Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік міндеті
Оқушыларға электр тогының жұмысы, электр тогының қуаты, пайдалы қуат, жоғалатын қуат, толық қуат, токтың жылулық әрекетінің мәнісі, туралы түсінікті анықтауы
б) Дамытушылық міндеті:
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
в) Тәрбиелік міндеті:
Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс – тәсілдерін пайдалану, ББҮ стратегиясы, ассоциация әдістемесі.
Сабақтың көрнекілігі: «Менің көңіл - күйім» плакат, постер, түрлі - түсті маркерлер, стикерлер, «Білім ағашы», топ басшының бағалау парағы.
Құрал – жабдықтар: екі түрлі шамдар, карточкалар

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Келмеген оқушыларды белгілеу
3) Оқушыларды 2 топқа бөліп, топ басшысын сайлап алу
4) Оқушыларға сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау
Қазіргі таңда бүкіл ел көлемінде күн тәртібінде тұрған маңызды да өзекті мәселелердің бірі – энергияның көлемін мейлінше азайту, оны үнемді де ұқыпты пайдаланудың оңтайлы тәсілдеріне көшу. Электр қуатын үнемдеу XXI ғасырдың ең маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздің экономикалық қатынастарда дамыған елдердің қатарындағы орны және азаматтардың тұрмыс деңгейі осы мәселені шешудің нәтижесіне байланысты.
Энергия қуатын үнемдеу туралы 1997 ж. 25 желтоқсандағы № 210 - 1 Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, сондай - ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Алаштың айбыны мен айбарына айналған ажарлы Астанада Бүкіләлемдік
ЭКСПО - 2017 көрмесі өтеді. Тақырыбы: «Болашақ энергиясы» бұл бүкіл әлем үшін маңызды тақырып.
Оқушыларды «геометриялық фигуралар» арқылы 2 топқа бөлу, 2 топтың атын бөлу арқылы анықтау. 1 - топ: «Амперметр», 2 - топ: «Вольтметр»
Пайдаланады мені жұрт,
Отын менен жарыққа.
Қызмет етем әрқашан,
Түсіне білген халыққа. (Электр тогы)

Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті? (Қуат)

Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
Олай болса, онда бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Токтың жұмысы мен қуаты» Абай атамыздың 38 – ші қара сөзінде былай делінген: «Адамдар ұйқы тыныштық, әуес қызықтық бәрін қойып адам баласының тұрмыс тіршілігінің жақсаруына байланысты іспен айналысқанына, яғни электрді тауып, дүниенің о шетінен қазір жауап алып адам баласын батылдыққа, өтірік пен жалғанды айыруға мүмкіндік бергені үшін біз оларға бас иуіміз керек» Сол себептен осы электр тогын ашқан ғалымдарға біз мың алғысымызды айтамыз.
ББҮ старатегиясы бойынша
«Білемін» Не білеміз?
1. Электр тогы дегеніміз не? (Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады)
1. Алғаш рет «электр тогы» түсінігін енгізген француз ғалымы кім? (Ампер). Рахмет.
2. Халықаралық бірліктер жүйесінде өлшем бірлігі тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальяндық ғалым кім? (Вольт) Рахмет.
3. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шаманы не деп атаймыз? (кедергі)
4. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан ғалым кім? (Г. Ом) Рахмет.
«Білгім келеді» Не білгім келеді?
Абай атамыздың мынандай өлеңінен бастағым келіп тұр.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ –
Бес дұшпанның білсеңіз
Талап, еңбек, терең – ой,
Қанағат, рахым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз
Сабақтағы бірінші талабымыз: токтың қуатын үнемдей білу
Біздің еңбегіміз: Эксперимент түрінде электр тогын үнемдеуді есептей білу
Біздің терең ойымыз: Логикалық сұрақтарды білу
Қанағатымыз: Токтың қуаты мен жұмысына байланысты формулаларды қорыта білу
Үйлеріміздегі электр көмекшілеріміз нелер? Тоңазытқыш, еден сүрткіш, кір жуатын машиналар және нан пісіретін ғажайып пеш. Бұның барлығы немен қоректенеді. Ток көзінен, яғни электр шамдарының арқасында үйіміз жарық. Электр шамы үйге тек қана жарық қана беріп қоймайды, ол шам - үй қожайының бет - бейнесін, оның мінез - құлқын, әдетін, тіпті саяси сенімін көрсетеді. Ток көзін пайдаланып үйді жылытамыз, нан пісіреміз, кір жуамыз. Электр ток көзінің арқасында ауыр жұмысты жеңілдетеміз, яғни апаларыңның, әпкелеріңнің, аналарыңның және өздеріңнің қолдарың босайды. Қолы бостың арқасында үнді, түрік сериалды киноларын үзбей көресіңдер. Енді біз осы электр тогын үнемдеуді білеміз бе? Біз электр тогын тегін пайдаланып жүргеніміз жоқ, ай сайын ақшасын төлеп отырамыз. Негізінде бұл ақшаға байланысты емес. Егер де біз теледидардан электр энергиясын сөндіріп жүріңдер десе, онда біз кешке электр шамы жағылып қалып кеткен жоқ па? деп шамдарды өшіріп жүреміз, бұл жерде біз үнемдегіміз келгенімізбен, толық қалай үнемдеу керек екенін білмейміз және түсінбейміз. Әйтседе де электр энергиясын үнемдеудің аса маңызды резервтерінің бірі біздің әрқайсымыздың санамызда жатыр. Электр энергиясын үнемдеу тектен – тек жанып тұрған шамнан да түсінуге болады. Бірақ біз көбінесе электр энергиясын үнемдеуді, сатып алатын электр приборларының нұсқау қағазына қарап, олардың тұтынатын қуаты жөнінде білуіміз керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама