Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Тәуелсіздік тұғырым
Мұғалім: Амангельдина А. А
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету.
3. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
2. Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту
Құрал: Н. Назарбаевтың суреті, бейнефильмдер, слайд, көркем суреттер. «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» кезінде 1 млн қазақ қаза болды, «1916 - 1921ж аралығында 800 мың адам қырғынға ұшырады»;
«1930 - 1933ж Голощекиннің геноцид кезінде 2 млн 200 мыңдай қазақ аштан өлді»;
«Ұлы Отан соғысында 350 ұл - қызынан айырылған қазақ халқының саны 12% кеміді» мәліметтер интерактивті тақтада көрсетіледі.

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым – Ата заңым қабылданып
(Әнұран орындалады)
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат - мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан - ұрпаққа үлгі.
Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Қысқаша өмірбаянынан мәлімет:
Қ. Рысқұлбеков, (Жаксыбекова Инкар)
Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13 - наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп - интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет - құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн Совицкийді өлтірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. Кейiннен бұл жаза 20 жылдық кесiмге ауыстырылды. Қайраттың хаты: Бақ түссе - маңдайымнан, тас түссе - талайымнан, көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр. Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші. Скоро мейрам ғой. Жазмыштан озмыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем. Беттеріңнен сүйдім. Сәлеммен Қайрат. 1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.

Л. Асанова, (Жанболат Акмарал)
Ләззат Асанова
Асанова Ләззат Алтынайқызы (27. 07. 70, Алматы облысы Жаркент ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. — 25. 12. 86 қайтыс болды, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч - щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы
қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч - ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Ақиқат. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді. Ләззатқа екі мәрте1996 жылы және 2004 жылы «Халық қаһарманы»атағы берілді.

С. Мұхаметжанова, (Мақсатқызы Сымбат)
Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова
Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова «Ел атын ер шығарады» деген. Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сәбира Мұхамеджанованың есімі ел жадында.
26 желтоқсанкүні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден 1 - курс студенті Сабира Мұқанбетжанова жатақхананың 5 - ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсан жылнамасында ол туралы: «1970 жылы туған, Өскемен педагогикалық училищесінің студенті. Желтоқсанның 21 - 22 күндері Өскеменде болған наразылық шараларына қатысып, 26 желтоқсан күні мерт болды» деп жазылған. Облыстық «Дидар», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерін - де оны «Халық қаһарманы» атағына ұсыну мәселесі де көтерілді. Сол қаһармандардың бірі және бірегейі Сәбира Есімбекқызының қамшының сабындай ғана қысқа да, нұсқа ғұмыры Ақмектеп ауылынан басталып, Өскеменде үзілді.

Е. Сыпатаев ( Диас)
Ербол Сыпатаев Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10. 03. 1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы - 23. 12. 1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 - 1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982 - 1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17 - 18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.
Видео: 16 желтоқсан
Көрініс қойылады.
Қапсалямова Талшын: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез - келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып - соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.
Сейтжан Бекжан: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Ғалым Аблайхан: Жоқ, мен емес.
Сейтжан Бекжан: - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Абылай: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды. Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік
Жеті нан үлестіру: 10 «А», 8 «Ә», 8 «Б»
Видео: Желтоқсан желі

Жас арудың жанарында - желтоқсан,
Қанды ғасыр табаныңда - желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - желтоқсан.

Намысымның шырағы да - желтоқсан.
Сұрқай өмір сынағы да - желтоқсан,
Жігіттіктің өмірі де - желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да - желтоқсан

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.

Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.

Желтоқсанда,
Алматыда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!
Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

Кім көріпті о заман да, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде үрей - бөрі ұлиды,
«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар,
Ей болашақ!
Сен бұл жерді танып ал,
Үміт - жіпке қолын созған өркеннің
Ерте үзілген өмірі бар, жаны бар.
Айтам деген,
Айтылмаған әні бар.
Біліп жүргін,
Тағзым еткін соларға,

Ертеңіңе бұрғаныңды бетіңді,
Ұлы ерлікке буған белің бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті секілді.

Тәуелсіздік! Балалардың ұраны,
Бейуақытта, бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Өкінгенмен пайда жоқ өтті күндер,
Қыршын кетті, әттең – ай, көк өрімдер.
Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым,
Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер

Ел тілегі енді айтпағымыз,
Сүт бетінде қалқыған қаймағымыз.
Әрбірің бір батырсың дастандағы,
Желбіреді аспанда байрағымыз
Сол Желтоқсан оқиғасының куәгерлері болған аға апайларымыз келіп отыр.
Өмірбаяндарына қысқаша шолу.

Құрметті ағайлар, апайлар сол кездегі оқиғаларды өз көздеріңізбен көріп сол оқиғаға куә болып, қазақ елі үшін, әділеттілік үшін күрестіңіздер. Біздің оқушыларымызға сол жайында бірер сөзбен айта отырсаңыздар.
Желтоқсан оқиғасын көздерімен көрген ағайларымызға сөз кезегін берейік.
Концерттік бағдарлама:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық.

Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ешбір дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Видео: Көк тудың желбірегені.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама