- 25 сәу. 2022 00:00
- 221
Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі дінаралық келісімнің рөлі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дінаралық келісім үлгісін қалыптастыру және сақтап қалу, дамыту жұмыстарын қарқынды жүргізу өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты қазіргі таңға дейін дінаралық келісімді дамытуда Республикалық, әлемдік деңгейде жобалар ұйымдастырылып, заң аясында біршама нормативтер мен қағидаттар қабылданды.
Түрлі ұлттар мен этностардың тарихи сенімдерінің өзара әрекеттесуін реттеу және этноконфессионалды қақтығыстарды болдырмау, болған жағдайда заң аясында реттеу «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылдың қаңтардың 6 күні қабылданған заң негізінде жүргізіледі. Атап айтар болсақ ұлттық қауіпсіздік туралы заңның 1- ші тарауы, «Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер» жайлы 6-бабында ұлт және конфессияаралық қақтығыстар тәртiпсiздiк, сонымен қатар әлеуметтік, қоғамдық және саяси жағдаяттардың ушығуынан көрініс тапқан жағдайда ұлт қауіпсіздігіне төндірілген қауіп деп есептеледі. Келтірілген қауіпке сай және заңға сәйкес шаралар қабылдануы керек екені нақты аталған.
Дін мәселелерімен айналысатын уәкілетті органдар – діни қызмет және діни бірлестіктер салаларындағы ішінара реттеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының дін мәселелері қарастырылған заңнамаларында берілген құзыреттер шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыруға толыққанды қатысуға және араласуға құқық ала отыра дін аралық келісімді нығайтуға бағытталады.
Егер қарапайым халықтың, діни топтардың ұйымдастыруларымен өткен жиналыстарға, наразылықтар мен шерулерге, демонстрацияларға, митингілерге қатысудың түпкі мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни сыйластық пен төзімсіздікті, тектiк-топтық артықшылықтар мен айырмашылықтарды қоздыру, оған залал келтіру әрекеттері болған жағдайда, заңдық тұрғыдан қауіп деп қарастырылады.
Қоғамдық қауiпсiздiктi және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру заң аясында біршама факторларға тікелей байланысты, солардың бірі ұлттық патриотизмге, этникалық және конфессияаралық диалогты құруға бағытталған мемлекеттік құндылықтар мен идеологияны қалыптастыру және қолдану, Қазақстан Республикасының халқының тұтастығын, сонымен қатар қоғамның қарым қатынастары мен тағаттылығын нығайту болып табылады.
Қазақстан халқының бірегейлігі мен бiрлiгiне нұқсан келтіруге, этносаралық және конфессияаралық келісімнің шарттарына қайшы келуге, қоғамдық және діни бірлестіктердің мемлекеттің ішкі саясаты iстерiне және мемлекеттiң қоғамдық және діни бірлестіктердің ішкі құрылымдық істеріне заңсыз араласуына жол берілмейді.
Саяси қауіпсіздікті және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың, сенушілер және де саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер немесе діни бірлестіктер өкiлдерiнiң орын алып отырған конфессиялық, этникаклық айырмашылықтар мен түрлi дiни көзқарастардың орын алуын экстремистік, саяси және террористік актілерді жүзеге асыру мақсатында пайдалануға шақыру фактісі анықталып, ұлт қауiпсiздiгіне залал келтiрген жағдайда заңда белгiленген нормаларға сәйкес жауаптылыққа тартылады.
Нұрсадық Аяулым, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
Жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна