Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Қазіргі кездегі дін мен дәстүр проблемалары

Дін мен дәстүр...

Дін де дәстүр де адам өмірің маңызды бір бөлшегі. Адамға әр дайым сену және оған әрекет жасайтын қажеттілігі туындап отырады.

21 ғасыр постсекулярлы қоғамның калыптасуымен ерекше. Дін саясаттан аулақ дейміз бірақ секулярлылықтың беті әлі де болса қайтпаған секілді. Қазіргі уақытта Франция сайлауының өзекті мәселесінің бірі, мұсылман әйелдерінің орамал тағуына тыйым салуды президенттік жоспарға қосып отыр. Адам ашық түрде өзінің дәстүрін, дінін ұстану барысында көптеген теріс көзқарастармен кездесіп жатады, әрине жергілікті халықты ділін қарастыру мәселесі де жатыр. Осы жерде өте жіңішке әрі өткір мәселеге келіп тірелеміз. Субмәдиниеттік белгілері бар "ұстанушыларға" қандай көзқарас ұстануымыз қажет деген сұрақ туындайды. Алдын бөгеу қажет пе? Бөгет жасау арқасында ескішілдіктің" балшығына" батпаймыз ба? Болашақ бәрібір жастардікі деп ойлағанын іске асыратындар да аз емес. Бір жағынан өте қиын бір философиялық сұраққа келгендейміз.

Бірақ дін не, дәстүр не?

Жалпы  әл-Фарабидің түсінігі бойынша  "дін - бәрі үшін алғашқы басшы, алдын ала айқындалған көзқарас және іс-қимыл". Адам еркіндігі. Біреулерге еркіндік мақсат болса біреуге ол қорқыныш. Қорқыныштың артында жауапкершілік жатыр. Егер өз өзіңе басшы бола алмасаң жауапкершілікті дінге немесе идеологияға тастай салған жөн. Бірақ соқыр еру де дұрыс қадамға әкелмейді. Қазіргі адамдардың дінде терең мәселелерге үңіліп ойланып жатыр ма? Гегель айтпақшы "мен ойлаймын демек мен тірімін"...

Еркін адам дегеніміз кім? Діні жоқ ат үстінде шауып жүретін адам ба? Неотәңіршілдік бір идеологияға әкеледі.

Қазақ қоғамына келер болсақ сенушілердің арасында екі лагерь құрылып жатқан секілді олар неотәңіршілдер мен харафи мұсылмандары. Екеуінің де айтары дәстүр мен дінге әкеліп соғады. Біреу арабист деп біреу пұтшыл десіп қырық пышақ болады. Бірақ жүйелісі де, ақылға қонымдысы да ислам деп көретіндердің саны көп, әйтсе де ол санның сапасы қаншалықты? Объективті сұраққа объективті жауап іздеп табу қиын. Әр түрлі факторларды қарастыру жөн. Дәстүрді жоққа шығару екі топтың да ойында жоқ, бірақ неотәңіршілдік, философиялық бейнеде дами алмаса діни тұрғыда дами алмайды. Себебі алдымен заңды тіркеуден өтпеген, өткен кезде де жалпы қазақи ділдегі негіздерге қарсы келіп жатады. "Арабсыңдар" деп тілдік нормалармен қоса қарапайым ауызекі сөздердің біразы арабтық кірме сөздерге толы, одан бөлек парсизмдер де баршылық, ондай бір мақсатты көздейтін дамуды емес ескірген дүниені қайтару деп білемін.

Қарапайым дінге сенбейтін адам осы екі топтың жанжалын көре атеист болып кетуі де мәз емес. Жалпы дінге басты керек нәрсе ол ғылымилық, жадиттік оқу жүйесін енгізу, ғылым мен дін қатар жүретін қоғам қажет. Дін тек сенімнен тұрады бірақ "ислам алтын ғасыры" құр сеніммен отырып қалмады. Батыста секулярлы қоғам құрылған соң ғылым дамыса, Ислам әлемінде дін мен ғылым бірге жүрді. Секулярлы қоғам құра руханияттан біраз артқа шегініп қалдық, әрине ол өз қалауыздан болған секулярлық емес.

Қорытындылай келе, адамға дін қажет ал дінге ғылым қажет. 3 компонент бірге жұмыс істей жетістіктерге жетуге болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Дінтану мамандығының студенті: Куан А.

Жетекшісі: аға оқытушы Тунгатова Ұ.А.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама