- 25 ақп. 2022 00:00
- 231
Шоқан Уәлиханов - публицист
Күн нұрындай сәуле шашқан, мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған, қазақ қоғамында асыл ердің тұқымы ретінде, бекзаданың өзі болған Шоқан Уәлиханов, даналығы мен даралығы ұштасқан, тарихта алтын әріппен жазылар біртуар тұлға. Өзі өмір сүрген қоғамда елінің салт-дәстүр, әдет-ғұрпына сусындай өскен, өсе келе қазақ елінің шоқтығын биіктету мақсатында төккен тері мен ғылым саласына ұлылықтың қайнар көзінде сіңіре білген. Иә, Мұхаммед Қанафияның сегіз қырлы бір сырылығын көрсету арқылы публицист екенінде аңғаруға болады.
"Қазақтардағы шамандықтың қалдықтары» атты мақаласында діннің, яғни қазақ халқында көне заманнан бері шаманиз қалыптасқандықтан бертін келе илам дінінің қосарлану арқылы өзгерске ұшырағанына назар аудартады. Қазірдің өзінде мұсылманбыз десекте, көне-көз қарттардың айға сәлем беру, отқа май құю дәстүрлері арқылы шамандық белгілердің әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанын байқаймыз. Мұхаммед Қанафияның: "Ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың қайнар көзі, қазір біз шамандық – ескі наным деп атап жүрген кезінде, бүкіл халық табынған дін еді» - деп шаманизм табиғатпен тұспа-тұс байланысқан іргелі ұғым екенінде атап өтеді. Тіпті, адам баласы өзінің болмысын білмеген уақытта отты, жерді құдай жасап табынғандығы мен қатар табиғаттың сан қиылығына қарап таңдана ғажайыпқа бөлегенін көрсетеді. Бірақ, Шоқанның фәлсафасында материалистік пайымның кең етек алғанында аңғаруға болады. Бұнымен ғұламаны атеист деп топшылауға болмасында ұқтым. «Біздін Cібірде үкімет мұсылмандықты қамқорлыққа алды, соның арқасында біздін облыста ислам ада жайылып, етек алып отыр. Бүкіл қырда татардың шала молдасы көбейіп, Орта Азиядан келген әулиелер қаптап кетті. Әсіресе татар семинаристері қазақтарды соқыр наныммен дінге бас шұлғытты..» сынды сөздерінен Уәлихановтың дінге емес, іргеден келген шала молдаларға наразылығының барын көруге болады. Расында, қазақ сөзге иланғыш халық болғасын, шамандық қалыпқа сай бұрмаланған ислами сананы алып келу, болмыстың өзгеруіне себепкер болары сөзсіз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтірер болсам, Шоқан Уәлихановтың сүзбелі зерттеулері мен өткені мен өмірін жалғастыру арқылы өзіндік болмыс бітімін ерекшелей, публицисттік қырын таныта түсті. Жоғарыда атап өткен "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" мақаласының өзі бір ғана мысал болғанымен, сан қилы ойдың тууына түрткі болған дәйекті дәлел.
Тынышбек Даниза Қанатқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті