Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Педагогтарға арналған тренинг
Педагогтарға арналған тренинг
Мақсаты: Тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қабілетін арттырып, бір - біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастырып, ұжым арасындағы қарым - қатынасты дамыту. Эмоция туралы ұғымды кеңейту, адамның толық мінез - құлық сценариін жасауға мүмкіндік беру. Тренинг арқылы педагогтардың көңіл - күйлерін көтеріп, кәсіби шеберлігін шындап, топтасып жұмыс істеу жүйесін одан әрі жетілдіру.
Сабаққа қатысушылар: меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер, пән педагогтары
Сабақтағы жұмыс түрі: топтық
Сабақ әдісі: пікірлесу, ойын
Сабақ түрі: тренинг
Көрнекілік құралдар: Доп, жануар бейнесін бейнелеген карточкалар, май шам, маскалар, геометриялық пішіндер.
Тренингтің жүргізілу барысы: Тәрбиешілер музыка әуенімен залға кіреді. Тренингтің тақырыбы, мақсатымен танысады.

1. Психологиялық жаттығу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Кәнеки, бәріміз бір - бірімізге, туыстарымызға, және жер бетіндегі барша адамдарға шын жүректен денсаулық тілейік.
Өзімді - өзім жақтаймын,
Денсаулықты сақтаймын.
Жүректен жылы соншама,
Тілейміз саулық баршаға!
Үлкен махаббатпен,
Бәріңізге денсаулық тілейміз!

 1. «Танысу» Қолыңыздағы допты келесі тәрбиешіге бағыттар алдында өз есіміңізді және оның бас әрпін пайдалана отырып жақсы қасиетіңізді атаңыз.
2. «Өз үйіріңді тап» жаттығуы. Мақсаты: Топ арасында сенімділік ахуалын қалыптастырып, қарым - қатынасты дамыту. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, олардың біріне жануарлар аты жазылған жолақтар таратылады. Екінші топ сол жануарлардың үйірі болады. Бірінші топ ойыншылары көздерін байлап, келесі топ ойыншылары әзірлеген жануарлар дыбысына сай өз үйірін табады.(ойын аяқталған соң әр ойыншының әсері тындалады).
3. «Тар көпірде кездесу» жаттығуы. Нұсқау. Сіздер өзеннің үстінде орналасқан тар көпірде кездесуге барасыздар. Көпірден абайлап өтуге тырысыңыз...(Жаттығу аяқталған соң топпен талқылау. Көпірден өтер кезде сізде қорқыныш болды ма? Қандай әсерде болдыңыз? Сізге бұл ойын ұнады ма?).
4. (Маскалар шеруі). Мақсаты: Эмоция туралы ұғымды кеңейту, тәрбиешілерді мимика түрлерін жасай білуге тәрбиелеу. Тәрбиешілерге әр түрлі эмоция белгіленген маскалар беріледі. Тәрбиеші қолындағы маскаларда белгіленген эмоцияларды көрсетуі керек.(Жаттығу аяқталған соң топпен талқылау. Көңілсіз маскалардың көңіл - күйін қалай көтерер едіңіз? Маска жайында ойын толық айтып жеткізу т. б).
5. Сергіту сәті. «Шапалақ жаңбыр». – Ал сіздер, білесіздер ме, шапалақ соғудың өзі әр түрлі болады екен. Сол алақанға оң қолдың сұқ саусағымен соғамыз. Содан соң екінші саусақты қосамыз да \, екі саусақпен соғамыз. Содан кейін үш саусақпен: төрт, бес, тұтас алақанмен шапалақтаймыз. Тек бес саусақпен соғамыз. Бір саусақты алып төрт саусақпен соғамыз. Үш саусақпен. Екі, бір.(Жаттығу жетекшінің санауымен бір, екі, бірнеше рет қайталанады). – Жарайсыздар! Көңіл - күйлеріңіз қалай? Көңілдеріңіз көтерілді ме?
6. Панарин тестісі бойынша тренинг. – Әртүрлі геометриялық пішіндердің ішінен ұнаған пішінді таңдайсыз. Мақсаты: Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға, кез - келген адамға толық мінездемені түсінікті етіп жеткізу. Мінез - құлықтың сценариін жасауға мүмкіндік беру. (Жаттығу аяқталған соң әр пішінге мінездеме беріледі).
7. Май шаммен өткізілетін тренинг. Қорыту. Жүргізуші: Міне, біздің бүгінгі кездесуіміз аяқталды бірақ, жолымыз біткен жоқ. Біз сіздермен әрдайымда қозғалыстамыз. Кез - келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар шығады, жаңалықтың шегі жоқ. Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз». Мен сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама