Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Фашизм және соғыс

Фашизм капитализмінің ен соңғы сатысынан да, күре тамырынан іріп-шіріп бара жатқан кезеңінде туып отыр. Капитализм қайшылықтарының шиеленісіп, «аттаныс идеясы көпшілік санасында жетіліп келе жатқан» жағдайда жалпы дағдарысқа ұшырап отырған капитал құрылысының үстемдігін қорғаудың негізгі түрі, ең тұрпайы түрі — фашизм болып отыр.

Фашизм буржуазия экономикасының, басқару тізгінінен туып отыр. Өлер алдында қарманған «бұтағы» болып отыр. Буржуазия дағдарыстан фашизм, соғыс арқылы шықпақшы. Өсіп келе жатқан төңкеріс қозғалысты фашизм терроры арқылы жоймақшы. Сондықтан да көп мемлекеттерді фашизм жайлап, байлар мемлекетінің бұрынғы демократтық түрлері жойылып отыр. Алдау, «сөз беру» әдісінен байлар террорға келіп отыр.

Сөйтіп, фашизм капитализм күшінің ескендігін көрсетпейді, қайта оның нашарлығына, құлап бара жатқанын көрсетеді. Капитализмнің үлкен кемелері болатын. Ол кемелер — парламентаризм, демократизм деп аталатын. Осы кемелерге мініп алып капитализм жүз жылдар бойы адам баласы теңізімен қалқыған. Өзінің, өзгенің жерін, халқын талаумен күнелткен. Бұл кемелері қазір су түбіне кетті. Рузвельттің, Губердің «жан сақтау жоспары» сияқты кішкентай қайықтарды капитализм қайшылықтарының толқыны, төңкерістің жаңа толқыны әлдеқашан төңкеріп тастаған. Енді төңкеріс толқыны жақындай түскен кезде байлар қармаған бұтақ — фашизм мен соғыс болып отыр. Бұл бұтаққа суға кеткен кеменің мансапқор қожайындары жармасты, бірақ ол кемені капитализм қайшылықтарының, жалпы дағдарыстың толқындарынан қанша тырысса да шығара алмады. Бұл бұтаққа Круп, Тиссендер солармен бірге «көздері көре бастаған» социал-демократ Паул, Леви, Левериттер де асыла кетті. Бірақ бұтақ осал, көп миллиондаған герман пролетариаты мен қара шаруаларының көрген азабы бұл бұтаққа қорғасын болып құйылған: Германия буржуазиясының бұтақпен қабат құлап түсуі сөзсіз.

Капитализмнің шын мәні соғыста жатыр. Капитализм дамуының заңдары сөзсіз соғысты туғызады. Ленин оқуы осылай дейді.

Германия фашизмі мен Жапон империализмі күн тәртібіне жер жүзін қайта болу мәселесін қойғаннан бері халықаралық жағдай ашықтан-ашық соғысқа бет алды.

Капитализм экономиканың тиянақсыздығы көріне түскен сайын, дағдарысты «өнермен» тоқтатуға тырысушылық жүзеге аспаған сайын капитал дүниесі соғысқа ұмтылып отыр. Соғыс арқылы дағдарыстан шыққысы келеді. Жер жүзі саясатының сахнасына, ең соғысшыл, ең керітартпа байлар партиялары — фашизм шықты. Фашистер, бір жағынан, мыңдаған төңкерісшіл жұмысшыларды өлтіріп, қамап отырса, екінші жағынан, жан таласып күшін жинап, соғысқа дайындалып жатыр.

Гитлер «Менің құрдасым» деген кітабында фашизмнің нені мақсат ететінін, нені көксейтінін анық көрсетті". Ол былай дейді:

«Ұлтшыл — социализм — бейбітшіліктің емес, соғыстың ғылымы (доктринасы). Германияға тек мықты қылыш қана көмек көрсете алады. Бұл қылышты жасап шығару — халықтың ішкі саяси басшылықтың ішінде одақтас тауып, қамсыз ету — сыртқы саясат басшылығының міндеті.

Германия Австрияны өзіне қаратып, Балтық теңізі жанындағы елдерді, Мемель облысын, Данциг, Ельзас — Латорингияны басып алмақшы. Данияның Бельгияның, Чехословакияның бір-бір бөліктерін бағындырып, Кеңес Украинасын, Неміс Поволжьясы республикасын тартып алмақшы. Міне, фашистік Германияның соғыс программасы.

«Drang nach lsten» «шығысқа ұмтылу». Міне фашизм ұраны. Гитлер «Менің күресім» деген кітабында:

«Біз ұлтшыл — социалистер Германияның соғыстан бұрынғы сыртқы саясатына әдейі шек қоямыз. Біз Германияның мұнан алты жүз жыл бұрын тоқтаған жерінен бастаймыз... Сондықтан бұрынғы отар және сауда саясатын тоқтатып, Европаның шығысында жер жаулап алу саясатына көшеміз.

Европадағы жаңа жерлерді алуды сөз қылғанда біз алдымен тек Россияны және оған қараған шет өлкелерді көздейміз. Бұл жолды бізге тағдырдың өзі көрсетіп отыр» — дейді.

Осы мақсатпен Германия империализмі жанталасып қарулануда.

Версаль шарты бойынша Германия 100 мың әскер, жаяу әскердің 7 дивизиясын және 3 атты дивизия ұстауға есі бар еді. Жалпы міндетті әскер қызметін өтеу Германияда болмауға тиіс еді. Бірақ Германия империализмі мұнымен санасқан жоқ. Соғыста «жауды» алу үшін айрылған жерлерін қайтадан қолға түсіру үшін, жаңадан жер жаулап, дүниені қайтадан бөлісіп алу үшін жасырын түрде жанталасып қарулануда.

1932 жылы Женевада қару тастау конференциясының делегаттары жатқанда Папенге Гитлер ашық хат жазды. Онда:

«..Дарулану ісі Лозаннада, Женевада емес, Германияда жүзеге аспақшы және мұндай қарулануға басқа ұлттардың Женевада келгенін күтпеу керек деді. Германия фашизмі бұл программасын жүзеге асырды. 1935 жылы 6 мартта Германия жалпы әскерлерін қызметтің өтеу заңын жариялады. Алдағы қадамда Германияда 12 корпус, 36 дивизия болсын деді. Шынында бұл жасырғандық. Германияның қазірде ең кемінде 80-дей дивизиясы бар. Онда ең кемінде миллионға тарта солдат пен офицерлер бар. Версаль шарты ашықтан-ашық бұзылды.

Капитализмнің кейбір уақытша стабилизациясының негіздері әлдеқашан жойылған. Оның бірі — Вашингтон шарты еді. Бұл шартқа 9 мемлекет қол қойған. Бұл шарт Қытайды империалистік елдердің талауына жол ашты. Шартта қай мемлекет Қытайды қай түрде талауы көрсетілген еді. Бұл шарт әлдеқашан бұзылды. Жапония Манчжурияны соғыспен өзіне қаратып отыр. Енді солтүстік Қытай мен ішкі Монғолияны басып алуды көздеп отыр.

Стабилизацияның негізгі Версаль шарты еді. Бұл шарттың шекара жөніндегі пунктісінен басқасының бәрі тепе бұзылды. Шекара мәселесі соғыс арқылы шешілді. Версаль шартының негізгі буындарының бұзылуы соғысқа қадам басушылық болды. Қазір Версаль шартында белгіленгенін жеңіп шыққан мемлекеттер мен жеңілген мемлекеттер арасындағы қайшылық адам айтқысыз шиеленісіп отыр. Былайынша айтқанда осы уақытқа дейін болып келген жағдайын сақтағысы келмеген мемлекеттер мен сақтағысы келген мемлекеттер арасында қайшылық күшейді. Біріншіден «stats Qye» жагында Франция бар, ол жер көлемі жағынан да, қаржы, әскер жағынан да Версаль шартынан көп пайда көрді. Сондықтан бұл жағдайды, «stats Qyе-ны» бұзғысы келмеді. Англия да Версаль шартынан көп пайда тапты. Вашингтон шартынан көп пайда тапқан Чехословакия, Версаль шартының негізінде құрылған. Югославия, бұрынғы Сербия, Румыния қазіргі көлемдерінің көбісін Версаль шарты бойынша алған. «Stats Qyе-ға» қарсы мемлекеттер — Германия, Бельгия, Болгария. Бұлар Версаль шарты бойынша таланған мемлекеттер. Әрине, бұлар болып келген жағдайға қарсы, жер жүзін қайтадан бөлуге белсене күш салуда.

Сонымен, Франция сияқты кейбір елдер бейбітшілік жағында отыр. Өйткені олар жиһангерлік соғыстан кейінгі белесте көп үлес алған. Осы «табысынан» айрылып қалғысы келмейді. Жапония да Версаль шарты бойынша аз «үлес алған жоқ». Бірақ бұған ол риза емес. Қазір соғыстың отын жағушылар болып шығыстан — Жапония, батыстан — Германия шығып отыр.

Англия империализмі жер жүзін қайта бөлісіп алуды бүгінгі таңда онша қаламайды. Өйткені қайта бөлісте Англия өзінің бұрынғыларынан айрылып қалуы мүмкін. Әйткенмен Англия империализмі Версаль шартын аяққа басқан Германиямен теңіз кемесімен жасасып отыр.

Англияның ойынша Германия теңіз флотын тек Кеңестер Одағына қарсы жұмсайды деп ойлайды. Әрине, Германияның Кеңестер Одағына қарсы жұмсайтыны рас. Бірақ басқаға қарсы (мысалы Англияға) жұмсамайды деп кім айта алады.

Мұнымен қатар стабилизацияны бұзып, капитал елдерін соғысқа ұмтылдырудағы фактінің ірісі — Кеңестер Одағының өсуі болып отыр. Сондықтан да қазір Кеңестер Одағына қарсы соғыс дайындығы күн санап өсуде.

Капитал елдері арасындағы қайшылық күшеюде, капитал елдері осы бір-біріне қырғи қабақтығын сылтау етіп, жанталаса қарулануда.

Жер жүзінде шын ниетімен соғысқа қарсы тұрған бір-ақ ел бар. Ол — біздің Отан, Кеңестер Одағы. Кеңестер Одағы өзінің бірінші күндерінен бастап-ақ бейбітшілік саясатын жүргізе бастады.

Үкіметіміз соғысты болдырмау, болуын қиындату жолында бар күшін салып, барлық мүмкіншілікті пайдаланып отыр. Бейбітшілік туын беріп ұстап отыр, соғыс шыға қалса, социалдық Отанымызды қорғайтын шараларды қамсыздап отыр, біз соғысқа қарсымыз, бірақ дұшпанның соққысына қарсы соққы беруге дайынбыз.

1935.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама