Не үйрендік? Не білдік?
Сабақтың тақырыбы: «Не үйрендік?» «Не білдік?»
Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау, сандарды (тура, кері) санауға, заттардың көлемін салыстыру, геометриялық пішіндерді ажыратуға және атай білуге үйрету мақсаты көзделеді.
Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсініктерін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын байыту.
Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай біліп, көмек көрсетуге, табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгіме, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер,
«Шалқан» ертегісі, ойындар: «Гүл құрастыру»,
«Сыйқырлы сандық», магнитофон, әртүрлі суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар енді келген қонақтармен амандасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Орнымызға отырайық. Қазір бір - бірлеріміздің қолдарымызды ұстап сәттілік тілейік(хормен айтады сәттілік тілеймін.
- Балалар, бізге бүгін сабаққа қонақтар келіп қалыпты. Сабаққа барлығымыз қатысып, өз білімімізді көрсетейік. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға жұлдызша беріліп отырамын. Сабақтың соңында кім қанша жұлдызша алғанын көреміз. Біз сабақта қалай отыру керектігін білеміз ғой. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Не үйрендік? Не білдік» деп аталады. Қане, ең алдымен есімізге түсірейікші.
- Неше жыл мезгілі бар?
- Дұрыс, 4 - еу
- Қандай?
(Көктем, жаз, күз, қыс) дұрыс.
Әр мезгілдер туралы оқушылардан сұрау.
- Ал бізде қазір қандай мезгіл?
- Кім маған айтады?
- Көктем, дұрыс.
Көктемде қандай жұмыстар жүргізіледі.
Мыс: жер жырту, егін егу, көкөністермен жемістер егеміз.
- Мынау ненің суреті?
- Шалқан, дұрыс.
Ендеше, бүгінгі сабақ «Шалқан» ертегісінің желісі бойынша өтеді. Ертегіні мұқият тыңдап отырамыз. Ертегі былай басталады. Бір күні шал шалқанды егеді. Ол шалқаннан мол өнім алмақшы болады. Шалқанды еккесін оны, күтеді, арам шөбін жұлады, су құяды. Шал су құйған сайын: өс шалқаным, өс, тәтті болып өс, қатты болып өс деп айтады. Сөйтіп, уақыт өтеді. Бір күні шал бақшаға барса, шалқан үп - үлкен болып өсіп кетіпті.
Оны өзі жұлып алмақшы болып әрі - бері тартады, тарта алмайды.
- Ой, балалар шалға көмек көрсету керек. Біз білеміз үлкендерге не істей керек? Көмек көрсету керек. Ендеше, шалға көмек көрсетейік.
1. Ойын ойнайық: «Гүл құрастыру»(математика)
Ойынның шарты: Тақтада гүлдің дөңгелекшесі ілулі тұр. Ол гүлдің жапырақшалары жоқ. Жапырақшалар мына үстелдің үстінде тұр. Оны қазір кезек - кезекпен жапырақшаларды алып, құрастырасыңдар. Жапырақшалардың артындағы тапсырмаларды орындайсыңдар.
Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Біз шалға көмек көрсетіп едік, оған көмекке кемпірі де келіп қалыпты. Шал мен кемпір шалқанды әрі - бері тартады, шалқанды тарта алмайды. Қане, мына тапсырманы орындай қояйықшы.
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
5 - ті, 5 - ке қосқанда
Болып шықты он саусақ.
2. Ойын: «Сиқырлы сандықша» (сауат ашу) Сол кезде музыка қосылып, ортаға сиқыршы келеді. Сиқыршының қолында сиқырлы сандық болады.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе?
- Балалар мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
- Дұрыс, сиқыршымын. Мен бүгін сендерге қонаққа келіп қалдым. Сендерге жай келген жоқпын өзімнің сиқырлы сандығымды ала келдім. Сандығыма қараңдаршы қандай әдемі. Бұл сиқырлы сандықтың ішінде тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды қазір кезек - кезекпен орындайық.
- Мынау не?
- Ол қандай дыбыстан басталады? Буын бөлу, қалай дыбыс шығаруын сұрау.
- Балалар, шал мен кемпірге кім көмектесуші еді.
- Естеріңде ме?
- Дұрыс, немересі.
Ал, қазір біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
«А» деді, «Б» деді
«Р» - ға тілі келмеді.
Біраз сергіп алдық. Сөйтіп, шалқанды шал тартады, оның артынан кемпір, кемпірдің артынан немересі әрі - бері тартады, тарта алмайды. Сол кезде немересі көмекке итті шақырады. Төртеуі әрі - бері тартып, шалқанды шығара алмайды.
- Балалар, оларға біздің көмегіміз керек болып тұр. Қане, ол үшін тақтада ілулі тұрған сөздерді оқиық. Кезек - кезекпен тақтаға шығады.
(оқыту, буынға бөлу, сөйлем құрау)
Жақсы тапсырманы орындадық. Шалқанды төртеуі әрі - бері татып, шығара алмай жатқанда, оларға көмекке мысықта келді. Шалқанды шал тартады, шалдың артынан кемпір, кемпірдің артынан немересі, немересінің артынан ит, иттің артынан мысық тартады. Бесеуі әрі - бері тартып, шыға алмайды. Оларға көмектесу үшін өз өнерлерімізді көрсетейікші.
- Қане, ортаға шығып «Біз не үйрендік» әнін орындайық. (хормен)- Балалар, әнді де, өлеңді де жақсы айтады екенсіңдер.
Қорытындылау:
- Балалар, қараңдаршы! біз өнерімізді көрсетіп жатқанда оларға көмекке тышқан келу керек еді, ол кешігіп жатыр. Ол келгенше сендер мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Бүгінгі сабақта қандай ертегі өттік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ал несімен сабақ сендерге ұнады?
Балалардың жауабы: Ертегімен таныстық, жыл мезгілдерін, Сандарды санадық есеп шығардық, сөздерді оқыдық, буынға бөлдік, ән, өлең айттық) т. б
Жақсы балалар, әне, көмекке тышқанда келіп үлгерді. Сөйтіп
шалқанды шал тартады, шалдың артынан кемпір тартады, кемпірдің артынан немересі, немересінің артынан ит, иттің артынан мысық, мысықтың артынан тышқан тартады. Әрі - бері тартып шалқанды тартып шығарады. Ертегі осымен аяқталады.
Ендеше, қазір шалқанның суретін мен әрқайсыңа таратып берем, сендер оны бояңдар. Суретті бояп жатқанда музыка қосылып тұрады.
Жақсы суретті бояған оқушыны мақтау, мадақтау. Суретін көрсету.
Ал, енді балалар қазір кімде неше жұлдызша бар екенін көрейік. Қазір өздерің санап шығыңдар.
Балалар, сендерге көп рахмет. Бүгінгі сабаққа бәрін жақсы қатыстыңдар. Келген қонақтарға да рахмет.
Қазір, келген қонақтармен, орнымыздан тұрып, қоштасайық. Бәрі хормен «Сау болыңыздар» деп айтады. Сабақ аяқталады.