Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістері 6-сынып
Жалпы білім беретін оқу орнының 6 - сыныбына арналған факультативтік курс
ТҮСІНІК ХАТ
6 - сыныпқа арналған «Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістері» факультатив курс бағдарламасы оқыту процесінде оқушы математикадан алған білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын арттырып, математикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған.
Берілген курс математикадағы қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады. Бұл курсты игеру оқушылардың ой - өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулерді жүргізу, практикалық есептеулерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктілігін дамытуға PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамытуға, жалпы адами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне бағытталған. Мақсаты: Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Практикалық есептерді шешудің тиімді әдіс - тәсілдерін меңгертіп, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту. Теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу
дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Курста оқушылардың меңгеруі керек:
- математикалық тұжырымдарды түсінеді және пайдалана білуге үйренеді;
- арифметикалық амалдарды пайдаланып, тиімді тәсілмен шешеді; - белгілі шамалар арасындағы арақатынастарды талдап, одан белгісіз шаманы таба біледі;
- кеңістікте фигураларды дұрыс жорамалдай біледі;
- абстрактылы ойлауға, логикалық мәдениетін қалыптастыру. Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны - 34 сағат, аптасына - 1 сағат
Курстың міндеттері:
Білімділік:
Математиканың қоғам дамуындағы маңызын түсіну;
Бағдарламадан тыс математикалық ұғымдармен танысу;
Мәтінді есептерді шығаруға үйрету (қызықты, тарихи), ғылыми және анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасауды үйрету;
Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында іздендіру арқылы зерттеушілік қабілеттерінің дамуына ықпал жасау;
Дамытушылық:
Есте сақтауын, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін және көркемдік талғамын дамыту;
Математикалық және шығармашылық қабілетін анықтай және дамыту.
Есептің шартын тез түсініп, оны жүйеге келтіріп, шығару алгоритмін таба білу;
Есептің шешімдерін алдын - ала сезіне және болжай білу;
Күрделі есептерді шығарудағы қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік:
«Математика»пәніне қызығушылықты туғызу;
Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру;
Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, шыдамдылыққа, өзара көмек беруге және бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Оқушылардың біліміне, білік, дағдыларына қойылатын талаптар;
Практикалық тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімді пайдалана отырып, өздігінен шешім шығара білу;
Берілген тапсырмаларға шығармашылық көзқараспен қарау;
Саналылық пен жауапкершілік көрсету;
Ой дербестігі бөлу;
Теориялық мәліметтерді формулалар мен анықтамалар түрінде қолдана білу;
Практикалық есеп шығару дағдыларының болуы;
Математикалық олимпиадада жақсы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу;
Олимпиадалық есептерді шешуде тәсілдерді нақты білу.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар есептер шығарудың негізгі әдістерін меңгереді;
Берілген есепті шығару алгоритмін және жолдарын құра білуге, іс жүзінде есептерді шығарудың стандарттық емес тәсілдерімен танысып, қолдана білу дағдысын қалыптасады;
Берілген тақырыпта біліктілік пен дағды қалыптастыру;
Өз жұмысының нәтижесін бағалай білу;
Оқу барысында жетістігінің себебін түсіну;
Өзінің біліміндегі олқылықты анықтай білу және қиындықтарды сыныптастарының, мұғалімнің көмегімен жеңе білу;
·Өз жұмысының қорытындысын көрсете білу.
Ұжымда жұмыс жасауды үйренеді;
Өзінің және өзгенің пікіріне сыни қарау;
Курс бойынша мазмұны мен құрылымы
І тарау. Натурал сандар. (6 сағат)
Натурал сандар. Натурал сандарға амалдар қолдану. Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру. Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар. Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері. Дәреже. Натурал сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ.
ІІ тарау. Рационал сандар. (11 сағат)
Оң және теріс сандар. Координаталық сәуледе рационал сандарды кескіндеу. Рационал санның модулі. Рационал сандарды салыстыру. Рационал сандарға амалдар қолдану. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу. Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер. Сандарды дөңгелектеу. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Теңдеу. Мәтінді есептер. Дөңгелек диаграмма. Берілген сандар қатарының арифметикалық ортасы, медианасы, модасы, өзгеру ауқымы. №1 сынақ
ІІІ тарау. Қатынастар және пропорциялар. (4 сағат)
Қатынастар. Берілген қатынаста бөлуге арналған есептер. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура және кері пропорционал шамалар. Масштаб.
IV тарау. Жиын. (3 сағат)
Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын. Жиындардың қиылысуы. Жиындардың бірігуі.
V тарау. Жазықтықтағы геометриялық фигуралар. (3 сағат) Шеңбер және дөңгелек. Көпбұрыштар. Көпбұрыштардың ұзындығы мен ауданы. Параллелепипед және куб.
VI тарау. Функция. (4 сағат)
Функция. Функцияның формуламен, кестемен берілуі. Координаталық жазықтық. Функцияның графикпен берілуі. Бағанды диаграмма. Остік және центрлік симметрия. №2 сынақ.
VII тарау. Комбинаторика элементтері. (3 сағат) Алмастырулар. Орналастырулар. Терулер. Қорытынды тест.
Оқыту әдістері: репродуктивті, мәселені қою арқылы шешу әдісі, зерттеу әдісі.
Оқушымен жұмыстану формалары: оқушылармен топтық жұмыс, екеуара жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақты ұйымдастыру түрлері: семинар, практикум, жобаны қорғау, сайыс - сабақ.
Білімді бақылау түрлері: өзіндік жұмыс, әр тарау бойынша жеке жұмыс және сынақ, жыл соңында қорытынды тест.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Т. Алдамұратова «Логикалық есептер мен тапсырмалар» - Алматы: Атамұра, 2015
1. А. Нұрғалиев «Қызықты математика» - Алматыкітап, 2015
1. Қ. Бекболат, А. Сердалы «Математикалық сауаттылық» оқу - әдістемелік құралы - Астана, 2017 жыл
1. А. Альсейтов «Математикалық сауаттылық» оқу - әдістемелік құралы - Орал, 2017 жыл
1. Ұ. Б. Жанасбаева, К. Б. Жанасбаев «Математикалық сауаттылық» ҰБТ және кешенді тестілеуге арналған әдістемелік құрал 1, 2 бөлім – Алматы, 2017 жыл
1. Г. К. Мусагалиева, А. С. Ахмадиев «Математикалық сауаттылық тапсырмалары және оларды шешудің тиімді әдістері» әдістемелік құрал 1 бөлім – Орал, 2017
1. ҰБТ байқау кітапшалары (математикалық сауаттылық тапсырмалары).
Тақырыптық жоспар
Жалпы білім беретін оқу орнының 6-сыныбына арналған «Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістері» атты факультативтік курсының жоспары
(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Сабақтың тақырыбыСағатыКүніЕскерту
Ітарау.Натуралсандар.6сағат
1Натурал сандар. Натурал сандарға амалдар қолдану.102.09.2020
2Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру.109.09.2020
3Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар.116.09.2020
4Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері.123.09.2020
5Дәреже.130.09.2020
6Натурал сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ.107.10.2020
ІІтарау.Рационалсандар.11сағат
7Оң және теріс сандар. Координаталық сәуледе рационал сандарды кескіндеу.114.10.2020
8Рационал санның модулі. Рационал сандарды салыстыру.121.10.2020
9Рационал сандарға амалдар қолдану.128.10.2020
10Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу.104.11.2020
11Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер.118.11.2020
12Сандарды дөңгелектеу.125.11.2020
13Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу.102.12.2020
14Теңдеу. Мәтінді есептер.109.12.2020
15Дөңгелек диаграмма.116.12.202018.12
16Берілген сандар қатарының арифметикалық ортасы, 
медианасы, модасы, өзгеру ауқымы.
123.12.2020
17№1сынақ130.12.2020
ІІІтарау.Қатынастаржәнепропорциялар.4сағат
18Қатынастар. Берілген қатынаста бөлуге арналған есептер.113.01.2021
19Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.120.01.2021
20Тура және кері пропорционал шамалар.127.01.2021
21Масштаб.103.02.2021
IVтарау.Жиын.3сағат
22Жиын және оның элементтері.110.02.2021
23Ішкі жиын.117.02.2021
24Жиындардың қиылысуы. Жиындардың бірігуі.124.02.2021
Vтарау.Жазықтықтағыгеометриялықфигуралар.3сағат
25Шеңбер және дөңгелек.103.03.2021
26Көпбұрыштар. Көпбұрыштардың ұзындығы мен ауданы.110.03.2021
27Параллелепипед және куб.117.03.2021
VIтарау.Функция.4сағат
28Функция. Функцияның формуламен, кестемен, графикпен берілуі.107.04.2021
29Бағанды диаграмма.114.04.2021
30Остік және центрлік симметрия.121.04.2021
31№2сынақ.128.04.2021
VIIтарау.Комбинаторикаэлементтері.3сағат
32Алмастырулар. Орналастырулар Терулер.105.05.2021
33Қорытындысынақ.112.05.2021
34Қорытынды сабақ119.05.2021

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама