Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәрбие тал бесіктен

Қазақ халқында «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген мақалдар бар. Өйткені біздің халық тәрбиеге үлкен мән береді. Қызын инабатты, ибалы, сыпайы болуға үйретсе, ұлын ізеттілікке, үлкенді сыйлауға, батырлыққа баулыған. Әсіресе, қазақ жұрты қыз баланың тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Себебі қыз бала-болашақ ана, ұрпақ жалғастырушы, шаңырақтың ұйытқысы. «Тәрбие тал бесіктен» десек, ұлттың ұрпақ тәрбиесіне қаншалықты көп көңіл бөлгендігін байқауға болады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезов сөзі де ұрпақ тәрбиесіне байланысты айтылған.

Тәрбиелі деген сөзді мен тәртіпті, әдепті, мәдениетті деген сөздермен мағыналас деп ойлаймын. Себебі «Тәрбие тәртіптің құлы» деген сөз бар.

Жалпы тәрбие деген сөзді, меніңше, адамдардың белгілі бір әдеп нормаларымен ғана байланыстыру қате, тәрбие-ол одан да кең ұғым. Мысалы, тәрбиелі адам өзінің сыпайы әрекеттерімен ғана емес, сөйлер сөзімен, киім үлгісімен, жүріс-тұрысымен де өзін таныта алады.

Тәрбиенің бастауы, әрине, ақылгөй әжелер мен дана қариялар болады. Мысалы, Абайдай атамыз Зередей әжесінің, Шоқандай ағамыз Айғанымдай әжесінің, Ыбырайдай атамыз Балғожа бидей атасының тәлім- тәрбиесін көріп өсті ғой!

Сөзімді қорытындылай келе, тәрбиелі адам-қоғамның байлығы. Себебі, мемлекеттің көркеюі үшін мәдениетті дамыту керек. Ал мәдениетті дамыту үшін қоғамның тәлім-тәрбиесі жақсы болу керек.

Айым Тлектес


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама