Қазақстан азаматтығын алу кімге тиімді?
«Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар». Елімізде тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Азаматтық алу тақырыбын сөз еткенде оралмандарды да ескере кету керек. Соған байланысты елімізде оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу жеңілдетілді.Оралмандар енді Қазақстан азаматтығын қиындықсыз ала алады. Бұрындары Қазақ елінің азаматы атану үшін қандастарымыз 3-5 жыл сарсаңға түссе, қазір құжатқа бір жыл ішінде қол жеткізуге болады.
Егемендігімізді алғалы бері елімізге 284 отбасы, яғни 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келген «Былтыр көбі Өзбекстаннан келген болса, ал биыл 217 адамның ішінде 63 пайызы Қытай Халық Республикасынан болып жатыр”, – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бөлім басшысы Күлсін Ысқақова.
Бүгінгі күні Отанына ораламын деген азаматтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматы болу. Сондықтан, қолданыстағы заңнамаға азаматтықты алуға барынша жеңілдік қарастырылған. Атап айтсақ, Қазақстанға оралған бауырларымыздың қоныстанған өңіріне қарамастан 5 күннің ішінде «оралман» мәртебесі беріледі. «Оралман» мәртебесi азаматтықты алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтарымен барлық салада тең құқыққа ие болу үшін берiледi. Ал одан кейін тұрақты тұруға рұқсатты жеңілдетілген түрде 3 ай ішінде алуға болады. Және оны алу үшін басқа шетелдіктер сияқты төлем қабілеттiлiгiн растаудың қажеті жоқ. Осы «Оралман» мәртебесін алу жөніндегі мәселеге Халықаралық адам құқықтары жөніндегі мәселелермен айналысып жүрген заңгер Гүлмира Қуатбекова Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген қазақтардың мәселесін шешу үшін мемлекеттік комиссия құру керек деп санайды.Сонымен қатар мерзімі өтіп кеткен оралман куәліктеріне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігіне қарасты Көші-қон комитетінің өкілі Бағлан Қасеновтің айтуынша, 2017 жылы жасалған есеп бойынша оралман куәлігінің саны екі мыңды құраған. Ал оралман куәлігінің мерзімі енді ғана біткен адамдар болса, оны алты ай ішінде үш айға дейін ұзартып береді. Сыртқы істер министірлігінің ресми дерегі бойынша 2018 жылғы 2000 этникалық қазақ Қытай азаматтығынан шыққан.
Біздің елге кірген визаның түріне қарамастан оған тұрақты тұру рұқсаты беріледі. Осы рұқсатты алғаннан кейін жеңілдетілген түрде 3 айдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігі туындайды. Сол себепті келіп жатқан қандас бауырларымыздың құжаттары барлығы түгел болып, рәсімдер уақытында жасалса, оларға 6 айдың ішінде Қазақстан азаматтығын алуына болады.
Оралмандарды қоғамға бейімдеу, азаматтық алуына жәрдемдесу қызметімен айналысып жүрген "Жібек жолы" бауырластар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Тазабекова көші-қон полициясында маман жетіспегендіктен құжаттарды рәсімдеу тым ұзаққа созылады дейді.
- Түсінікісіз кедергілерге тап болған оралмандар құжаттарын уақтылы ала алмайды. Құзырлы орындар тексереміз деп уақыт созады. Бұған қоса, оралмандарға қандай құжаттар қажеттігін бірден түсіндіріп те айтпайды, - дейді Әлия Тазабекова. Осы ретте Есенгүл Кәпқызының «Қай елдің азаматысыз?» атты мақаласы есіме еріксіз түсіп отыр. Иә, «ҚР азаматы(азаматшасы)» дәрежесін алу өте оңай. Өзге мемлекеттер секілді 10 жыл сол елде тұрып немесе сол елдің тілін үйреніп, салт – дәстүрін біліп, тарихын зерттеп тест тапсырудың мүлдем қажеті жоқ. Басқа елдің адамдарын жинап еліміздің санын көтеріп, көркейіп кетеміз деген жаңсақ пікірден аулақ болуымыз керек. Нақтылы бір шешім шығарып, мемлекетіміздің тазалығын сақтай білсек қана біз «қазақ» деген атымыздан түспейміз. Кім көрінгенге азаматтығымызды оңай бере салып, қанымызды ластатпауымыз керек. «Ұлты қазақ» деген атқа қазақ қана лайықты.