Сөз іспен көрікті
ШҚО, Үржар ауданы, Жанай ауылы,
" Жанай орта мектеп - бақша" КММ – нің
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Қайракпаева Бахытхан Муканқызы
«Сөз іспен көрікті»
(5 сынып оқушыларына арналған «Өзін - өзі тану» сабағының жоспары)
Мақсаты:
* Оқушыларға жақсы сөз, жақсы ой ойлаудың өзі дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.
* Жақсы сөз, мейірімділік, сыпайылылық, қайырымдылық дұрыс әрекет екендігін түсіндіру. Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз!
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
Мұғалім: Рахмет. Балалар міне біз жағымды көңіл - күйге ендік, енді 5Т ұстанымын еске сақтай отырып, сабағымызды жалғастырайық. Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық.
Адами қарым - қатынастағы маңызды іс - әрекеттің бірі – сөйлесу болып табылады. Сөйлесу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. Әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Ә. Тәжібаевтың:
«Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін» деген өлеңі өте орынды айтылған.
Дәйексөз:
Дәйексөздің мағынасын түсіндіру.
«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады»
Дәйексөзді 2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға оқытамын. Сосын дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұраймын.
/Жақсы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс./
Сөйлеу мәдениетінің қандай түрлерін білесіңдер? /әдепті сөйлеу, шешендік сөйлеу, астарлап сөйлеу /
Сөйлеуге қатысты әдептіліктің тағы бір түрі – орынды, әділ сөзге тоқтау.
Сөз қадірін танып, мойындау да, ірілікті, кісілікті білдіреді.
« Бір ауыз сөз» – өлені оқылады /хормен/
Әңгімелесу «Сиқырлы сөз»
/Орыс әңгімесі/
Талқылау сұрақтары:
1. Қарт Павликтің қандай жүзін көрді?
2. Павлик неге үйден кетемін деді?
3. Қарт Павлике қандай сұрақ қойды?
4. Павлик бұдан кейін қандай бала болады деп ойлайсыңдар?
5. Жақсы сөз естигенде адамдар қандай сезімде болады деп ойлайсыңдар?
Бір - бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір - бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс /Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру./
1. Сабаққа кешігіп қалған оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.
3. Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.
«Мейірімді болайықшы ағайын» атты тақпақтарын айту./Үйде жаттап келуге берілген/
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс /кесте толтыру/
Аялы сөздер, сыпайы сөздер, құрметті сөздер, жағымды сөздер
жазып, әр біреуін атына сай арналған конверттерге салу.
Үйге тапсырма: «Сыпайы қоян» атты Мексика ертегісін оқып келу. «Мен нені білем, нені білгім келеді, нені білдім» кестені толтыру.
Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка ырғағы қойылады.
Мұғалім жай дауыспен:
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылулығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.!!
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды стикерге жазып «Даналық ағашына» ілулеріңізді сұраймын.
Егер бүгінгі сабақ көңілдеріңізден шықса, оң қолдарыңызды көтерулеріңізді өтінемін.
Сабақ аяқталды. Рахмет!