Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Поэзияны оқыту – оқушының ұшқыр қиялын дамыту
Поэзияны оқыту – оқушының ұшқыр қиялын дамыту

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы – деп Абай атамыз өлең жазуға өте жоғары талап қояды. Ал А. А. Блок «Поэзия ойлаудан басталады» дей отырып, поэзиялық шығармалардың тереңдігін оған жай көзбен қарауға болмайтындығын танытады.
Поэзиялық шығармаларды лириканы оқыту оңай емес. Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде емес, ең бастысы оқушылардың оған деген көзқарасында. Әсіресе 5 - 8 сынып оқушыларының көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойы көрініп тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаға тартудан гөрі, прозалық шығармаға тарту оңай тиеді. Лирикалық шығармаларда ақынның ойы сезімі, жан - толқынысы, тебіренісі бейнеленеді. Оны оқушылардың бірден қабылдауы, тануы, сезінуі қиын. Оқушы да асқан нәзіктікпен, сезіммен ойлана білуі керек. Бірақ, барлық адам бірдей ондай ақынжанды болып келмейді. Сондықтан өлеңді тану қиынға соғады.
5 - 8 сыныптарда өлең оқытуда мына мәселелерге көңіл қою керек.

1. Сабақтың алғашқы кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Лирика туралы әдеби - теориялық ұғым беру.
2. Өлеңді алдын - ала үйден оқып танысуға беру.
3. Оқушыларға өлең құрылымын алдымен теориялық жағынан талдату, мағынасын сұрау.
4. Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға көңіл бөлу.
5. Өлеңдегі ақынның көңіл - күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі өлеңнің әсеріне де назар аударту.
6. Тақырыпқа сай саз әуенін, бейнелеу өнерін басқа да өнер туындыларын көрнекілікті үйлесімді пайдалану.
7. Тиімді оқу жағдайын туғызу.
8. Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыспен шұғылдандыру.
9. Әртүрлі сабақ үлгілерін іздену ( жарыс сабақ, пәнаралық байланыс сабағы, сын тұрғысынан ойлау сабағы т. б).
10. Өлеңді өтпес бұрын туындыгермен таныстыру, оның бейнесін сомдауға баулу.
«Ұлттық білім беру жүйесінің басты мақсаты - оқушыға терең, мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім беру. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім берудің басты мақсаты - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тануға, оны қабылдаудың әдіс - тәсілдерін жетік білуге, өзін - өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге қажеттілік туғызу. Осының нәтижесінде оқушы бір ғана салалық білім алумен шектелмей, жан - жақты білім алуға, өзінің қоршаған дүниенің заңдылықтарын тұтастықта қабылдауға қалыптасады. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім тұтастық, жүйелілік ұстанымдарына негізделеді. Сатылай кешенді талдау технологиясында білім беру мен тәрбие қатар жүргізіліп отырады. Оқушы білім ала отырып, алдымен ұстазынан тәрбиенің үлгісін алса, бірте - бірте жолдастарының жағымды қасиеттерінен үлгі - өнеге алады, жүре келе өзін - өзі тәрбиелеуге дағдыланады»,- дейді Н. А. Оразахынова.
«Бала қашан да бала», «Бала - болашақ данышпан» деген қағида бар. М. Жұмабаев:«Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды,»- дейді. Баланың поэзияға деген қызығушылығын ояту, оның ойына қозғау салу мұғалімге байланысты. Мұғалім баланы қалай жетелеп бағыттаса, оқушы да солай дағдыланады. Мен бұл жұмысымда 7 - сыныпта өтілетін кейбір өлеңдерді оқушыларға қалай түсіндіргенім жайында сөз етпекпін.
Өлеңдерді өтпес бұрын оны жазған ақынмен оқушылардың таныс болғаны дұрыс.
Ақберген батыр, дауылпаз ақын Махамбет өлеңдерін өткенде алдымен оқушылардан батыр туралы білетіндерін сұрап, Махамбеттің кім екенін білдіру мақсатында топтастыру әдісі бойынша сызбаны толтыртамын.

Махамбеттің суреті
Киелі аруақ иесі
дауылпаз ақын
Сазгер
ерен ерлік үлгісі
азаттық аңсаған ер
Осы жазғандарын өздеріңе дәлелдетемін. Мысалы, Махамбет - сазгер десек, сазгерлігіне дәлел «Жұмыр қылыш», «Өкініш» т. б. күйлерін айтады.

Семантикалық карта арқылы өлеңдерін қаншалықты білетіндіктерін байқаймын.
Өлеңдері: «Мен кім», «Жәңгірге айтқаны», «Тарланым», «Әсемпаз болма әрнеге», «Мен жастарға сенемін», «Ат сыны»
Ақындары:
Махамбет
Абай
Мағжан

«Қызғыш құс» өлеңін өтерде қызғыш құстың қандай құс екендігі сұралады. Өлеңді мәнерлеп оқытып, түсінгендерін сұраймын. Сұрақ:
1. Өлең қай кезде шығарылған?
2. Ақын неліктен жалғыздықпен дос болды?
3. Ақынның «Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні» деген жолдарын қалай түсінесің?
Ақынның өз басындағы ауыр халы, көрген зорлығынан лашыннан тепкі көрген қызғыш құстың ауыр халін қаз - қатар қойып, сол арқылы ақынның ішкі өз жағдайы көрсетіледі. Яғни, табиғат құбылыстары арқылы адамның сезім дүниесі суреттеу психологиялық параллелизм деп аталатындағы түсіндіріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама