Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қуанышты қарсы алу

17 февраль күн көміршілер клубында Қазақстан мемлекеттік музыка театрын қарсы алу кеші болды.

Кешке Қарағандының атақтылары мен қатысты. Залға халық лық толды.

Крайкомның жаңа басшылығының арқасында қазақ көркемөнері, оның ішінде театр өнері өркендеп келеді. Қазақтың тұңғыш музыка театры мен филармониясы құрылды, театр өнері кең өріс алып, ел аралауға шықты.

Қазақ музыка театры Қарағандыға келді. Қарағанды пролетариатымен қолма-қол байланысын күшейтуге келді. Құрманбек айтқандай: Қарағанды пролетариатына есеп бергелі келді.

Біз театрымыздың келуін өндіріс жоспарын артық орындаумен қарсы алуымыз керек.

Қарағанды пролетариаты, оның алдыңғы қатардағы екінші театрының орасан табыстарын бағалай біледі. Қарағанды пролетариаты өзінің ең ардақты музыка театрының табыстан табысқа жетіп, большевиктік көркемөнердің өте қиын, өте құрметті ұлы жолымен талмастан, қарқынмен алға ұмтыла беруін тілейді..

Кездесу кешін өткізудің дәстүрі бойынша қазақтың музыка театрын қалалық партия комитетінің секретарьі құттықтап, Қарағанды пролетариатының атынан алғыс айтып, зор табысқа жетулеріне тілек білдірді.

Театр коллективін екпінділер атынан атақты Мағауия Рақышұлы театрдың келуін көмір жоспарын асыра орындаумен қарсы алғандығын айтты.

Театр коллективінің атынан жауап сезді республикаға еңбек сіңірген артист Құрманбек Жандарбекұлы шығып айтты. Сушки артистің сахнада көрінуін зал қатты қол соғумен қарсы алды. Құрманбек Қарағанды пролетариатының театрды ерекше қуанышпен, айрықша құрмет, сүйіспеншілікпен қарсы алғанын айтты.

─ Біз көркемөнер жолында тынбастан еңбек істеп, шыңнан шыңға шығамыз. Біздің естуімізге, бақытты болуымызға дәуірдің бар мүмкіншілігі бергенін іс жүзінде көрсетеміз. Біз сонда өздердің Партияның, Отанның борышын айрықша көңілмен шын ақтаймыз.

Кеш артынан «Шуға» постановкасы болатындығы хабарланды. Жиналған жұрт, театр келгеннен бері талай постановканы көріп ләззаттанған жұрт пьеса авторын, оны қойған режиссерды, бас рольдерде ойнайтын Күләш, Құрманбек, Қанабектерді сахнаға шақырды. Халық өз қалаулыларын көзімен көрді.

Қол соғу залды тітіретті. Зал күңіренді. Ұлы құрмет көрсетілді. Міне, бұлар театрды құрушылар, ұйымдастырушылар, міне, бұлар көркемөнер майданында кірпік қақпай істеп, театр өнеріне өзінің құрышты қол таңбасын салған адамдар. Бұл қазақ театрының өзгеше тарихын, дәстүрін жасаған адамдар.

Жүз жыл бұрын Гюго: «Жойылсын драматургияның дәстүрлі түрі!», «Жасасын жаңа тур іздеуі» деген еді.

Ешқандай дәстүрлі традициясы болмаған қазақ театры аз жыл ішінде коммунист партиясының басшылығы арқасында төңкеріс орыс театрларынан орын ала отырып өз дәстүрін тыңнан жасады. Қазақ театры тек октябрь төңкерісінен кейін ғана жасалды.

Міне, бұлар — республиканың халық артистері пьесадағы образдардың жанды бейнелері, келешектегі үлкен көркемөнердің жаршылары.

Зал тынды. Ойын басталды.

Міне, шымылдық ашылды. Сахнаның «ыстығына күйіп, суығына тона» бастады отырған халық. Түн, найзағай, дала... Міне, ардақты Күләш, міне, Қанабек, міне, Құрманбек шықты. Зал тынды... Жұрт демін ішінен алды.

Музыка басталды. Күңіреніп кетті. Әлдеқайдан, алыстан дауыл көрінеді, жақындайды, зораяды, күшейеді, шарт-шұрт найзағай ойнады. Оркестр қасқыр шапқан қойдай болды, айқай, у-шу, барабан жұлқынып, жынданғандай болды, скрипка желдей ысқырып тартты, труба долданды, флейта желдей ышқынып үрледі.. Бұл — долы дауылдың, озбыр күштің жақындай түскен кезі.. Бұл — музыкамен сөйлеу, бұл — музыка тілі...

1935.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама