Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тік төртбұрыш және оның қасиеттері
№9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: БисенгалиГүлжамал Дауленқызы

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыш және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; оның мәнді белгілерін, ең жақын реті – төртбұрыш, ал түрлік ерекшелігі - барлық бұрыштарының тік болуын тағайындау
Дамытушылық: Есепті әр түрлі тәсілмен шығарып, шешулерін салыстыру, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері әр түрлі өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру дағдыларын, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс. Көрнекілік: Геометриялық фигуралар, тік төртбұрыш кестесі. Қосудың қасиеттері кестесі.

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыптарға шолу, пысықтау.
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Көркем жазу. 8, 9 сандары. 8+9=17
Миға шабуыл ( Топтау стратегиясы). Төртбұрыш сөзін құрастыру.
Азайтудың компоненттерін ата?
Бір таңбалы сандарды ата?
Жұп сандарды ата?
Тақ сандарды ата?
1 сағатта неше минут бар?
1 тәулікте неше сағат бар?
Уақыт бірліктерін топта.
Масса бірліктерін топта.
Ұзындық бірліктерін топта. Жаңа сабақ. Тік төртбұрыштың қасиеті
Электрондық оқулық. Түсіндіру

Графикалық диктант. (Оқу, сыздырту) Оңға 6 тор көз, төменге 4 тор көз, солға 6 тор көз, жоғары 4 тор көз сал. Оқулықпен жұмыс. № 22 - тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару. Қызыл – 4 және 5 б.? балық суреті. Жасыл – 3 б. Деңгейлік тапсырма.
І деңгей. Жақшаны орнына дұрыс қой.
6+5+2=9 18 - 10+2=10
6+6 - 10=2

ІІ деңгей. Бос тор көздерді толтыр. 12 ні қосынды түрінде өрнектеп көрсет. Сәйкес айырманы жаз. Олардың мәндерін тап.

ІІІ деңгей. Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып, мысалдарды шығар. Үлгі: 6+(1+4)=(6+4)+1=10+1=11
5+(2+5)=
3+(7+4)=
9+(6+1)=

Сергіту сәті. Қорытындылау.
- Шаршы туралы не білесің?
- Тік төртбұрыш пен шаршының ортақ қасиеті неде?
ВЕНН диаграммасы

Дұрыс қасиетті көрсет:
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғанда қосындының мәні өзгермеді Суретте қандай фигуралар бар?

Барлық қабырғалары тең төртбұрыштарды тап.
Олар қандай сандармен белгіленген? Мынау қандай фигура?
Балапанға көмек: (5+3)+2=10
Математикалық жұмбақ шешейік.
Мадақтау, бағалау.
Бүгінгі математика сабағында алғырлықтармен, зейінділіктерін танытқан шәкірттеріме алғысым шексіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама