М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні
Орындаған: Алтын ауыл орта мектебі 7 Б сынып оқушысы Джигитекова Құралай
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурымбаева Сандугаш
1. Зерттеу жұмысының тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні
2. Өзекті мәселесі: Жастардың бойындағы сенімсіздік. Бірте-бірте адами қасиеттерінің көрінбей, сирек кездесе бастағандығы. Өз еліне деген құрметтің жоғала бастауы.
3. Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” атты өлеңін насихаттап, жастардың рух, жігерін көтеріп, әр тілге аударып қазақ ұл-қыздарының болмыс бітімін өзге елдерге де паш етіп, қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігіне, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.
4. Пәні мен нысанасы: Әдебиет. Жұмыстың негізігі нысанасы ретінде М.Жұмабаевтың көп томдық шығарамалар жинағын, Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлының «Әдептану» кітабын басшылыққа алдым.
5. Ғылыми жобаның мақсаты: Мағжанның жыры арқылы қазақ жастарының рух жігерін, қайраттылығын дәлелдеу. Жастардың қазіргі замандағы бейнесін анықтап, оның осы замандағы атқаратын рөлін зерттей отырып, жастарымыздың қазіргі тәрбиелілігі жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің тәрбиелігін талдау;
- Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау.
- Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
6. Зерттеудің әдісі-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау.
7. Оны шешудің жолдары:
Жұмабаев өлеңдері жастар тәрбиесі үшін бірден-бір өнеге мектебі;
Мағжан өлеңіндегі жастар бейнесінің бүгінгі күнмен үндестігі, ақын өлеңі негізінде бастау алған игі істердің көрінісі
8. Алынған нәтижені талқылау, қорытындылау:
М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ақынның Алаш атын аспанға шығаратын жастарға деген қалтқысыз сеніміне, оның жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу жолындағы мән-маңызына жан-жақты талдау жасалуы. Ақын өлеңі негізінде бүгінгі таңда көптеген игі істер өз бастамасын тапқанына көз жеткізу. Мағжан Жұмабаев өлеңдері мен Елбасы Қ.Тоқаевтың биылғы барыс жылын Балалар жылы етіп жариялағанымен үндесуі.
М.Жұмабаев халқымен бірге күйзелді.
Осыдан келіп жастарға деген сенім жарық та
жарқын идея туындады. Сол шығармаларының бірі –
«Мен жастарға сенемін» өлеңі.
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының соңында ғана халқымен қайта табысты. Ақынның есiмiн атауға тыйым салынған жылдардың өзiнде халқы оны ұмытпады.
Ақын, жазушы, журналист, фольклорист, тарихшы, философ, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткерi, саясаткер – Мағжан Жұмабаев артында мол мұра қалдырды. Мағжан қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң өзге елдер әдебиетiмен, мәдениетiмен тең болуын қалады. Елiнiң тарихы мен мәдени мұраларына қызығушылығы мен сүйiспеншiлiгiн» өмiрiнiң соңына дейiн сақтады. Ол қазақ халқының асыл мұраларын келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажет деп санады. Сондықтан да өзiнiң шығармаларында ел тарихын, халықтан шыққан ұлы тұлғалардың,ел қорғаған батырлардың ерен еңбегi мен ерлiгiн көрсетуге ұмтылды.
Мағжан өзiнiң қысқа өмiрiнде туған халқына қызмет етуге тырысты, тамаша өлеңдер, поэмалар, ғылыми еңбектер жазып, өз iзiн қалдырып отырды.
Кеңес үкiметi орнағаннан кейiн, әсiресе Қазақстанға бiрiншi басшы болып Ф.И.Голощекин келгеннен кейiн оның шығармаларын сынап, өзiне ұлтшылсың, байшылсың, түрiкшiлсiң, менменсiң деген сияқты кiнә тағу көбейiп кеттi. Соның өзiнде ол мойымады, өзiнiң бағасын бiлдi:
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзiм – күнмiн, өзiм – от,
Сөзiм, қысық көзiм де – от.
Өзiме - өзiм табынам, – деп қыр көрсеттi.
Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын өлеңдерінің көпшілігі негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.
І Кіріспе
1.1.Мағжан - сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы.
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау
2.2. Қазіргі жастардың бойындағы күш-жігер қасиеттерін сипаттау, талдау.
ІІІ Қорытынды бөлім
3.1. Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы.
І Кіріспе
Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, сезіргендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай. Бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды. Заманынан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалатын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін. Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс. Оның қуатты бойға жігер,жүрекке от беретін рухты үні,ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін 20-шы ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтереді».
Мағжан алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарына болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдардан ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады.
Халық өлеңдерінің мазмұнынмен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім осы болар. Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де,кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірдегі біртұтас құбылыс,көрініс ретінде,ал адамды сол ұлы табиғаттың,жаратылыстың бір туындысы,бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап,ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау.
Мағжан өлең жазумен тым кішкентай күнінен шұғылданады. Өйткені, әкесі Бекен ақ пен қараны айыра білетін адам еді. Сондықтан да ол өз балаларын заманына сай перзенті ету мақсатымен үйіне кітапты көп жиятын. Сол кездегі Қазаннан, Орынбордан, Ташкенттен шығатын журналдардың бірін де қалдырмай үйіндегі шағын кітапхананың қорын молайтумен болған адам. Оның үстіне Әшірбек атты әрі оқымысты, әрі іскер қазақтың үйінде дүниеге келген, Мағжанның шешесі Гүлсім бәйбіше сол кездегі бірінің артынан бірі шығып жатқан әдеби кітаптардың үлкен қамқоршысы болатын. Сол кітаптарды ұқыптап ұстап, жыртқызбай, ешкімге ұрлатпай ересек балалардың қолына беріп оқытатын да, ал хат танымайтын кішкентай балаларына өзі оқып, мазмұнын ертек етіп айтып отыратын. Жас баланың әдемі өлеңдер жазып жүрген талабы, тіпті, қазақ халқының әйгілі қамқоршысы, классик, қазақ еліне: «Қаным башқұрт, тәнім татар, жаным қазақ» деп мәтел таратқан ұлы жазушы Ғалымжан Ибрагимовты да қатты толғантты. 1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кәрімовтардың баспаханасына табыс етіп, 1912 жылы кітап қылып шығарды. 1923 жылы Ташкентте «Өлеңдер жинағы» атты кітабы жарық көрді. «Педагогика» атты ғылыми кітабы 1922 жылы Орынборда басылып шықты.
Мағжан біз үшін кім, қандай ақын, қандай адам? Бұл сұрақтарға толық жауап беру оңай емес. Тек көңіл тоғайтар бір жай оған өмір бойы жауап іздеумен, әр буынның өз бағасы мен түсінігіне үміт артумен өтерміз. Жалпы, ақын өмірі мен өлеңі туралы таңданбай, тамсанбай айту қиын. Бұл ақынның талант құдіретінен болар. Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны дүние. Мұндай абстракциялық ой толғамдарды Мағжаннан бұрынғы поэзиядан көру қиын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, сонан да терең эстетикалық ләззәт табасың.
Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген әйгілі өлеңі де жарияланды. Бұл өлең сол кездегі қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама іспетті еді. Өлеңнің беташары ретінде ақын мынадай сөздер келтіріпті: «Жастар! Алда жүрген Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өрнек алыңдар. Елдіктен, ерліктен айрылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар! Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы – зиян деп жүрген, толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!». Осылай дей келе ақын «Мен жастарға сенемін» өлеңін береді. Осы жолдарды жазған Мағжан¬ның өзі де әлі 25-ақ жаста еді. Ал Смағұл не бары 18 жаста болатын. Мағжан 1918 жылдың күзінен 1919 жылдың көктеміне дейін Омбы қаласында қазақ мектептеріне мұға¬лімдер даярлайтын курс ашып, өзі соның директоры болды, әрі қазақ тілі мен орыс тілінен, әдебиеттен, тарихтан сабақ берді. Смағұл бұл кезде Батыс Сібір Кооператорлар одағының жұмысына белсене араласты. «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті» [2.б.135].
Сөз құдіретінің сырын ашып, өз өлеңдерінде көркемдегіш құралдарды орынды да, ұтымды пайдаланып, сөз саптау шеберлігін танытқан ақын «Әрбір ірі жазушының шеберлігінің өзгешелігі көбіне-көп оның шығармасынан көрінеді». «Көркемдік дегеніміз әрбір сөздің орынды қолданылуының ғана емес, өте қажеттілікпен, зәрулікпен қолданудың белгісі және сөз дегенің мүмкін болғанша аз жұмсалуы керек»,[1.б.65]-деген небір ғалымдардың ойын дәлелдегендей.
Мағжан Жұмабаевты қазіргі ұрпаққа жақсылап таныту, оның шығармашылығын барынша жіті талдау, беріден қайтпай, әріден, биік ойлар өресімен толғап көру керек. Әрбір көркем дүниені тез танып, әсерленіп, тез игеретін кезеңі болады. Әр нәрсе өз орнында, тұсында. Мағжаннан кейінгі дәуірде аса қатты, қауырт дамыған қазақ поэзиясы, әсіресе, форма, техника жағынан алға кеткен тұстарында біздің классиктерімізге көп таңырқай алмауы мүмкін. Ал соларға Мағжан секілді алыптардың жан жақты тұлғасын, өлеңдік тіл шұрайлылығын, сөз байлығын, теңеу, образ, ою өрнек, кестелерін тайға таңба басқандай етіп, миына сіңіріп, жүрегіне жеткізіп оқыту керек.
Ал ақындық мінезіне келсек ол шабыты аса шапшаң, алғыр, ұмтылу, жүйітку, зымырау, барып барып жоғарылау, самғау кең даланың тас тұяқ тұлпары мен асқар таудың темңр қанат сұңқарын елестетер еді. Оның өлеңдерінің кейде мүлткісіз мүсінмен, кейде төгіп шашпалау, салдыр салақтау жерлерінің қатар жүретіні сол шапшаңдықтың, ғажайып жылдамдықтың және алаңсыз жомарттықтың нәтижесі. Сөздерді ойға сәйкестеп, ойды да сезімді де сәл тежеп кезекке қойып, өлшеп тамап жонып қырып отырған кескінін көрмейсің. Оны керемет бір күш ойда жоқта көтеріп әкетеді де көпке дейін табанын жерге тигізбей қояды.
Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарасыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері боласыз. Әсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі, заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз– эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау мүмкін емес екендігін төмендегі жолдар арқылы мойындатады. Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.
Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенмін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма...Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға, болашақтың тізгінін жастарға сеніп тапсыруға бек сенеміз.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін - деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік..
Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін! ("Мен жастарға сенемін!") – деп болашақтың иесі жастарды қанатын қағып талпынған балапанға теңей отырып, зор сенім артады. Көз алдымызға буыны бекіп, топшысы қатпаған, бірақ көк аспанға құмартқан жас қыран келеді.
Романтик Мағжан кейде символистерге, кейде сентименталист жаһан ақындарына еліктей жазса, бұл алданғандық, не адасқандық емес, іздену соқпағына өзін өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекеттерінің басы еді. Бұл жағынан Мағжан қатарлас, тізерлес қазақ ақындарынан алға шығыңқырап кеткен еді. Сезімді, сөзді, ойды, өрнектер талабына «тебінгісін терге малып», оқ бойы озып кетуі достарын сүйсіндірсе, дұшпанын күйіндіреді.
2.2. Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау, талдау.
Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады -деп мемлекетіміздің тұңғыш кемеңгер басшымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастар жалпы адамзаттың мәңгілік рухани – адамгершілік құндылықтарында бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз жастар толыққанды қалыптаса алмайды. Жастардың санасымен тұлғасының қалыптасуына әсер ететін жағдаяттар мол. Айталық ол ата-анасы, өмір сүріп отырған ортасы.....
Жастардың тұлғалық сипаты жас кезінен бастап қалыптасады. Мысалы, жас сәби табиғатынан таза пәк, бұл жастардың өмірден әлі ештеңе көрмеген, көңілге түймеген шағы. Міне дәл осы кезде ата-анасының тәрбиесін, білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің балабақшадан бастап бірте-бірте рухани адамгершілік құндылықтарды Отанына деген сүйіспеншілікті намыстылық пен қайраттылықты бойына жинату - маңызды іс. Жастар бойындағы қайрат, жігер сенімділік Мағжан өлеңінде айтылғандай,
«Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер-
Мен жастарға сенемін!» - дегендей жастар бойында қасиеттер әлі де сақталғанына сенімдімін.
Әрқашан ізденіп, білім алуға, ғылым үйренуге құлшыныс танытқан біздің жастар да, Елбасы бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Бірқатар болашақ түлектері қазіргі таңда ел дамуына үлестерін қосып, қызмет атқаруда.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,
- деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар!
Мағжанды Абайдан соң ұлттық мақтанышқа айналдыру керек. Ол үшін әуелі жаппай өзіміз ұғынып, сосын ұрпаққа оқыту керек. «Ой, оған қанша уақыт керек әлі» дегенді қойып, тап қазір тамшыдай болса да нәр жинауға кіріссек абзал. Сонда біз тамақтану мен ұйқы, тән қанағатынан жан, рух ләззәтына баратын жолға шығамыз. Көркемдік, сұлулық поэзияяны тану шапағатына жолығамыз. Қарапайым айтқанда, жақсы өлең оқығанның, содан соң Мағжанды жатқа айтқан адамның бетінен сүюге әзір боламыз.
Мағжан Жұмабаевтың әлем поэзиясына байланысты жерлерін тілге тиек еттік. Бәрін тауысып, түгесіп айттық деп, айта алмаймыз. Мағжан шығармашылығын қалай әңгімелессек те жаһан ақындарынының, символистердің, декаденттердің, романтиктердің әсерін алып тастауға болмайды. Онда толық сөз тумайды. Мағжан Жұмабаевтың жер жүзі әдебиеттерімен қарым қатынасын айтсақ одан Мағжан биігі биіктемесе төмендемейді.
ІІІ қорытынды
Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы. Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев. XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман окиғалардың бәріне Мағжан Жұмабаев куә болды. Олардың бәріне ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді.
Мағжан Жұмабаев жазып қалдырған өсы өлеңінде жастар яғни біз менен кейінгі ұрпақ, мен жалғастыралмаған істерімді жалғастырып, өз елін мақтан етіп әрі осы өлеңінде бізге тәлім тәрбие берү мақсатында жазып қалдырған. Мақтанышын сезімін параққа қалдырып жастарға сенімін білдіріп сенетінін дәлелдеген. Мағжан Жұмабаевтің осы өлеңі халықты сүйүге ел ушін бар күш жігерін жұмсауға үйретеді, және де жазып қалдырған әр бір өлеңі халқ үшін пайдалы болып келүде. Өйткені өлеңі мағыналы тәлім тәрбиелі.
Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде қазағымның көсегесін көгертемін деген мақсатына жете алмай біз жастарға үміт артып кетті. Біз жастар Мағжан Жұмабаевтың бір ол ғана емес барлық ақын жазушылардың жазған өлеңдерін оқып отырсақ адамзат баласына тән жалқаулық сауатсыздық іштарлық сатқындық мансапқұмарлық нәсіпқұмарлық сараңдық сияқты кемшіліктерден аулақ боламыз
Мағжан үшін ең негізгі мәселе-қазақ елі жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбады.Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! - деп басталатын өлеңінде ақын, өзінің ертеңінен үміт үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені, ұтылысты ертең-ақ «көздерінде от ойнаған,ар-намысты жандарынан да қымбат көретін» жастар қайратылығына кәміл сенеді. Жастардан күткен үміті ақталып келе жатыр деген ойдамыз. Бүгінгі ұрпақ үшін Мағжан, жастарға артар үміті мәңгілік қазақ елінің өркендеуі, жастардың қолында деген. Отансүйгіштік рухты Мағжан ағамыздың поэзиясы әрдайым сөнбес...
Мұхтар Әуезов 1929 жылы ақ «Мағжанды сүйемін» деген сөзінде «Мағжан мәдениеті зор ақын ... Сондықтан бүгінгі күннің бір жоқтаушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», деп жазды.
Қорытынды
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін!, - деп Мағжан Жұмабаев армандағандай қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, керегесі кең, байтақ ел болды. Қазақ жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін, елін, жерін сүюі, мәдениеті мен тілін сақтап, қастерлеуі. Бұл келер ұрпақтың, яғни ізін қуушы жастардың қолында екенін ақын осы өлең жолдарымен жеткізі білді. Елбасымыз Н.Н.Әбішұлы «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де,елің үшін де таусылмай асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатындарына сенемін» деп жастарымызға сенім білдірген еді.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім,- деп жырлаған Мағжан.
Абай қазақ поэзиясын әлемдік поэзия деңгейіне көтерсе, Мағжан ақын бұл деңгейді одан әрі биіктетуге күш салды. Қазақ әдебиеті кестесіне романтизм, символизм өрнектерін төкті.
Жарыммен жанымды жұбатам,
Жырымменен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін...
Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім!
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол – артына өшпес рухани мол мұра, өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырған ұлы ақын. Міне, Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Өлеңдері романтикалық сезіммен өрілген. Ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар Мағжан атамыздың өлеңдері арқылы болашақ ұрпақтың отансүйгіш, елжанды, адал азамат болатынына сенемін!
Өлеңнің тақырыбы: Мен жастарға сенемін
Идеясы: Жастарды батырлыққа, ерлікке шақыру
Теңеу – арыстандай, жолбарыстай,қырандай, сүттей, тау суындай;
Эпитет – жас қыран, көк аспан, жұмсақ мінез, таза жүрек, қасиетті тілек,алтын Арқа, күшті иман, айбынды ұран, қасиетті құран.
Риторикалық сұраулы сөйлемдер:
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға?!
Символдық бейнелер: арыстан, жолбарыс, қыран, тұлпар, сұңқар, көк аспан.
Мағжан – халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан лүпілін білдіре жырлайды.
50 жылдан астам сергелдеңi мол үзiлiстен кейiн Мағжандай ұлы ақынымыздың азаматтық арда келбетi халқымен қайта табысып, ақындық өр дауысының жаңадан жаңғыра естiлген үнiн бүгiнгi ұрпақ зор қуанышпен қарсы алды. Ақын ақталып, шығармалары жарыққа шығуы елiмiздiң талай ақындарының шабытын оятып, оған арналған көптеген өлеңдер, поэмалар туды.
Көрнектi ақын Кәкiмбек Салықов ақын есiмiнiң халқына қайта оралауына арнаған бiр өлеңiнде:
Есесiн ессiз күннiң тағдыр берсiн,
Қайтадан Мағжан атты жаңғырды есiм.
Жетедi ет – жүрекке әрбiр сөзi,
Кетедi еске оралтып тағдыр көшiн – деп өзiнiң де, халықтың да зор қуанышын бiлдiрдi.
Ұлы ақын ақталғаннан берi оның өмiрi мен шығармашылығын зерттеген көптеген еңбектер жарық көрдi. Дегенмен ақынның өмiр жолы мен шығармашылығы толық зерттелiп болды деуге болмайды. Әлi талай жылдар бойы талай әдебиетшi, тарихшы ғалымдар бұл жолда еңбектенерi хақ.
Бүгінгі жас ұрпақ та өз әлiнше ақын өмiрi мен шығармашылығын зерттеп, оның шығармалары - асыл мұраларын оқып, біліп, өнеге алып, ұлттық құндылықтар мен рухын бойына сіңіріп терең тануда.
Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы жаңажылдық құттықтауында айтты. Ол «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» – деді. Бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өтті Президент.Тарихы тереңге жайылған халқымның мол мұрасы, аттары алтын әріптермен жазылған тарихи тұлғаларды танып-білу бүгінгі жас ұрпақ үшін аса маңызды.
Мағжан шығармаларының қайталанбас құндылығы - мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелейді. Ақын өлеңдерінен отаншылдық сана, отаншылдық сезім, ұлтжандылық, ұлттық патриотизм, Отан, мемлекет, ел, халық, атамекен, ар, намыс, ождан, қарыз, парыз т.б. қасиеттерді байқауға болады. Сонымен қатар ақын өлеңдерін оқу арқылы жас ұрпақты ерлік, батырлық, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелейді. Мағжанның «Түркістан» өлеңінде ақын жастарды қайраттандырып, жігерін қайрап, бойға күш қуат беріп, намысын оятады, рухты көтереді, жігерлендіреді.
Өз жұмысымды аяқтай келе мынадай ұсыныстарымды білдіргім келеді.
1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында қосымша үйірме сабақтарын өткізу.
2. Мектебімізге «Мағжантану» курсын енгізу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ әдебиеті оқулығы 7-сынып «Мектеп» 2016
2. «Аңыз адам» журналы №1 қаңтар 2012, №24 желтоқсан 2012, №21 қараша 2011, №15 тамыз 2011,
3. Мұқанов Қ. Ақын ізі. След поэта. – Петропавл, 2009 ж
4. М. Қанғожин. Менің Мағжаным. Қызылжар.-2010 ж.
5. Қазақ әдебиеті газеттер басылымдары. Алматы 1993ж
6. М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл;
7. М. Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: «Жазушы» 1989 жыл;
8. "Мағжан" автор: Шериаздан Елеукенов. Алматы 2011ж
9. "Мағжанның қызылжары" автор:Зарқын Тайшыбай 2002ж
Алтын ауыл орта мектебінің 7Б сынып оқушысы
Джигитекова Құралайдың М. Жұмабаевтың
«Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні зерттеу жұмысына
Пікір
Джигитекова Құралайдың алған зерттеу жұмысының тақырыбы М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, жаңалығы мен болжамына түсінік беріп, Мағжан Жұмабаевтың артына мол мұра қалдырғанын, жастардан зор үміт күтетіндігін баяндайды.
Негізгі бөлімінде «Мен жастарға сенемін» өлеңінің шығу тарихына және елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жырлағанын, осы өлеңде кейбір айтылған өлең жолдарына, қосымша деректер жазған.
Қорытынды бөлімінде ақын халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күтетіндігін, кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдіретіндігі, өлеңнің тәрбиелік мәні туралы айтып, оқушы өз ұсынысын көрсеткен.
Жұмысты оқи отырып, оқушының жан-жақты ізденгенін, тақырыпты меңгергенін, жүйелі жазылғанын байқауға болады.
Оқушының зерттеу жұмысына пікір жаза отырып, Аружанның еңбегі өзіне лайық бағасын алып жатса, жас ізденушінің болашағына жол ашылары сөзсіз деген ойдамын.
Пікір беруші: Алтын ауыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жетекшісі С.К.Нурымбаева