Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы жұмбақтар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы жұмбақтар

Үстінде қос қорабы,
Мінсең көлік болады,
Жақындасаң қасына,
Қорқытады баланы (Түйе)

Адамға серік,
Күзетке берік
(Ит)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
(Қой)

Төрт бұлағы сүт
Баққанға ол құт
(Жылқы)

Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу
(Түлкі)

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
(Қоян)

Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Аю)

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(Мысық)

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(Сиыр)

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

Басы — тарақ, арты — орақ.
(әтеш)

Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім?
(құлыншақ)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
(ешкі)

Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
(жылқы)

Күнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем
(қой)

Қалың қорық нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем
(сиыр)

Жеміс - жидекжегенім
Балды жақсы көремін
(аю)

Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам
(тиін)

Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын.
(маймыл)

Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын, табыңдар.
(арыстан)

Үстім жолақ
Тісім - орақ
Күшім мол - ақ,
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы, қайсы аңмын
(жолбарыс)

Әртүрлі, орта бойлы ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.
(есек)

Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды.
(бұлбұл)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(аю)

Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бырақ та,
Қашып жүрер жырақта.
(кірпі)

Бітімі тұрқы,
Аумаған жылқы
Мәйкесі жолақ,
Айыбы солақ.
(зебра)

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.
(көгершін)

Апан - апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесің мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салып алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)

Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)

Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып (Аққу)

Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ - бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)

Басында көп - ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады. (Бұғы)

Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам? (Тасбақаның сауыты)

Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (Шошқа)

Доп пішіндес тасты
Бауырына басты (Жұмыртқа басқан құс)

Секіреді – бала емес.
Сақалы бар – шал емес. (Серке)
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама