Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы

Балабақшадағы балалар үшін жұмбақтар тақырыптары шектеулі, өмір тәжірибесі аз болғандықтан өмірінде, тұрмыста кездестіретін жұмбақтар пайдаланғанымыз жөн. Тәрбиеші жұмбақтарды оқу әрекетінің кез келген этапында қолдана алады.
Мазмұны:
Кіріспе, озектілігі..................................................................................... 4
Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар................................................. 5 - 7
Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы жұмбақтар...................... 8 - 13
Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар...................................... 14 - 18
Табиғат құбылыстар туралы жұмбақтар............................................... 19 - 25
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар................................................... 26 - 30
Суретті жұмбақтар................................................................................... 31 - 45
Қолданылған әдебиеттер....................................................................... 46
Кіріспе, өзектілігі
Жұмбақ – адамның ой - өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір затты немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын шағын әдеби жанр.
Қай кезді алсақ та, жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиет күшеюімен қатар, "Жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл ой теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және барлық басқа халықтарының арасында да әлі күнге тыңнан туып, молайып, дамып келеді.
Жұмбақ жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланы халық поэзиясы әлеміне баурайды, оған эстетикалық ләззат береді. Баланың ақыл ой қабілетін дамытып, ой - өрісін, танымдарын кеңейтеді. Жұмбақтар заттардың, нәрселердің, құбылыстардың қыр - сырларын талдауға, салыстыруға, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға үйретеді.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр - сырын, сын - сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып - танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды адам мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді. Бұл балалардың ақыл - ойын дамыту мәселесін шешудің бір жолы деп білеміз.
Жұмбақ - логикалық мәтінді есеп. Жұмбақты шешу - ол сұраққа жауап беру, яғни күрделі ойлану әрекетін жасау. Жұмбақта жасырынған зат шифрланған, жасырылған яғни, оны шешу тәсілдері өте көп. Жұмбақты шеше отырып балалардың даму мүмкіндіктері сан алуан. Ең маңыздылары:
Тапқырлығын, ой - өрісін, шапшаңдылығын дамытады.
Ақыл - ойдың жұмысын арттырады.
Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, зеректігін, фантазиясын дамытады.
Қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейтеді.
Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар
Қашып кеткен атадан
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан
(Бауырсақ)
Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан
(Алладин)
Үй жинаған ұқыпты
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты
Салыпты ғой әлекке
(Мақта қыз бен мысық)
Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира, Бану достары
Шерхан оның қас жауы
(Маугли)
Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады
(Қызыл телпек)
Аяғынан тұсаулап,
Кемпір оны ұстайды.
Желмен ұшар желпілдеп
Босап кетсе бұл шалы
(Қаңбақ шал)
Құрастырушы: Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы
№10 «Алтын бала» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Сыздыкова А. К.
Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы жұмбақтар
Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар
Табиғат құбылыстар туралы жұмбақтар
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар
Әртүрлі жұмбақтар