Сұраулы сөйлем
Сабақ: қазақ тілі | Мектеп: №7 | |
Ортақ тақырып: | «Менің мектебім» | |
Сабақтың тақырыбы: | Сұраулы сөйлем | |
Күні: 21. 11. 2019 жыл | Мұғалімнің аты: Суйеуова Р | |
Сынып: 2«И» | Қатысқандар: 24 | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 2. 1. 3. 1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу 2. 3. 7. 1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) 2. 1. 2. 1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 1. 1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: |
Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді; | |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |
Мәтіннің негізгі ойын анықтауды біледі; | |
Кейбір оқушылар орындай алады: | |
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады; | |
Бағалау критерийлері | 1. Берілген лексикалық тақырып аясында диалогтар құрап жазады; 2. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады; 3. Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолданады; 4. Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасады; 5. Оқушылар өзіндік, топтық жұмыстар жасауға дағдыланып, ой қорытып, кері байланыс жасайды; |
Тілдік мақсат | Хабарлы сөйлем – приложение - narrative sentence |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Тірек сөздердің айтылуын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату. | |
Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті...... деп ойлайсыз 1. Сөйлем дегеніміз не? 2. Сөйлем нешеге бөлінеді? 3. Сұраулы дегеніміз не? 4. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады? 5. Сөйлемнің түрлерін ата? | |
Алдыңғы оқу | Сұраулы сөйлем |
Ишара | Жасыл - түсіндім; қызыл – сыныптасымның көмегімен түсіндім; Сары - көмек қажет, түсінбедім. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) | ресурстар |
Басталуы 5 минут | «Шаттық шеңбер» Оқу, құрал, дәптер ал Сабаққа керек ол құрал Досыңдай сенің күн күліп Жаныңда тұрсын күнделік Мезгілдер арқылы топқа бөліну Оқушыларға түрлі суреттер таратылып суреттердің біркелкілігіне қарап үш - төрт адамнан бірігіп, топ құрады ҰЖ Қазір мен оқитын сұрақтарға жауап берулерің қажет. - Дайынсыңдар ма? - Дайынбыз. 1. Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді). 2. Сөйлем сөзден ………… (құралады). 3. Сөйлемдегі сөздер ……… (бөлек жазылады). 4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады). 5. Сөйлемнің соңына ………(нүкте қойылады). 6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады). 7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады). | |
Жаңа білім 10 минут Ортасы 10 минут Сергіту сәті 2 минут Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Білу және түсіну Өткен сабағымызда сұраулы сөйлеммен таныстық. Ал бүгін сол алған білімімізді тиянақтау мақсатында жұмыс жасаймыз. - Бүгінгі сабағымызда сұраулы сөйлемні ережесін қайталап, жаттығулар жүргіземіз. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз Оқулықпен жұмыс 43 - жаттығу: « Салыстыр»ТЖ - Шегене деген немене? - Соны білгін келе ме? Шамалы, азды, шағынды Бабалар деген шегене. Сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тап. Дескриптор: 1. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқиды; 2. Хабарлы және сұраулы сөйлемнің оқылуын салыстырады; 3 Өлеңдегі сұраулық мағынаны білдіретін сөзді тауып айтады; Кері байланыс: «Житондар» ҚБ « Жұлдызшалар» Ереже. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе бөлек жазылады. Мысалы: Айгул келді ме? Жауын басылды ма? ендеше жаттығу орындаймыз.(тақтаға) 44 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз ӨЖ Дескриптор: 1. Қарамен жазылған сөздерді салыстырады; 2. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне қарай сөйлемнің түрін ажыратады; 3. Сөйлемді қатесіз көркем жазады; Кері байланыс: «Житондар» ҚБ « Жұлдызшалар» Сергіту сәті 45 - жаттығу «Диалог»ЖЖ Дескриптор: 1. Сөйлемге сәйкес сұрақтар құрап айтады; 2. Сөйлеммен сұрақтың сәйкестігін анықтайды; 4. Екі бағандағы сөйлемдердің бір - бірінен өзгешелігін дәлелдейді; 3. Бір - бірінің жауаптарын толықтырады; Кері байланыс: «Житондар» ҚБ « Жұлдызшалар» | Оқулық, дәптер Топтық жұмыс Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі - түсті маркерлер |
Кері байланыс 3минут | Үй тапсырмасы: 96 - бет 50 - жаттығу, ереже жаттау Кері байланыс: | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
Қосымша мәліметтер |
Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымша карточкалар беремін. Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейбір оқушылар орындай алады: | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша, житондар арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын. | Пәнаралық байланыс – музыка, көркем еңбек, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |