Құрма және құрма өнімдері
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК Сапа менеджмент жүйесі
Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті Қуанышбек Айда Жеңісқызы
Жетекшісі арнайы пән оқытушы Закираева Роза Турсынбаевна
Кіріспе
Негізгі бөлімі
Құрамның түрлері
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) және құрма
Құрмадан жасалатын тағамдар
Зерттеу бөлімі
Құрманың құрамы мен пайдасы
Құран мен сүннетте
Құрма – ауызашардың сәні
Құрманың тағы қандай пайдасы бар?
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Шығармашылық - ізденіс жұмысты жазу барысында студент құрма туралы жазған. Жазу барысында жалпы құрмадан тағамдардың жасалу жолын сөз етті. Құрма туралы мәлімет бере пайдалану және кіші кәсіпкерлік ашып, осындай тағамдар жасау.
Студент бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Жасалынған тағамдарды, дайындауы сапалы екені жұмыстарынан байқалып тұр. Мұндай үздіксіз ізденістің арқасында құрмадан жасалған тағамдардың пайдалы екенін жазып, оны пайдалана білу, оның пайдалы екендігін зерттеп шықты.
Өндірістік оқыту шебері: Закираева Роза
Жұмыстың мақсаты: Адамның денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып,оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қоғамдағы адамдарды үнемшілдікке, денсаулығын жақсартуға баулу;
- Салауатты өмір салтын сақтауға баулу;
- Құрмадан дайындалған тағамдарды жарыққа шығару;
Кіріспе
Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
Халық даналығы
Құрма пальмасы – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор ағаштардың бірегейі. Құрманы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылманға ұқсатқан. Себебі, шын мұсылман қарапайым болғанымен айналасына пайдалы келеді емес пе? Құрма да сол секілді: жапырағы түспейді, жеміс беруін үзбейді. Иә, құрма – Алла мейірімінің ғажап бір көрінісі, адамзатқа сый етілген мәртебелі жеміс. Құрма – жеміс атаулының мырзасы: әрі тағам, әрі дәрі, әрі шырын, әрі қуат көзі...
Құрма (лат. Phoenix dactylifera) — пальмалар тұқымдасының Пальма тегінің биологиялық түрі. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән.[1] Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады.
Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.
Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді. Бұл жеміс мұсылмандар үшін өте маңызды.
Негізгі бөлім
Құрманың түрлері
Құрманың екі түрі бар:
1. Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте: «Кімде-кім аш қарынға күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым жеті әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», – деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а) жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.
2. Бәрани құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).
Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Хижри VIII жылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы – барни деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, барни деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы барни түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл, 3/432).
Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» (Тирмизи, Тыбб, 22) деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) және құрма
Жалпы арабтардың күнкөрісінде құрма ерекше рөл атқарған. Бірқатар ақындардың шабытына арқау болып, мақал-мәтелдерге қосылған құрманы Аллаһ елшісі (с.а.с.) де ұнатқан. Мәселен, ол құрма маусымында өзіне сыйланған жас құрмаларды кері қайтармайтын (Бұхари, Әтғима, 41).
Бата алу үшін өзіне әкелінген жаңа туған нәрестелерге алғашқы дәмді құрмадан таттыратын (Мүслим, Әдаб, 23-28).
Кешкі асқа ештеңе таба алмағандарға кепкен құрма жеу керектігін айтып, «Кешкі асты тастамаңыздар, ештеңе таппасаңыздар, тым болмаса, бір уыс кепкен құрма жеңіздер»деген (Ибн Мажә, Әтима, 54).
Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мажә, Әтғима, 38.). Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттарда өзінің де талғажау еткені құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Расулаллаһ (с.а.с.) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз» деп еске алған (Бұхари, Әтғима, 6). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.
Жемістің қай түріне де құрметпен қараған Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрмалардың піскенін әрі жақсысын ұнататын, алайда құрттап кеткендерін тастай салмайтын. Арасынан жақсыларын таңдап алып жейтін. Жерге түскен жемістердің бекерге шіріп кеткенін қаламайтын. Сол үшін жолда жатқан жеміс көрсе, оны алып, тазалап жегеннің дұрыстығын айтатын. Бір жолы сахабаларымен келе жатқанда, жолда жатқан кепкен құрманы көріп «Мына құрманың садақа еместігіне көзім жетсе, алып жер едім» деген (Мүслим, Зекет, 164).
Құрманы басқа нәрсемен қосып жеген кездері де болған. Мәселен, қонақта өзіне қаймақ пен кепкен құрма алдыға тартылғанын көргенде, екеуін қосып жеген (Ибн Мажә, Әтғима, 43.). Бұған қоса, жас құрма мен қиярды қосып жегені, жас құрма мен қарбызды да қосып жегендігі туралы риуаяттар кездеседі (Ибн Мажә, Әтғима, 37). Жас құрма мен қарбызды қосып жеуінің себебін: «Жас құрманың ыстығын суық қарбыз арқылы, ал қарбыздың суықтығын құрманың ыстығымен қайтарамыз» деп түсіндірген (Әбу Дәуіт, Әтғима, 45).
Айша анамыз (р.а.) өз тәжірибесінде жас құрма мен қиярды қосып жеу денеге күш бітіретіндігін айтқан (Ибн Мажә, Әтғима, 37).
Алла елшісі (с.а.с.) құрманы емге де пайдалануға болатындығын білдірген. Жүрегі я кеудесі ауыратындығын айтқан бір сахабасын Тайыфта тұратын Харис ибн Кәләда атты дәрігерге жіберіп тұрып: «Мәдинаның ажуа құрмасының жетеуін алып, дәнімен қоса езіп, кеудеңе жағып, уқаласын» – деп, ажуа құрмасын емдікте қалай қолдануға болатындығын үйреткен (Әбу Дәуіт, Тыбб, 12).
«Таңертең тұрғанда ажуа құрмасының жетеуін жеген адамға сол күні сиқыр да, у да кеселін тигізе алмайды» деп, ажуа құрмасының емдік әрі рухани пайдасы барын сездірген (Бұхари, Әтғима, 43).
Тағы бір хадистерінде «Әсіресе, қырларда өсетін құрмаларда шипа бар» деген (Ахмад ибн Ханбал, 6/77).
Құрмадан жасалатын тағамдар
Технологиялық нұсқау №1
Тағамның атауы: Құрмадан кисель
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
|
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Құрма |
200гр |
200гр |
|
|
|
Қант |
49гр |
49гр |
|
|
|
Су |
864гр |
864гр |
|
|
|
Лимон қышқылы |
1,5гр |
1,5гр |
|
|
|
Крахмал |
34гр |
34гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба №1
Тағамның атауы: Құрмадан кисель
Технологиялық нұсқау№2
Тағамның атауы: Құрмадан кампот
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
|
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Құрма |
81гр |
78гр |
|
|
|
Қант |
38гр |
38гр |
|
|
|
Су |
93гр |
93гр |
|
|
|
Лимон қышқылы |
1,5гр |
1,5гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба №2
Құрмадан кампот
Технологиялық нұсқау №3
Тағамның атауы: Құрмадан варенье
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
Қауын(қабығы) еттарқыштан өткізіп, су мен қант қосып, отыз мин қайнатамыз. |
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Құрма |
150гр |
150гр |
|
|
|
Қант |
150гр |
150гр |
|
|
|
Су |
200гр |
200гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба №3
Құмадан варенье
Технологиялық нұсқау №4
Тағамның атау: Құрма, шие, қара смародинадан кампот
Технологиялық процесстің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
Су мен қантты қайнатамыз.Құрма,шие, қара смародина жуып, оның үстіне қайнаған суды құямыз.Түсін сақтап қалуы үшін лимон қышқылын қосамыз.12-15С ұсынамыз. Әр үлеске 150-200гр ұсынамыз. |
|
||||
Азық-түлік атауы |
Шикізат массасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
25 |
|||
брутто |
нетто |
Азық-түлік көлемі г. (нетто) |
|||
Құрма |
25,5 |
24,5 |
|
|
637,5 |
Шие |
26,3 |
26,2 |
|
|
657,5 |
Қара смародина |
25,5 |
24,5 |
|
|
637,5 |
қант |
25 |
25 |
|
|
625 |
су |
108,3 |
108,3 |
|
|
2707,5 |
Шығын |
- |
208,5 |
|
|
5265 |
Технологиялық сызба: №4
Тағамның атауы: Құрма, шие, қара смародина кампот
Технологиялық нұсқау №5
Тағамның атауы: Желе
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
Құрманы жуып,қант пен су құйып, лимон қықылын қосып қайнатамыз. 1-1,5 сағ салқын жерге қоййып қоямыз. Суы шыққан соң, жәй отқа қойып қайнатамыз. Тосап қайнаған кезде астын өшіріп, 8сағатқа салқын жерге қою керек. Сосын тағыда жәй отқа қойып қайнатамыз. Дайын болған соң, отты өшіріп тосап суығанша күтіңіз. Ұсынамыз.(Әр үлеске 100-150гр, 0-8С) |
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Құрма |
80гр |
80гр |
|
|
|
Қант |
60гр |
60гр |
|
|
|
Желатин |
38гр |
38гр |
|
|
|
Лимон қышқылы |
01 |
01 |
|
|
|
Су |
65гр |
65гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба: №5
Тағамның атауы: Желе
Зерттеу бөлімі
Құраманың құрамы мен пайдасы
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:
Құрманың құрамы және адам ағзасына пайдасы
Құрманың құрамдас бөлігін 15-ке жуық тұз және минералды заттар: мыс, темір, магний, мырыш, марганец, фосфор, натрий, алюминий, кадмий, кобальт, күкірт, бор т.б. құрайды. Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді. Жас құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді. Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы. Жүйке жүйесінің шаршауын басады. Құрамында: А, В1, В2, В3, В6, PP дәрумендері бар. B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады Сондай-ақ, құрма құрамындағы пектин мен тағамдық талшықтар ішектің жиырылу қызметін күшейтіп, рак ауруларының алдын алады. Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Ас қорытуға пайдалы. Құрмада холестерин жоқ, ал оның құрамына кіретін фтор мен селен элементтері тістің саулығын нығайтып, жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сонымен қатар, құрма бета-каротинге өте бай. Тойымдылық қасиеті өте жоғары. Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан. Бетакаротин – адам ағзасының жасушаларына шабуыл жасаушы молекулаларды бақылау арқылы, қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына тосқауыл қоятын ерекшелікке ие зат... Барлық мақтау аса дана АЛЛА Тағалаға болсын!
Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада дәруменнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де дәруменге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.
Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады, асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында микроп атаулы жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Құрма – ағзаны тазартады әрі шаштың түптерін бекітеді. Күнімізде медицина құрманы бир күнде ең көп дегенде бесеуін жеуге кеңес береді
Құран мен сүннетте
Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды. Ислам әлемінде құрманың орны ерекше. Құран аяттарында құрма пальмасы бірнеше рет аталған. Әрі он бес жерде құрманың Алла Тағала тарапынан адамзатқа берілген сый екендігі айтылады. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған. Сондай-ақ жүрек ауруларының емі ретінде құрманы пайдалануды өсиет еткен. Ал, қазіргі медицинада, құрамында калийдің жоғары болуы себепті, дәрігерлер құрманы жүрек қан-тамыр ауруларына пайдалануға кеңес береді... Құран аяттары мен хадистерде: «Құрма дәнінің салмағындай», «құрманың жұқа қабығындай», «құрманың қылындай», «пәлен сағ құрманың мөлшеріндей», «құрманың жартысындай» деген секілді теңеулерді жиі жолықтырамыз. Бұл да өз кезегінде құрманың құрметтілігін көрсетеді... Алла Тағала «Мәриям» сүресінде, толғағы келген Мәриям анамызға: «Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен құрма түседі. /Құрмадан/ же, су іш әрі тыныштыққа бөлен!» деп бұйырады. («Мәриям» сүресі, 25-26) Ал, Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, Айша! Кептірілген құрмасы жоқ үйдің тұрғындары – аштықта. Ей, Айша! Кептірілген құрмасы жоқ үйдің тұрғындары – аштықта (немесе тұрғындары ашығады)», – деп екі не үш рет айтты», – деген. (Муслим) Яғни, бұл хадис адамның аштығын басу үшін кептірілген құрма жеткілікті болатындығын көрсетеді. Бұхари мен Муслим жеткізген хадисте Айша (Алла оған разы болсын) жиені Ғұруаға: «Ей, әпкемнің ұлы! Біз жаңа туған айды, сосын (тағы бір) жаңа айды, екі ай ішінде үш жаңа туған айды көрсек те, (осы уақыт ішінде)Алла Елшісі үйлерінің (ошақтарында) от жағылмайтын», – деп айтқан. Ғұруа: «Уа, нағашы әпке! (Сонда) күнкөрістерің не еді?» – деп сұрағанда, ол: «Екі қара: құрма мен су еді. Бірақ Алла Елшісінің ансар көршілері бар еді, олардың сауын түйелері не қойлары болатын. Солар Алла Елшісіне (сауындарының) сүттерін сыйлайтын, ал ол бізге ішкізетін», – деген. - Тағы бір хадисте: «Құрма кеселді кетіреді, (өйткені) онда кесел жоқ қой. Шын мәнінде, құрма – жәннаттық жеміс және онда шипа бар», – делінеді. (Құрма жайлы басқа да аяттар мен хадистер бар. Біз тек осы мақаламызға қажеттісін атап өттік.)
Құрма – ауызашардың сәні
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оразасын жас құрмамен, жас құрма болмаса, кепкен құрмамен, ол болмаса сумен ашатын (Әбу Дәуіт, Сиям, 21). Сол себепті құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар қасиетті Рамазан айында дастарханға құрма қоюды игі дәстүрге айналдырған. Тіпті құрманы ауызашардың сәні деп те айтуға болғандай. Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін кетіретіндігін айтқан мамандар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.
Бір сөзбен айтқанда, түрлі дәруменге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын, жомарттығы шексіз Жаратушыны еске алып, шүкіршілік білдіргенге не жетсін?!
Құрманың тағы қандай пайдасы бар?
Жаңа заман медицинасы құрма жемісіне ұзақ уақыт бойы ден қойып, табанды түрде зертеулер жүргізіліп, нәтижесінде:
- Құрма адам денсаулығына қауіпті қандай болсын: бактериялар, микробтар мен паразиттерді тасымалдаушы жеміс болып табылмайтынын;
- Құрма аса қатерлі, өлім халіне душар ететін ажалды-амеба микроағзасына қарсы ең жақсы «күрескер» құрал екенін;
- Құрманың құрамындағы заттар – адам ағзасындағы ауру жұқтырғыш, ауруды пайда қылатын бактерияларды жоятынын;
- Құрма – ғарышкерлер үшін таптырмайтын тағам әрі дәрі, сонымен қатар икраға қарағанда анағұрлым пайдалырақ екенін;
- Құрма жемісі толғақты жеңідететін әрі жатыр бұлшық еттерінің өте жылдам жиырылуына көмектесетін заттардан тұратынын және т.б. көптеген пайдалы, құнарлы элементтердің бай көзі болып табылатынын анықтаған.
- Құрма – шығармашылықпен айналысатын, мимен жұмыс істейтін адамдар үшін, жүйке жүйесіне шағымы барлар үшін, бастың жақсы жұмыс істеуі үшін де дәрігерлер тарапынан ұсынылатын аса пайдалы жеміс.
– Құрманы аш қарында жеу паразиттерді жояды.
– 100 г құрма 281-ден 318 калорияға дейін құнарлы. 100 г құрманың құрамында 20 мг фосфор бар. Фосфорға бай болуы себепті құрма жүйке жасушаларын нәрлендіріп, еңсені көтереді. Қатты шаршаған адамның өзіне құрманы жегенінен соң жарты сағат ішінде күш-қуаты оралады, сергектік пайда болады.
– Құрма глюкоза мен фруктозаға бай. Тәбетті шақырады.
– Диетолог мамандары дәмді де пайдалы бұл жемісті жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шеккен балаларға жегізуге кеңес береді.
– Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.
– Құрма ішек қызметін қалыпқа келтіреді. (Іштің қатуы кезінде өте пайдалы)
– Құрма көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады...
Қорытынды
Құрманың қаншалықты пайдалы екенінен, біз әлі де толық хабардар емеспіз. Құрма, сондай жеміс – құрамындағы нәрлі заттардың арқасында қанға жылдам түсіп, ағзаға жеңіл сіңеді әрі тез қорытылады. Нәтижесінде шаршауды басып, ағзаны қуаттандырады. Құрма – адамның жүйке жүйесіне игі әсер беріп, тыныштандырады. Сондай-ақ, құрма – бауыр, ішек құрт инвазия ауруларына, терінің құрғауы, еріннің тілінуі, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы секілді жағдайларда өте пайдалы. Ол – сүйек пен тістің саулығына өте қажетті фосфорға бай. Құрамында А витаминінің көп болуы жүйке жүйесінің, қалқанша безі мен өкпе қызметінің жақсаруына үлес қосып, күш-қуатты көтереді және терінің жаңарып отыруын қамтамасыз етеді.Әрі оның орасан зор пайдасын жазып тауысар емес секілдіміз. Құрманың пайдасын, оны Адам баласына сый етіп берген АЛЛА Тағала ғана толық Білуші. Бүгінгі таңда ғалымдар, құрма – адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың барын дәлелдеп те беріп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік...
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
2. Тамақ өнімдерін тану. Қ. Кузембаев, Г. Кузембаева
3. Берекелі дастархан журналы
4. Аспаздық.