Мейірбек пен қара тал
Ол өзінің жалғыздығына қатты налып, мұңая ойланды. Айдалада елсіз-күнсіз жерде жападан-жалғыз, жеке, оқшау өскенін соңғы күндері қатты уайымдап жүр. Биыл ылғал өткен жылғыдай мол емес. Ауа райы құрғақшылыққа өте бейім болып тұр. Соңғы кездері күн мүлдем ысып кетті. Қара тал қинала күрсінді.
— Шіркін-ай, күн нөсерлетіп жауып берсе ғой! — деп қиялдады. Жапырақтары мүлдем жүдеп, реңдері солғын тарта бастағандай болды.
«Су, су, су!» деп әр жапырақ әр тұстан әлсіз күңкілдескендей, жан-жаққа телміре қарады. Алыстан бұраңдап аққан өзеннің ағараңдаған бейнесі назарға шалынады.
Бүгін Мейірбектің қуанышы қойнына сияр емес. Әкесі дүкеннен су жаңа велосипед сатып әперді. Өзінің әдемілігі қандай! «Орленок» деп алтындап жазған әрлі жазуы мүлдем әдемі. Әкесі бұл күтпеген тағы бір қуанышты хабарды айтты.
— Маятастағы атаңның үйіне барасың. Барып қолқабысыңды тигіз.
— Велосипедті де апарамын ба?
— Әрине!
Мейірбек әкесін құшақтай алып, бетінен сүйді.
— Қашан барамын?
— Ертең, сүт таситын машинаға мінгізіп жіберемін.
— Ой, қаңдай жақсы болды!
Маятасты Мейірбектің бірінші көруі. Әсіресе құрама қабақты астарлай аққан өзенді қатты ұнатты. Айнала — калың жыныс, ну тоғай. Сонау алыста жазаңға құлап, ойпатпен ұласар тұста жарқырап аққан өзен жайдары көрінеді екен.
— Ой, қандай жаксы болды!
Мейірбек алғашқы екі-үш күн бойы осы өңірдің табиғатын біршама тамашалады. Бүгін ауылдан ұзаңқырап, алыс кетіп еді. Жалғыз аяқ, көнелеу сүрлеумен келе жатқан. Велосипеді сылаң соқпақпен суси сырғанап, жеңіл келеді. Бойшаң, бұйра жусандар дөңгелек шабақтарына еркелене бас соғып, бұлғақ қаға артта қалып жатыр.
Ол бүгін мүлдем көңілді. Соңғы күңдері болып тұрған ыстыкты да көп елең қыла бермейді. Жаңа жүйрік «Орленок» жас жанына тыншу берер емес.
— Көкешім-ау, күн өтетін болды ғой! — деген әжесінің қамқор сөзіне де көп илана бермейді.
Қара тал елең етіп, сонау қашыктан көрінген қараға назар салды. Астына мінген көлігінің түсі қандай ашық еді?! Қып-қызылын-ай! Өзі жарқ-жұрқ етеді. Қалай қарай барар екен, ә?
Тал бойыңда әлдебір әлсіз үміт оты тұтана бастады.
— Міне, қызық! Мейірбек катты таңдаңды.
— Жапан далада жалғыз өзі неғып тұр? Өте қызық! Алыстан көз тартып, менмұндалап шақырған Қараталға Мейірбек бөлекше құмарлықпен көз тікті.
— Қой, бұл тұрғаным болмас. Не де болса барайын! — деді. Тақала бере Мейірбек қара талдың әлі жас екенін, әлі әлсіз екенін іштей түйіп үлгерді.
***
— Алақай-ай! Алақай-ай!
Жапырақтар жамырасып қоя берді.
— Қуануға әлі ертерек! — деп, қара тал сенімсіз үнмен тіл қатты.
— Неге қуанбасқа! Бетін бері бұрды ғой! Ол тектен-тек бұрыла ма?
— Қайдам... — Қара тал осыдан соң үнсіз қалды да, — өзі шынында да бізге карай келе жатыр, — деді. Үнінде сенімділік пайда бола бастады.
***
— О, бауырым! Амансың ба? Жалғыз өзің бұл жерге қалай келгенсің? — деді Мейірбек велосипедінен түсіп жатып. Үнінен мейір лебі еседі. Келіп, қара талдың бүйірінен сипады.
— Туысқан, келгеніңе көп рақмет. Мен судан шөлдеп өлгелі тұрмын. Мына аңызақ аптап апшымызды қуырып барады. Жапырақтарым жылап, жанын қоярға жер таба алмай тұр, — деді аянышты үнмен. Мейірбек қара талды қатты аяды. Ол тілге келген жоқ.
— Мен қазір, — деп, велосипедіне мінді де, кері қарай құйындата жөнелді.
Ол көп кешікпей қайтып келді. Велосипедінің артына таңған кішкене күрекшесі мен шағын тобатай шелегі бар.
— Бауырым, сәл шыда! Асықпа! Мен қазір, — деді де, күрекшесімен қара талдың айналасына су ұялайтыңдай топырақ қомдады. Тобатайын қыса ұстап, өзенге жүгірді. Танауы тершіп, шөпілдеген мөлдір суды қара талдың түбіне құйды.
— Айхай-хай-хай, рақат-ай! Қара талдың тұла бойы ғажайып сезімге бөленді.
— Рақмет, туысқан! — деді емірене.
— Әлі рақмет айтуға ертерек, — деді де Мейірбек өзенге қайта беттеді. Ол осылай бірнеше рет су әкеліп, талға құйды. Жапырақтардың қуанышын тілмен айтып жеткізу еш мүмкін емес-ті. Тамырмен бойлап, өзекке жеткен кәусар су жапырақтарды дүр сілкінтті. Барлығы беттерін көкке тосып, күн көзіне айшуақ ажармен қарасты. Еркелене соққан самал жел ырғағымен барлығы билеп ала жөнелді.
— Өздерің қандай көңілдісіңдер! — деді Мейірбек риза пішінмен, маңдай терін сүртіп койып. Талдан түскен қою көлеңке жанға мүлдем жайлы екен.
— Сендей баламен дос болғандардың барлығы да көңілді болуға тиіс, — деді қара тал байсалды пішінде.
— Айтпақшы, сенің атың кім?
— Мейірбек.
— Өте тамаша есім екен.
— Рақмет.
— Мен сені ешқашан есімнен шығармаймын.
— Мен де.
— Ендеше екеуіміз дос болайық.
— Мен сенімен баяғыда-ақ достасып қойғанмын.
Қара тал қатты риза болды. Күн кешкіре бастады.
— Мен ауылға қайтамын, — деді Мейірбек.
— Ертең келесің бе?
— Әрине, келемін.
Қара тал көңілденіп кетті де:
— Ертерек келші. Біз сені асыға күтеміз, — деді.
Қара тал жалғыздық дегеннің ете ауыр екенін бүгінгі түні түсінгендей. Бұрын тап осыңдай халді бастан кешіп көрмеген екен. Қанша ұйқысы келсе де, тынши алмады. Өз-өзінен елегізіп, көзін ашып алып, жол жаққа қарағыштай береді.
— Ойпыр-ау, бұл қалай? Бұрын қалай тіршілік етіп келгенмін?
Бойымен жүгірген су ағыны жанын жайландырып барады. Бір кезде Мейірбектің бұған сүйеніп тұрып, өзін еркелете сипағанын есіне алды. «Алақаның қандай жұмсақ!»
Мейірбекті сағынып кетті.
Кенет қара тал елең ете түсті. Өзара күбірлесіп тұрған жапырақтары да тынши қалды.
— Ой, аяғым-ай! Аяғым-ай! Жаныма батты-ау! — деп күрсіне қиналған дауыс естілді.
— Бұл кім?
— Мен ғой.
— Ақбөкенмін.
— Не болды?
— Аяғым сынды.
— Неден?
— Оқтан.
— Мұнда кел тезірек!
Ақбөкен кідіріп қалды. Екі бүйірін соғып, ыңқ-ыңқ етеді.
— Не істейсің, не қылмақсың?
— Ертең менің досым келеді. Соған жолық. Сол емдейді аяғыңды.
— Ол кім?
— Мейірбек деген бала.
— О, жоқ-жок, мен біреуінен әрең кұтылып, енді екіншісінің қолына түсер жайым жоқ.
— Ақбөкен, достым, ол ондай адам емес.
— Жоқ, мен оларға сенбеймін.
— Тоқта, Ақбөкен, егер сенбесең, менің жапырақтарымнан сұра.
Олар:
— Рас, рас! — деп олар түн ауасын жаңғырта шуласты.
Ақбөкен енді иланғандай. Ақсандай басып қара талға жақындады.
— Кел, мұңда жат! — деп өзінін түбін нұсқады.
— Мына жер жақсы, салқын екен. Түу, әбден өлесі болдым-ау, — деп, Ақбөкен бір бүйірінен жата кетті.
Қара тал түс көрді. Ақбөкенді машинаға мінген есер топ еліре қуып келеді. Қолдарында бір-бір мылтық. Айнала тарс-тұрс атыс. Ызы-қиқы елірген шу. Жалғыз Ақбөкен басын тұқырта төмен салып алып, ызғып келеді. Артқы бір аяғы сынған екен. Салақтаған сирағы жүгіргенде дегелек ойнап келеді.
Кенет бір тасадан Мейірбек қызыл велосипедімен жарқ етіп шыға кедді.
— Тоқта! Тоқта! — Қос қолын көкке жайып жіберіп, рөлін босатып қоя берді де, қаптаған қалың мылтықтың алдынан қасқайып қарсы шықты.
— Ах, оңбағаңдар, тоқтаңдар!
Бірақ аласұрған машина тоқтар емес. Ағындап келеді. «Енді болмаса қағады-ау! Құтылсаңшы! Өлтіреді-ау сені ана жауыздар!»
Қара талдың көзінен жас шығып кетгі.
Ол ұйқысынан шошып оянды. Көзін ашып алса, әбден әлсіреген Ақбөкен еңді тыныш тауып, тәтті ұйқыға бөккен екен.
Анандай жерде ақсия күлген Мейірбек велосипедімен келеді. Көгілдір тобатайына қоңдырып алған қара талдың кішкентай көшеті бар.
— Енді сен жалғыз болмайсың! Міне, көрдің бе, мұнда саған лайық серік таптым. Түп топырағымен ойып әкеле жатырмын. Көрдің бе, мұнда қарашы! — деп таңғы ауаны жаңғырта айқайлап келеді.
Қара тал шын жылады, егіле жылады. Қуанғанынан жылады. Елегізіп қалған Ақбөкен қара талға бір қарап, Мейірбекке бір қарап, аң-таң күйде аз тұрды...