Мен өмірді жырлау үшін келгемін... Мұқағали Мақатаевтың туғанына.... жыл толуына орай
«Мен өмірді жырлау үшін келгемін...» Мұқағали Мақатаевтың туғанына.... жыл толуына орай
Кіріспе сөз
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз - шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бəле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тəңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай, — деген («Арыз жазып кетейін» [1; 123, 124]) мəрт мінезді, өр кеуделі, от жүректі ақын 1931 жылы ақпан айының 9 - ы күні, Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Жалғыз ұлы Сүлейменнен көрген алғашқы немересін əжесі Тиын бауырына салып, тəрбиелеп өсірген. Əкесі Сүйлемен ешкімнің ала жібін аттамаған момын кісі екен. Мінезімен ел - жұртына ұнап, шаруашылық басқарыпты. Ұлы Отан соғысы басталғанда, майданға аттанып, хабарсыз кетеді.
Мұқағалидың ақын болуына əжесі Тиын мен шешесі Нағиманың ықпалы тисе керек. Ақынның өзі айтуынша, екеуі де қазақтың ауыз əдебиетін — айтыс, дастан, аңыз - ертегіні көп білген көрінеді.
Мұқағали ауыл мектебін бітіргеннен кейін өмір қосын ерте тартады, ерте үйленіп, он тоғыз жасында əке болады [2].
Балалық бал дəурені соғыс жылдарының ауырлық - тауқыметімен тұспа - тұс келген жас жеткіншек еңбекке ерте араласып, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962 – 1963), «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963 – 1965), «Жұлдыз» (1965 – 1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972 – 1973) қызмет атқарады [3].
Жас ақынның алғашқы өлеңдері 1949 жылы аудандық газетте, 1951 – 1954 жылдары «Əдебиет жəне искусство» журналында жарияланды. Мұқағали араға он шақты жыл салып, В. И. Ленин өмірінен «Аппассионато» атты үлкен поэмамен 1962 жылы поэзия əлеміне қайта оралды. «Ильич» деп аталатын поэмалар жинағы — тұңғыш кітабы 1964 жылы жарық көрді.
Содан кейін Мұқағали мерзімді баспасөзде жиі көрініп, «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға - жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
1991 – 1993 жылдары М. Мақатевтың үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Шығармалар жинағының екінші томына «Шолпан» (1984) жəне «Жырлайды жүрек» (1989) атты кітаптарына енген өлеңдері мен поэмалары, ал үшінші томына «Өмір — өзен» (1979) атты кітабына енген өлеңдері мен поэмалары топтастырылды.
1994 жылы ақынның «Жылап қайттым өмірдің базарынан» атты жыр кітабы шықты. Бұл еңбекте Мұқағалидың бұған дейінгі басылымдарына енбеген, дүние салғаннан кейін əр жылдары газет - журналдарда жарияланған жаңа жырлары топталды.
2000 жылы əдебиет, өнер жəне сəулет саласындағы саңлақ суреткерлердің бір тобына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы шешім қабылданды. Лауреат атанған саңлақтардың арасында Мұқағали Мақатаевтың есімі ерекше мақтанышпен айтылды. Марқұм бұл абыройға «Атамұра» баспасынан 1999 жылы жарық көрген «Аманат» атты жыр жинағы үшін ие болды. Бұл жинаққа негізінен бұрын шыққан екі жəне үш томдықтарында жарияланбаған, кейіннен табылған аманат жырлары енгізілді.
М. Мақатаевтың соңғы жылдары басылым көрген төрт томдық еңбегі (2002, 2006) тіл байлығымен тəнті етеді. Мұқағали əлемі — Жер, Планета, Адам болмысы, Тыныштық, Сенім. Əсіресе ақынның өзек жарып айтар ойы — адам тағдыры, адамның тірлігі, мінезі мен құлқы, сезімі мен түйсігі. Осының бəрін ақиық ақын жас дарынға тəн қайталанбас шеберлікпен, тəңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, əр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға тəн бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырды. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Оның қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті. Қазіргі жастар Мұқағали жырымен нəрестелерін бесікке бөлеп, шілдехана тойларын өткізуде.
М. Мақатаев аударма саласында да өзіндік шеберлік - шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол əлем əдебиетінің алыптары — ағылшын Шекспирдің «Сонеттерін», америкалық Уитменнің «Шөп жапырақтарын», Италияның ұлы ақыны Дантенің «Құдіретті комедиясын» тəржімалады. Бірақ дара дарын туындыларының бағы жанған кезі кейінгі жылдары ғана.
1966 жылы жарық көрген «Армысыңдар, достар!» кітабынан
Аз мезгіл ішінде жарқын жүректің жарқылдарынан туған Мұқағали Мақатаевтың жинақтарындағы жаһұт жырлар ұлттық əдебиетке толысқан талант келіп қосылғанын тұспалдатқызды. Олардан мəңгі өмір сұлулығына сұқтанып, сырлы саз, толғақты толғам, түйін, асқақ жырлап өткен ғашық ғұмырдың кең тыныс - тіршілігінің ыстық лебі білінді. Ақын еңбектері еліміз тəуелсіздігімен қауышып, өмір сүруге құштар жандардың қатарын молайтуға жол ашты.
Мысалы, ақын «Армысыңдар, адамдар!» [4; 80, 81] атты тамаша өлеңінде «өмір көктемінің» есте қаларлық жыр мүсінін тұжырымдады:
Əрбір əрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату - тəтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!
Əлем — дарқан, саялаңдар, бəріңе де орын бар.
Қорған емес, салтанатты, сəнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
Анамыз — Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент – Тыныштық!
Осы шумақтарды оқығанда жаны жайсаң, жүрегі жылы, құшағы кең ақын үні құлағыңнан кетпейді. Біздің ойымызша, Мақатаев поэзиясының терең тамыры халық қуанышы мен қайғысында, кешегіде, бүгін мен ертеңде жатыр. Тəлімді бұл шығармашылықты ешкімнің ешқашан жатырқамасы хақ.
1968 жылы жарияланған «Қарлығашым, келдің бе?» кітабынан
Халықтың бай ауыз əдебиетімен сусындаған, ғұлама Абай поэзиясын жетік меңгерген, Қасым Аманжоловты жатқа оқыған Мұқағали ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын інжу - маржан сөз өрнектерімен ерекшеленетін лирик ақын:
Ойлы жас!
Өлең — менің бар тынысым,
Жақсы сөзім — жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.
Оңашада ойларын тыным еткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Ақындар бар амалсыз бұғып өткен,
Ақындар бар ішінен тынып өткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Бізді олардың балама біріне де,
Ұлыға да санама, іріге де.
Қалам тартқан қазақтың бəрі де ақын,
Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?..
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма
Жүрегінің түбіне кір жасырмай.
Осы қанатты сөздерді («Адамды адам түсінбеу — бір ақырет» [4; 139, 140]) оқығанда, қазақ поэзиясына дара тұлғасымен келген, өлең патшалығында ойып алған орны бар толағай ақындарымыздың бірі де бірегейі — Мұқағали Мақатаев екенін түсінесің.
Ал мына бір жалғыз ауыз шумақты нағыз ақынның нағыз жырға берген бағасы деп білуге болады:
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Төрт жолға («Өлең деген тумайды жайшылықта» [4; 140]) осынша ойды сыйғызу, сөз құдіретін дəлелдеу, жыр қуатын осылайша аспандату — тек Мұқағалидай ақынның ғана қаламынан туатын шеберлік.
Мен өмірді жырлау үшін келгемін... Мұқағали Мақатаевтың туғанына.... жыл толуына орай жүктеу