Сиқырлы сандық
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекет түрі: Тіл дамыту, Сауат ашу, Құрастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын дамыту. Логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру, достыққа мейірімділікке тәрбиелеу.
Заттық дамыту орталығы: үлестірмелі құралдар, сандық, су, ыдыстар, суреттер, бауырсақ.
Сөздік жұмыс: сандық, дүрбі, сиқырлы сандық.
Билингвалды сыңары: сиқыршы - волшебник, қар - снег.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Дәрменқұлова Жанар Шамшақызы
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекет түрі: Тіл дамыту, Сауат ашу, Құрастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын дамыту. Логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру, достыққа мейірімділікке тәрбиелеу.
Заттық дамыту орталығы: үлестірмелі құралдар, сандық, су, ыдыстар, суреттер, бауырсақ.
Сөздік жұмыс: сандық, дүрбі, сиқырлы сандық.
Билингвалды сыңары: сиқыршы - волшебник, қар - снег.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық кезең Ұйымдастырушылық ізденістік кезең Рефлек - тивті коррекциялық кезең | Шаттық шеңбері Сәлем деймін мен Күнге! Сәлем деймін мен жерге! Сәлем деймін мен саған, Сәлем дейміз қонақтарға. Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Hello! Тәрбиеші балаларға әдемі сандықты сиқыршы жібергенін айтып көрсетеді. Бұл сандық өте сиқырлы, ғажайып, әрбір тапсырма мен ойынның шартын орындасақ, сиқыр көрсетеді. Тапсырмаларды орындап, сиқырларды көргілерің келе ме? Ендеше жұмбақ жасырайын, сендер тауып көріңдер. Жұмбақ: Қол созсаң ақ күміс Алақанға толады, Ашып - жұмсаң, із - түссіз Лезде жоқ болады. - Қар қай мезгілде болады? - Қыста ауа - райы қандай болады? - Қар қандай? - Ол жылыда неге айналады? Тәрбиеші сандыққа стакандағы суды салып, сиқырлы сандықтың сиқырын көрсетеді. Сандықтан су басқа түсті болып шығады. - Қараңдаршы балалар, сиқыршы сандыққа қиылған суреттер салып, осыны құрастырып ойынның шартын орындасаңдар, әрі қарай сандығымыз сиқырлы болатынын айтыпты. Құрастырамыз ба? 1 - қиындының тапсырмасы: Сұрақ - жауап. Әріп дегеніміз не? Әріпті көреміз жазамыз. Дыбысты естиміз айтамыз. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай? Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгілінеді? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? Ойын: «Өз үйін тап». Балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды өз үйіне орналастырамыз. Балаларға карточкалар таратылады. Карточкадағы сурет қандай дыбыстан басталса, астындағы дөңгелекті тиісті түспен бояйды. Сөздерді буынға бөледі. Тәрбиеші 1 - қиындыны тақтаға орналастырады. 2 - қиындының тапсырмасы: Тіл ұстарту жаттығуы Ар - ар - ар дала толы қар. На - на - на қыста ойнаймыз шана. Ыр - ыр - ыр ырылдайды қасқыр. Ра - ра - ра ұшып жүр ара. Ма - ма - ма апорт тәтті алма. Са - са - са ызыңдайды маса Тәрбиеші 2 - ші қиындыны тақтаға орналастырады. 3 - қиындының тапсырмасы: Сөйлейтін суреттер. 3 - қиындыны тақтаға орналастырады Сергіту жаттығуы 4 - қиындының тапсырмасы: Жұмбақтар. Үстелдің үстінде балаларға таныс заттар жатыр. Бала заттардың ішінен жұмбақтың шешуін тауып, жауабын қазақша, орысша, ағылшынша тілінде айтады. 1. Өзі ағашта өседі, қызыл - сары, көк болады. 2. Дөңгелек жерге ұрсаң секіреді. 3. Өзі қорқақ, секіреді, сәбізді ұнатады. 4. Тәтті, кішкентай қағазға оралған. 5. Жабайы аң, орманда мекендейді. Үлкен, балды жейді. 4 - қиындыны тақтаға орналастырады. 5 - қиындының тапсырмасы. « Дүрбі» ойыны. Қолымызды дүрбі қылып тақтадағы суретке қараймыз. Бұл қай ертегі? Қай мезгіл? 5 - қиындыны тақтаға орналастырады. 6 - қиындының тапсырмасы: Жалпы атауын ата. Балалар жасырынған суреттердің аттарын тауып, жалпы атауын атайды. Тәрбиеші қиындылардың барлығын құрастырып, ненің суреті шыққанын сұрайды. Балалар, тапсырмаларды орындап, қиындыны құрастырдық, енді біздің сандығымыз бізге қандай сиқырын көрсетеді екен? Тәрбиеші қиындыларды сандыққа салып одан бүтін бауырсақ суретін шығарады. Ойын «Бауырсақ». Балалар дөңгеленіп тұрады, бауырсақты бір - біріне беріп төмендегі тақпақты айтады. Ей бауырсақ, бауырсақ, Қайда кеттің домалап. Дәміңді көргім келеді, Қуып жетем мен сені. - Тақпақ біткен кезде бауырсақ кімнің қолында қалса, сол бала бауырсаққа арнап бір сөйлем айтады, немесе сұрақ қояды. - Балалар, енді алдымыздағы қалам ленталарды пайдалана отырып, бауырсақты бейнелейміз. Бүгінгі оқу іс - әрекетінен алған әсерлеріңді көңіл - күйлеріңді бейнелеп салсаңдар болады. Тәрбиеші бауырсақтың суретін сандыққа салып, ыдыстағы пісірілген бауырсақты шығарады. Қорытындылау. - Балалар, бізге кім сандық жіберген? - Біз тапсырмалар мен ойын шарттарын орындап, қиынды суреттен ненің суретін таптық? Балаларды мадақтау. | Балалардың көңілдері көтеріледі. Ия. Көргіміз келеді - Жұмбақтың жауабы: қар. - Қыста - Суық, аяз. - Ақ. - Суға. Балалар таңырқай қарайды. Құрастырамыз. Дыбыстың жазылуы. 2 ге. Дауысты, дауыссыз. - Созылып, кедергісіз. - Қызыл. - Қысқа, кедергімен. - Көк. Қызыл үйге дауысты, көк үйге дауыссыз дыбыстарды орналастырады. Ал - ма. Балалар қайталайды. Алмагүл Айгүл Тасбақа Айжұлдыз Ботакөз Аяқкиім Алма - яблоко - apple Доп - мяч - bool Қоян - заяц - harre Кәмпит - конфет - kandy Аю - медведь - bear «Шалқан», «Жеті лақ», «Үйшік», «Аю мен маша». Қыс, жаз, күз, көктем. Ыдыс - аяқ, оқу құралдары, жануарлар, жемістер, ойыншықтар. Бауырсақ ертегісіндегі бауырсақтың суреті шықты. Балалар өлең жолын қайталайды. - Сен әдемісің, сенімен дос болғым келеді. - Сен тәттісің, сен неге қаштың? Сиқыршы Бауырсақтың. Балалар қуанышты сезімде болды. |
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Дәрменқұлова Жанар Шамшақызы