Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Тақырыбы: «Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері»
Мақсаты:
Дамытушылығы: Тік төртбұрыштың ( шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері туралы ұғым бере отырып, оқушыны дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету.
Білімділігі: Өздігінен жұмыс жасау, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру, бойларына ұжымшылдық сезімін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойлау, есте сақтау қасиетін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ – жауап, дәлелдеу, бес жол өлең.
Көрнекілігі: Слайд, сызбалар, тест, парақшалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қол ұстасып тұрыңдар, көршілеріңе күлімсіреңдер және бір – біріне табыс тілеңдер.
ІІ. Тірек білімді өзекті ету.
Ауызша жұмыс. Ойын « ғажайып алмалар»
Оқушылар алмалардың артында жасырынған ауызша сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Жаңа мағынаны таныту.
Ұжымдық талдау. №1
Тік төртбұрыштың периметрін тап:
Неліктен былай табуға болады?

(3см + 1 см) х 2 =8 cм

№2. Шаршының периметрін тап.
Тік төртбұрыштың периметрін былайша табуға болады:
1 – тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;
2 – тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2-ге көбейту арқылы.

Бұл шаршының периметрін былай табуға бола ма?
Шаршының периметрін былайша табуға болады:
1 – тәсіл: Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;
2 – тәсіл: Оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту.

№3, №4. Топтық жұмыс.
IV. Сергіту сәті.
№5. Ауызша орындалады.
№6. Тақтамен жұмыс.
№7. Топтық жұмыс. Кестелерді толтыр.
а ----- 4 ---- 6 --- 10 --- 30
а х 2
а ----- 2 ---- 4 --- 3 --- 6
12: а
V. Парақша мен жұмыс.
VI. Тақтамен жұмыс
Шарты: 3 бала – 4 текшеден 42 текше
Шешуі: 42 – 3 х 4 = 30
VII. Шығармашылық жұмыс.

Тік төртбұрыштың периметрін тап:
І топ: 5см және 4см
ІІ топ: 7см және 1см
ІІІ топ: 3дм Шаршының периметрін тап:
ІҮ топ: 3см, 4см, 5см Үшбұрыштың периметрін тап:

VIII. Топтық жұмыс. Тест.
IX. Бес жол өлең.
X. Қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама