Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарақұс

Қарақұс — ірі қыран, бүркітке өте ұқсас, көбіне бүркітпен шатастырады. Қарақұстың айырмашылық белгісі — иығында ақ қауырсыны болады, бірақ ол көбіне байқала бермейді, бұл қырандарды айыру үшін еңбек дағдысы керек. Қазақстанның көп жерін мекендейді, бірақ орман даласы үшін әдеттегі құс, ағаштарда ұялайды. Қылықтары мен аулау әдістері бүркітті еске түсіреді, бірақ қасқыр, түлкі сияқты ірі аңдарды жаттықан бүркіт қана алады, қарақұстың бұларға күші жетпейді. Оның жемтіктері — сарышұнақ, қоян, аламан, кірпі, кейбір құстар мен жыландар. Алғашқы (сирек электр желісі бағаналарына) қолайсыз, үлкен ұяны екеуі салады, көптеген әртүрлі бұтақтарды төсейді. 2-3 шұбар жұмыртқаларын екеуі кезектесіп, 40 күннен аса басып шығарады. Балапандарын 70 күн асырайды. Қазақстанда наурыздан қарашаға дейін кездеседі. Бүркіт пен дала қыранына қарағанда, аз кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Саны белгісіз, бірақ 50-60-шы жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе, ал кейбір жерлерде — мүлдем жоқ.

Оқуға кеңес береміз:

Ителгі

Кептер

Көкек

Қаршыға

Сақалтай

Жыртқыш құстар

Құс төресі — бүркіт

Құстар қаншалықты ақылды?

Қалақайлық (бізтұмсық шөже)

Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама