- 10 қаз. 2021 00:00
- 268
Қаршыға
Қаршыға — қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Қазақстанда, көбінесе орман, қалың бұта, ағаш өскен тау бөктерін мекендейді. Дене тұрқы 28-114 см, салмағы 800-1500 грамм. Тұмсығы қара, саусақтары салалы. Қоразы мен мекиенінің түсі ұқсас. Ұясын ағашқа, жартасқа, шыңға, жерге салады. Жылына 3-4 жұмыртқа басады. Қаршығаның ұя салып, өніп өскен жеріне қарай оның түр-түсі де алуан түрлі. Қазақ аңшыларының бүркіттен кейінгі аңға ең көп салып, қолға ұстайтын құсы қаршыға болған. Оны бүркіт сияқты баптап, баулиды. Жақсы бап көрген қаршыға қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, аққу, қырғауыл, саңырау құр сияқты құстарға түседі. Сондай-ақ қоян, ақтиін, алақоржындарды да іледі. Аңға салатын құс болғандықтан қаршыға көп ауланған. Сондықтан олардың саны жылдан жылға азайып келеді.
Оқуға кеңес береміз:
Кептер
Көкек
Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)