Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Тобылғы

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды. Оны бәкімен кесіп, гүлін сілкілеп, тұқымын түсіріп алатын болған. Тобылғы өскен жерге мал жаймаған, тіпті бейберекет аяқпен басуға да рұхсат етпеген.

Тобылғы өскен жерде ылғал мол болатынын халқымыз байқап білген. «Тобылғы шөпке жетеді, шөп көпке жетеді» — деген мәтел соның айғағы. Тобылғының дәрілік қасиетін де халқымыз жоғары бағалаған. «Қараған — кен, тобылғы — ем» деген мәтел, тобылғының емдік қасиетін аңғартып тұр. Тобылғының майын от жалына ұстап ерітіп алып, жарақаттанған жерге, темірткіге қарсы пайдаланған. Тобылғы түтінінде ерекше қасиет бар. Тобылғы түтінінен микробтар мен бактериялар жойылады. Тобылғыдан тіс шұқығыштар дайындалып тіс арасындағы микробтарға қарсы пайдаланған. Тобылғы түтінімен сабаны, күбіні, торсықты ыстаған. Тобылғыдан түрлі бұйымдар жасаған. Тобылғы шыбығының түсіне қарап халқымыз ауа-райының қандай болатынын да болжаған. Мысалы, жауын шашын көп болатын маусымда тобылғы шыбығының түсі қоңыр, ал жауын-шашын аз болатын маусымда оның түсі күлгін болады. Егерде мамыр айының алғашқы он күндігінде тобылғы шыбығының түсі қоңыр-қызыл болса жаз жаңбырлы, ал оның түсі күлгін болса, жаңбыр аз жауады деп топшылаған.

Оқуға кеңес береміз:

Тобылғы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама