- 13 жел. 2019 00:00
- 186
Менің мұғалімім, менің мақтанышым
Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Бөгетсай мектеп-гимназиясы
8-класс оқушысы Рахымжан Көркем
Жетекшісі :Хасенова Галя Рахымжанқызы
«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» деп бекер айтылмаған екен. Қарап тұрсаң, адамның құрылысында, жан дүниесінде табиғатқа өте көп ұқсастық байқалады. Суы мол, бұлқынбай ағатын терең өзенді көргенде, мінезі ауыр, әр ісін тиянақты атқаратын, сабырлы, аз сөйлеп, көп жұмыс тындыратын кісілер елестейді. Ондай адамдар көп ішінде жұлқынып сөйлемейді, «мені елемеді-ау» деп, өз қызметін бұлдамайды да. Өзіне тән сабырлылықпен, әр күнін өзіндік табысымен шығарып салады. Ондай адамды тек тікелей білетін, араласып жүрген кісілер болмаса, басқалары байқамайды да.
Менің ауылымда дәл осы айтылғандарға лайықты азамат тұрады. Мамандығы – физика пәнінің ұстазы. Жақсы маман, асыл азамат.
Ия, ұстаз болу оңай емес. Әр үйдің бір-бір еркесін оқыту. Ал, өзі ерке бұзық баланы жөнге келтіру оңай шаруа емес. Бұл жолда білім де керек. Ең бастысы баланың жүрегіне жол таба білетін психолог бола білу ауадай қажет. Осындай талаптарға ұстаздың ұстамы, төзімді болып, орынды шешім қабылдай білуіне байланысты.
Менің ұстазым бір мектепте 36 жыл қызмет жасап, осы мектептен зейнеткерлікке шыққан. Жастайынан ескерімді алғыр ағай өзінің талпынысын, ізденісін ұдайы жалғастырған. Қолына не алса да, мүлтіксіз орындап, тиянақты тындыра білуді дағдыға айналдырған.
Ұзақ жылғы еңбектері елеусіз қалмаған. Талай рет бағалы заттар, грамоталар алғаны өз алдына. 1968 жылы «Оқу ағарту ісінің үздігі» медалімен марапатталған.
Бөгетсай ауылымның жағасында Ор өзені аттас бұлақ ағып жатыр. Осы жер бір тамаша көріністің мекені сияқты маған. Бұлақ атына сай құмды жерді қақ жарып, ауылды екіге бөліп барып, Ор өзеніне құяды. Ол бұлақ жыл он екі айда бір асып-таспай, өз қалпын бұзбайды. Сол бұлақтың өзенге құяр сағасында менің ағайымның үйі тұр. Сол бұлақ бір сәт ағайға ұқсап кеткендей. Ағайдың сабырлы, салмақты бейнесі табиғаттан енші алғандай көрінді маған. «Табиғатқа ұқсаған адам талантты, қайратты болады» дейді дана халқымыз. Мен де ағайымның саналы өмірі мен өнегелі ісіне дән риза боламын. Олай болса, «Осындай абзал жан жапырағын кеңге жайып, жарқырай берсін!Ағайдың жақсы істері әрдайым өркен жайсын!» демекпін.