жағдайында көз астындағы қара дақты кетірудің 10 тәсілі

Көзге арналған йога: көзіңіздің қырағылығын арттыратын 8 қарапайым жаттығу

Теледидардың көзге зияндары

Көз линзасымен ұйықтау қауіпті ме?

Баланың көз жанарына қатысты ата-ананың 5 қатесі

Көзге арналған жаттығулар

Құрғақ көз синдромы

Көз жарақаттары

Дұрыс тамақтану көз саулығына сеп


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама