Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 апта бұрын)
С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінен үзінді
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының
№10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Даулешова Акнур Баяновна

Сабақ тақырыбы: С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінен үзінді.
Сабақ мақсаты:
1. Жылқы жайында толық мағлұмат бере отырып, оны бағып баптауды үйрету.
2. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын, бапкерлігін, шапшаңдығын дамыту.
3. Оқушыларды зейінділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білім беру.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, мақтау – мадақтау.
Сабақ көрнекілігі: Автор портретті, мақал – мәтел.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме? отыра қойыңдар балалар.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді? Ара мен шыбын. (мысал)
Рөлдерге бөліп оқу. Мысал кімдерге байланысты? Шығарманың қай түрі? Мысал не жайында? Ара мен шыбын не үшін келісе алмады? Қонақ күтуге шыбындар дайын болды ма?

Жаңа сабақ:
- Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз төрт түліктің бірі «Жылқы» яғни бұл мәтінді кім жазған екен? С. Мұқанов.
С. Мұқановпен 3 - ші сыныптан бері таныспыз. Бұл кісі кім? кәне еске түсіріп өтейікші.
С. Мұқанов туралы не білеміз?
- С. Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.
- Ия, дұрыс айтасың. Бұл кісінің 3 - ші сыныпта қандай әңгімелерімен таныстық?
- «Көкшенің көрінісі» және «Шыбынсыз жаз»
- дұрыс айтасыңдар. Олай болса жоғарғы сыныпта ана тілі пәнінің орнына әдебиет пәні болады. Сонда С. Мұқановтың мынадай шығармаларымен танысасыңдар «Өмір мектебі», «Ботагөз», «Ақ аю», «Балуан шолақ» шығармаларымен толығырақ танысасыңдар. Өмір мектебі шығармасынан «Жылқы» әңгімесінен үзінді беріп отыр екен.
1. Жылқы туралы не білесіңдер?
2. Жылқы бағатын адамды қалай атаймыз?
3. Жылқының жасына қарай аталуын білесіңдер ме?
1. Құлын.
2. Жабағы.
3. Тай.
4. Дөнен.
5. Құнан.
6. Бесті.
7. Ат.

Оқулықпен жұмыс: Оқушының жылқы әңгімесін бөліп – бөліп оқуы.
Мұғалімнің түсіндіруі: Жылқы деген жануар мал атаулының ішіндегі қайраттысы екен. Жылқыларды аналық мейірім өте керемет. Соңынан ерген құлыны, тайына тебіндегі қарды теуіп, әуелі өзі оттамай құлындарына шөп ашып береді. Олар біраз тойғаннан кейін өзі оттайды.

Қос тебінің орталау тұсына тігіледі. Олай тігілу себебі жылқышының баққан малын қарап тұруы оңай. Қос дегеннің не екенін айтайын: көлемі арбаның доңғалағындай кішкентай шаңыраққа, айнала қадаған қазықтардың сыртынан киіз қоршалады да, түтін шығатын тоқымдай түндік салынады. Яғни бір сөзбен айтқанда көшіп – қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

Жылқы малының өзге малдан етінің күштілігі де бар. Жылқы еті мен сүті ем. Қыста етінің кереметтілігі қандай суық, үскірік болса да қатпайды. Қымызы өкпе ауруына мың да бір ем. Қазіргі кезде өкпе ауруы өте көп оны жылқы сүтімен емдеуге болады. Етінің тағы бір күштілігі жаздыгүні өзге малға шыбын қонса денесіндегі жара құрттайды. Оны емдемесе ішіне түсіп өліп қалады. Ал жылқының ерекшелігі таза етіне жеткенге дейін өліп түсіп қалады. Тағы ерекшелігі жылқының терісінің иісіне жылан жоламайды.
Ал далаға қонып қалған жағдайда ат әбзелдерін жайып тастау керек. Ал жылан шаққан адамға аттың терін ішкізсе мың да бір ем болады. Жылқы сүті мен етін былай қойғанда, терісінің өзі асыл. Жылқы малы өзге малға қарағанда тазалықты сүйетін жануар. Жылқы малы лай сасыған суды ішпейді. Жүзіп жүріп таза суды ішеді және шөптің асылын теріп жейді. Сондықтанда жылқы малы қуатты. Яғни балалар ішсе сүті, жесе еті, мінсе үсті – жел дейтіні осыдан емес пе!? Ер қанаты – ат, деген мақалды тегін айтпаған аталарымыз.
Бұрынғы кезде ата - бабаларымыз қандай шаруашылықпен айналысқан?
1) Төрт түліктің барлығын бірге бақан ба?
2) Төрт түлік пірлерін атайықшы. Олай болса мұнда назар аударайық:
(Электронды тақтамен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс)

Дәптермен жұмыс: Кітаптан сөздікті тауып жазайық.
Шығармашылық жұмыс:
1. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
2. Қос дегеніміз не?
3. Жылқы етінің қасиеті қандай?
4. Жылқы терісі жөнінде не делінген?
5. Әңгімеден табиғат көрінісін беретін жолдарды тауып оқы.
6. Мәтіннен жылқының аналық мейрімі жөнінде айтылған тұсты тауып оқы.
7. Әңгімеден Мақан сөзін тауып оқы.
8. Үлкендер сендерді еркелетіп жақсы көргенде неге «ботам», «құлыным», «қозым» деп жақсы көретінін түсіндір

Бағалау. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама