Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Мектеп: №8 ЖББ орта мектеп
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек»
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық», әдептілік, әдемілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
Б) Дамытушылық: Бірлесіп әрекет етуге дағдыландыру:
В) Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құндылығы: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттері: Сыйластық, мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, бейнетаспалар, конверттер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)

Шаттық шеңбері: балалар шеңбер құрып тұрады.
- Балалар, « Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане балалар, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық (Бәрі осылайша амандасып, өлең жолдарын қайталайды).
Әдеп
Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі -
Үлкендерге «Сіз» деген.
- Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар. Ал, енді балалар, «5 Т» ережесін есімізге түсірейікші: талап, тазалық, тәртіп, тыныштық, татулық.
Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге берілген тапсырма: отбасының суретін салып келу болатын, иә? Олай болса, салған суреттеріңді партаның үстіне қойып қойыңдар, тексеріп шығайын.
- Жарайсыңдар, балалар.

Жаңа сабақ:
«Алма ағашы» стратегиясы: Балалар, сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашатн боламыз.
-«Сіз» деп кімдерге айтамыз?
- Үлкен кісілерге қалай көмек көрсете аламыз?
- Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің?
- Үлкенмін деп, өзіңнен кішілерге қоқан - лоқы көрсеткен дұрыс па?
- Жақсы балалар, сонымен бізде қандай сөз шықты? Сонымен, біз бүгін қандай тақырыппен танысады екенбіз?

- Балалар, Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай - ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз» деп сөйлесуі игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықтың, адамға деген сыйластықты құрметті білдіреді. Ал біз деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі ғана адами қасиеттерін көрсете алмайды. Оның адамдығы адамдармен бірге көрінеді. «Әдептілік» кластер құру:

Әңгімелесу:
- Балалар, қанекей оқулыққа назар аударайық. «Бірлік» мәтінін кезекпен оқып шағайық, жарайды ма? ( Мәтінді кезектесіп оқып шығады)
- Жақсы, балалар енді «Кім жылдам?» ойынын ойнайық: қойылған сұрақтарға кіс жылдам жауап береді екен, соны аңғаратын боламыз.

-«Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әнгіме не туралы айтылған?
- Басты кейіпкерлері кімдер?
- Бірлесіп жұмыс істеген жақсы ма, әлде жазғыз жұмыс істеген жақсы ма?
- Бірлесіп жұмыс істеген жақсы ма, әлде жазғыз жұмыс істегеннің айырмашылығы неде?
- Нариманның жасағаны дұрыс па?
- Берік пен Серіктің жасағаны ше?
- Сен осы балалардың орнында болғанда не істер едің?
- Жақсы, балалар сендер барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.
- Балалар, енді бейнетаспаға назар аударайық:
Бейнетаспа
- Бейнетаспада не жайлы баяндалып тұр?
- Не түсіндіңдер?
- Сен, оның орнында болсаң не істер едің?
- Жақсы, балалар. Енді, қазір маған ортаға 5 бала керек (ортаға шығады). Ал, енді бәріміз оқулықтың 52 - ші бетіне назар аударайық. Тақтадағы балалар осы өлең жолдарын рөлге бөліп оқитын болады.

«Бес нәрсеге асық бол!» (А. Естенов.)
Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, Рақым, Терең ой, Талап, Еңбек.
- Өте жақсы, балалар. Мұнда не жайлы айтылғанын түсіндік пе? Жақсы.

Сергіту сәті:
- Балалар, шаршаған боларсыңдар, иә? Олай болса, орнымыздан тұрып, бейнетаспадағы бидің қимылдарын қайталайық, жарайды ма?

Дәйек сөз:
«Көп жүрген жер - көңілді,
Көп еңбегі - өнімді»
Халық даналығы
- Балалар, енді тақтаға назар аударайық. Бізде тақтада дәйексөз ілініп тұр. Қане оқып шығайық (ұлдар жеке, қыздар жеке оқып шығады)
- Бұл дәйексөзден не түсіндіңдер?
- Көп - жүрген жер көңілді деп неге айтқан?
- Жақсы, бұл дәйексөзде адамдар бірігіп жұмыс істесе, барлық қиыншылықты жеңе алатыны жайлы айтылған екен. Бір адам жалғыздан - жалғыз көп жұмысты істей алмайды, жасаса да әрі қызықсыз, әрі күші таусылып барып ұзақ уақытта аяқталуы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты, әрі тез тиянақты бітеді (Оқушылар дәйек сөзді дәптерлеріне жазып алады).
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама