Қант және оның пайдасы мен зияны
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК Сапа менеджмент жүйесі
Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті Жамбыл Динара Қаржаубайқызы
Жетекшісі арнайы пән оқытушы Закираева Роза Турсынбаевна
ЖОСПАРЫ
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Қантты қандай өсімдіктерден аламыз?
Қант өндірісімен өндірілетін қанттың негізгі түрлері қандай?
Қанттың отаны.
Қантты күніне қанша грамм тұтынғанымыз дұрыс?
3. Зерттеу бөлім
Қанттың ерекше қолданысы
Қанттың сапасына қойылатын талаптары қандай білесіз бе?
Қанттың адам ағзасына пайдасы мен зияны қандай?
Қантты шамадан тыс жеудің адам ағзасына әсері қандай?
Сөздіктері
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Аннотация
Студенттің «Қанттың пайдасы мен зияны» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қант жайлы мәліметтер жинап, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында қанттың пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші өз жұмысын қорыта келе, қантты шамадан тыс тұтынудың зияндылығын және шамадан тыс тұтынбауды ұсынды. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында қант жайында мәліметтер жиналды. Қанттың адамға пайдасы мен зиянын, емдік қасиеттері көрсетілді.
Өндірістік оқыту шебері: Закираева Роза
Ғылыми ізденіс жұмыстың мақсаты:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қанттың ең алғаш қайда пайда болғанымен танысу;
- Қанттың жасалу технологиясымен танысу
- Қанттың сапасын анықтау;
- Қантты тәулігіне қанша грамм тұтыну керектігін білу;
- Қанттың адам денсаулығына пайдасы мен зиянын көрсету.
Кіріспе
Ас – адамның арқауы.
Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді. Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (410 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі – көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12О6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т.б. өндірістерде пайдаланылады.
Қанттың отаны Үндiстан Қанттың шыққан жерi Ежелгi Үндiстан деп есептеледi. Бiздiң елiмiзде қанттың қант қызылшасынан өндiрiлетiнiн бiлемiз. Бiрақ қант жасауды дәл 1747 жылдан басталғанын екінiң бiрi бiле бермейдi. Нақ сол жылы немiстiң А. С. Маргграф деген химигi не болар екен деген оймен қызылшадан ақ кристалл зат шығарып, дәмiн татып көргенде борық қантынан аумайтынын байқайды. Алайда жұрт бұған мүлдем ден қоймай, бұл әдiс елу жылдай елеусiз қала берген. Қант өндiрудiң өнеркәсiптiк технологиясын жасап 1802 жылы Кунер қаласында алғашқы қант зауытын салдырған. А. С. Маргграфтың дарынды да iскер шәкiртi Ф. К. Ахард болды. Қазiргi уақытта қант қызылшасы мен, қант борығы жер шарында әрқайсысы шамамен 7миллион гектар алқапта өсiрiледi. Дегенмен қызылшада қант аз болғандықтан дүние жүзiнде қанттың 60‰-ы қант борығынан өндiрiледi.
Негізгі бөлім
Қантты қандай өсімдіктерден аламыз?
Қанттың отаны
Қант қызылшасын кімдер өсіре бастады?
Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқылардың бірі болып қант қызылшасын Мысып жерінде өсіре бастаған екен. Бірақ оны қант алу үшін емес, құлдарға тағам ретінде ғана қолданыпты.
Қант қызылшасының құрамында қанттың көптігін 1747 жылы Андреас Маргграф ашқан екен. Ол қант қамысының Еуропа жерінде өспейтініне көз жеткізген соң, оның орнын басатын өсімдіктікті іздей бастайды. Себебі, бұл уақытта қант Еуропа жеріне Куба, Мексика, Бразилия және АҚШ жерінен жеткізілетін еді. Сондықтан да оның бағасы тым қымбат болды.
Селекционерлер қолда бар өсімдіктердің құрамын тексерік шықты. Ең қолайлысы әрі құрамынан қант алуға болатын қант қызылшасы болып шықты. Маргграфтың ойлап тапқан жетістігін оның шәкірті Франц Карл Ахард қана іске асыра алды. Ол өмірінің барлығын қант қызылшасынан қант алуға жұмсап, 1801 жылы арнайы фабриканы жабдықтады.
Шақпақ қантты кім ойлап тапты?
Төртбұрышты үлгідегі шақпақ (рафинад) қантын ең бірінші болып чех оқымыстысы Рад Кристоф Яков ойлап тапқан. Ол өзінің ең бірінші Ол өзінің ең бірінші 350 түйірден тұратын бір қорап шақпақ қантын әйеліне тарту еткен. Бұл 1841 жылы болатын. Содан кейін бас көтермей жұмыс істеп тәжірибесін жалғастырды. Алғашқы шақпақ қанттар сатылымға 1843 жылы шыға бастады. Радтың саудаға шыққан алғашқы шақпақ қанттары бір қорапта 250 түйір болды және олар «Шай қанты» деп аталды.
Қант қалай жасалады?
Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуын, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады.
Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып «өсе» бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі.
Сен білесің бе?
•Қанттың орыс тіліндегі «сахар» сөзі арабтың «суккар» және санскриттегі «саркара» атауымен туыстас.
•Тарих мамандарының айтуынша, Үндістанмен қатар Қытай да қанттың отаны саналады.
•Саудаға түскен ең алғашқы қант сатып алған адамның байлығының қандай дәрежеде екеніндігін көрсететін болған.
•Қант қамысын алдымен парсылар, содан кейін барып арабтар оны Мысыр жеріне апарып өсірген.
•Мұнан 2000 жыл бұрын үндістандықтар қант кристалдарын жасай білген. Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Үндістан жеріне жеткенде араларсыз «бал» алынып жатқандығын көріп таң қалыпты.
•Қантты Еуропа жеріне таныстырғандардың бірі де осы Ескендір Зұлқарнайын мен оның жауынгерлері.
Қантты күніне қанша грамм тұтынғанымыз дұрыс?
Қанттың тәуліктік физиологиялық нормасы гр ды құрайды. Бірақ оны адамның жасына, денсаулығына байланысты дифференциалдау керек.
Жасөспірімдерге бір күнде 25 грамм ғана ( ең көп дегенде) қант беруге болады екен. Мұны бір шай қасықпен есептегенде алтауы шығады.
«Circulation» басылымының жазуы бойынша, 2 жас пен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер күніне 6 шай қасық қанттан көп пайдаланбағаны абзал. Егер балалардың біркүндік қант мөлшері 25 граммнан асатын болса, жүрек-қан тамырлары, созылмалы және семіздік секілді ауруларға тез шалдығу көрсеткіші жоғарылайды екен. Сондай-ақ басылым сарапшылары біркүндік қант мөлшерін бір шай қасықпен өлшеп қана қоймай, күнделікті тұтынатын сусындары мен тағамдарының құрамындағы тәттінің мөлшеріне де мән беруге кеңес береді.
Екі жасқа толмаған сәбилерге қант берудің тіпті қажеті жоқ. Қант - cәбидің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ал екі жастан кейін де баланың тәттіге айрықша құмар болуына жол бермеу керек екен.
Айта кетейік, жақында Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары жүрек пен қан тамырлары, сусамыр мен тіс ауруларынан сақтану үшін күніне 5 шай қасық қанттан артық пайдаланбау туралы ғылыми-сараптамалық қорытындысын жариялаған болатын.
Зерттеу бөлімі
Қанттың ерекше қолданысы
Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.
Ғалымдардың жүргізген сараптамаларының нәтижесі таң қалдырмай қоймайды. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алады екен. Бактерияларға дамып көбейуі үшін ылғал қажет, ал қант артық ылғалды өзіне жұтып алады.
Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады.
Қант қосылған дене терісіне арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.
Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.
Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б. дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа қойып қойыңыз.
Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ, кофе, т.б.) қант кетіре алады.
Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.
Ерініңізге далап дұрыс жағылмай ма? Ерініңізге зәйтүн майы мен қантты араластырып жағыңыз. 30 секундтан кейін оны сүртіп тастап, далапты жаға беріңіз.
Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны бактериялардан қорғайды.
Қанттың сапасына қойылатын талаптары қандай білесіз бе?
Қант сапасын екі стандарт бойынша: құмшекер және рафинад қантқа арналған бағалайды. Құмшекердің түсі жылтыр, ақ түсті, ал рафинад қант көгілдір реңді дақсыз, бөтен қоспасыз болуы керек. Дәмі құрғақ күйінде де, сулы ерітіндісінде де тәтті. Суда толық еру керек, ерітіндісі мөлдір, тұнбасыз болу шарт. Стандарттармен ылғалдылығы, сахароза мөлшері, редуцирленетін қанттың мөлшері, беріктілігі (рафинад қант үшін), суда еру ұзақтығы, т.б. нормаланады. Сахароза мөлшері 99,7%-дан аз болмауы керек, рафинад қантта сахароза мөлшері - 99,9%, ылғаллдылығы 0,1-0,4% - ға дейін.
Қанттың адам ағзасына әсері
Тағам ретінде қолданылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден бір қажет химиялық заттар — қанттар мен көмірсулар тобына жатады. Көмірсу және май алмасуының бұзылуымен бірге жүретін кейбір ауруларда (диабет, семіру) қантты пайдалануды бірден шектеген жөн. Дене еңбегімен жеткілікті дәрежеде айналыспағанда, әсіресе қарт адамдарға қантты мөлшерден тыс пайдалану жүрек-қан тамыр ауруларын туғызады. Қант күрделі (крахмал, лактоза, сахароза) және қарапайым (глюкоза, фруктоза) болып екі топқа бөлінеді. Ең кең тараған күрделі қант — крахмал — нанның, картоптың, жарманың құрамында болады. Көкөністерде, жемістерде және басқа кейбір азық-түліктерде крахмалдан басқа, лактоза (сүт қапты), өзіндік ас қанты — сахароза (қызылша немесе қант құрағы) бар. Бұл өнімдерде жай қант та кездеседі, олардың ішінде ең жиі тарағаны глюкоза (виноград қапты) және (жеміс-жидек қанты). Глюкозаның көп мөлшері — жүзім шырынында, ал фруктозанікі — жеміс-жидектер мен балда болады. Қарапайым қант (әсіресе глюкоза) организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде энергия береді, сондықтан оларды шұғыл түрде адамның әл-қуатын молайтатын заттар қажет болған кезде пайдаланған жөн.
Қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен. Қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай. Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек, қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз екен. Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.
Ас қантын — сахарозаны — қант қызылшасының тамырынан және қант құрағынан алады. Ас қорыту кезінде әлсіз қышқылдар мен ферменттердің әсерімен ас қанты глюкоза мен фруктозаға бөлініп организмге тез сіңеді. Ас қанты 200ᵒС-тан жоғары қыздырылғанда бояғыш заттар (яғни қанттың карамельденуі) пайда болысымен жіктеле бастайды; бұл процестер кондитер өнеркәсібінде кең қолданылады. Қоюланған (64%-тен астам)
Сорбит
қант ерітіндісін консервілеуге болады, қайнатпа, джем, сондай-ақ жеміс пен жидекті консервілеуде қанттың қолданылуы осыған негізделген. Қант орнына қолданылатын заттар бұларға сорбит пен ксилит жатады. Оларды қантты пайдалануға болмайтын жағдайда (қант диабетімен ауырғанда, семіргенде) қолданады.
Сорбит — ақ түсті, тәтті, иіссіз, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Ол шетеннің жемісінде және көптеген жеміс-жидектердің құрамында болады. Сорбиттің тәттілігі қантқа қарағанда 2 есе аз. Организмге сіңгеннен кейін, қандағы қант мөлшерін арттырмайды. Диабетпен ауырғандардың ұзақ уақыт бойына тәулігіне 100 г-ға дейін сорбитті пайдалануы оның толығынан зиянсыз екендігін анықтады. Сондай-ақ оны өт қызметін жақсартуға да пайдаланады.
Ксилит те сорбит сияқты қолданылады. 50 г-нан артық пайдалануға болмайды.
Қантты көп жеу қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтыра алады. Онша көп күш жұмсамайтын адам тәтті тағамдарды шамадан көбірек жесе, тек қанттан ғана емес, крахмалдан да ағзасында артық заттар жинала бастайды. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді. Көптеген зертханаларда жүргізілген бақылауларға қарағанда, адамның қанында қант ұзақ уақыт бойы сақталып, адам ағзасы оны уақытында сіңіруге үлгермейді екен. Осы жағдайлардың бәрін ескерген шетелдік зерттеушілердің барлығы да қантты шамадан тыс жеуге қарсы. Қантты жемеу керек дегенді әсіресе егде, семіз адамдарға айтқан дұрыс. Диета ұстанушыларға қантты тағамдарды, кәдімгі тазарты
Қантты шамадан тыс жеудің адам ағзасына әсері қандай?
Қант артық мөлшерде қабылданса, организмге зиян келтіреді: жүрек тамыр жүйесіне теріс әсер етеді, май алмасу бұзылады, диабеттің даму қауіпі ұлғаяды, тістері ауырады.
Сөздіктері (Қазақша, орысша, ағылшынша)
Қант-Сахар-Sugar
Дастархан-Cкатерть-Tablecloth
Шай-Чай-Tea
Тәтті-Cладкий-Sweet
Дәмді-Вкусный-Delicious
Көмірсутектер-Углеводороды-Hydrocarbons
Құндылығы-Ценность-Value
Құрамы-Состав-Composition
Кондитер-Кондитер-Confectioner
Консервілеу-Консервирование-Сonservation,
Шарап жасау-Winemaking-Виноделие
Қант қызылшасы-Cахарная свекла-Beet sugar
Өндіріс-Производства-Production
Тағам-Блюдо-Dish
Өсімдіктер-Растения-Plants
Төртбұрыш-Kвадрат-Square
Тәжірибесі-Oпыт-Experience
Жоғары-Bысшее-Higher
Шырын-Cок-Juice
Тарих-История-Нistory
Нормасы-Тhe norm-Норма
Денсаулық-Здоровья-Нealth
Грамм-Грамм-Grams
Бактериялар-Бактерии-Bacteria
Ащы-Горький-Bitter
Зәйтүн майы-Оливковое масло-Оlive oil
Ылғалдылығы-Влажность-Нumidity
Крахмал-Крахмал-Starch
Энергия-Энергии-Energy
Бояғыш заттар-Красящие вещества-Dyes
Джем-Джем-Jam
Қайнатпа-Отвар-Тhe broth
Витамин-Витамин-Vitamin
Қопалар-Добавки-Supplements
Қортынды
Қорыта айтсам, қанттың адамға қажетті кәдімгі тағам ретінде пайдаланылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден-бір қажетті химиялық заттар - қанттармен углеводтар тобына жататын қоспалар. Қарапайым қант организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде күш-қуат береді. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандырады. Қантты дақ кетіргіш ретінде қолданады. Ол гүлдіңде ғұмырын ұзартуға септігін тигізеді екен. Ол ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді. Менің айтарым қантты шамадан тыс қолданбайық. Әрине оның зияны да, пайдасы да бар. Артығынан қолданбағанымыз абзал. Сонда ғана оның зияны болмайды. «Артық тамақ шашты ағартып қинайды. Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.» - деп У. Шекспир тауып айтқандай-ақ. Сонымен айтқым келгені артық жеп ауру туғызғаннан, аз ғана жеп денсаулығымызға пайдасын тигізгеніміз артық!
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алматы: «Арыс» баспасы. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев. 2005.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
6. Астық және астық өнімдері= Зерно и зернопродукты.- Қазақстан, 2004-2006.- 4/г.- (Ғылыми-техникалық журнал - Научно-технический журнал).