Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектепке дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы
Мектепке дейінгі балаларға арналған жұмбақтар
Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша.
(таба нан)
***
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
***
zhumbakhtar - zhauabimen
Тырау - тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам, сорпасы адал,
Ол не балалар?
(аралар)
***
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…
(сағат)
***
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)
***
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
***
Ұзын мойны, Екі ішек,
Қатар - қатар тепкішек.
Басып көрсең бір - бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
***
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)
***
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
***
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)
***
Тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
***
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)
***
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)
***
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)
***
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)
***
Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге.
(ай)
***
Дәмін таттсаң – тәтті - ақ,
Түсін көрсең - әппақ.
(қант)
***
Екі басты айдаһар,
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп,
Қағазды жеп қояды.
(қайшы)
***
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)
***
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ - сылқ күледі.
(бұлақ)
***
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
***
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)
***
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)
***
Шіркіннің өзіне обал - ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)
***
Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк - теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
(шар)
***
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе
(айна)
***
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
***
Әрі төсек, әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Сәби)
***
Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)
***
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)
***
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)
***
Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……
(арыстан)
***
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)
***
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)
***
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)
***
Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық, зорлық кәсібім, Тамақтанар - нәсібім.
(қасқыр)
***
Түрі - жылқы бейнесі,
Жолақ - жолақ жейдесі.
(зебра)
***
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)
***
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
***
Орманда - тұрағы
Тоқ - тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
***
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)
***
Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)
***
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)
***
Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.
(сиыр)
***
Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)
***
Бір - біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі - бері көшіп.
(поезд)
***
Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз - дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не, ал кім біледі?
(троллейбус)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама