- 05 нау. 2024 02:25
- 162
Лирикалық шығармаларды әдеби - теориялық ұғымдармен байланыстыра оқыту
ОҚО, Созақ ауданы,
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің мұғалімі
Өтепов Талғат
Лирикалық шығармаларды әдеби - теориялық ұғымдармен байланыстыра оқыту
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы болып есептеледі. Ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оқып үйренуде қалыптасады. Оқушылардың әдеби – теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру - оны оқытудың басты міндеттерінің бірі.
Әдебиет тектерінің ішінде басқа жанрларға қарағанда лириканы оқыту күрделірек болады. Лириканың өзіндік қасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі, нәзік сезімі, ұшқыр ойы болуы керек.
Лирикалық шығармаларды оқытпас бұрын «лирика» сөзінің шығу төркініне тоқталып өткен орынды. Лирика - гректің lyra сөзінен алынған.
Ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы осылай аталған. Лирика - әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың бірі.
Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан - алуан нәзік түйсіктері, күйініш - сүйініші тән болып келеді. Эпикалық шығармалар сюжетке құрылса, лирикада оқиғадан гөрі отты сезім басымдау.
Лириканы әркім өзінше ұғып, оңаша тұшынбаса, оны ежіктеп түсіндіріп жату ағат. Өлеңге қара сөзбен комментарий беру келіспейді.
Лириканың құнын арттырып тұрған сөздегі образдылық. Образдылық - сөздегі сурет. Тіл байлығының қайнар көздері көп. Лирикалық шығармаларды оқытқанда әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарына ерекше тоқталып өту қажет.
Тіл байлығының көркемдеу құралдары: полисемия, синонимия, омоним, антоним, архаизм, неологизм, идиома, эпитет, теңеу, аллитерация, ассонанс. Бұның барлығы әдеби тілді ажарлау болса, құбылтудың да (троптар) түрлері көп. Олар: метафора, кейіптеу, аллегория, символ, метонимия, синекдоха, ирония, гипербола, литота. Ал айшықтаудың түрлері (фигура): арнау, қайталау, риторикалық айшық, антитеза, градация, инверсия, эллипсис, параллелизм.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.