- 19 жел. 2021 00:00
- 365
Қылқан жапырақтардың бұтақта ұзақ сақталуының сыры неде?
Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді — деу дұрыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады. Терек, қайың және т.б ағаштар жапырақтарын жылда түгел түсіретіндіктен сыйдиып бұтақтары ғана қалады. Қылқан жапырақтар түгел түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып тұрады. Бұған қарағайлы шыршалы ормандарды аралағанда әр ағаштың түбінде үйіліп жатқан қураған ине тәрізді жапырақтардың болуы дәлел.
Қылқан жапырақтылардың ішінде жапырақтарын жылда түсіретін түрлері де кездеседі. Оған балқарағай (лиственница) жатады.
Ашық тұқымдылардың жапырақтары «қылқан» және «қабыршақ» дәл аталады. Көлденеңінен қарағанда жапырағының ұзындығы әлдеқайда ұзын ине тәрізді жіңішке болса, оны қылқан жапырақ дейді. Қылқан жапырақ жасыл түсті, өркенге бір-бірден, 2-ден, одан да көп болыл топтанып орналасады. Қылқан жапырақтан басқа қоңыр түсті қабыршақты жапырақтары да болады. Қабыршақ жапырақтары ұзарған өркенінде орналасады. Ол қорғаныштық қызмет атқарады. Қылқан жапырақтарыңда фотосинтез реакциясының нәтижесінде органикалық зат түзіледі. Қарағай, шырша, самырсын, арша және т.б. өсімдіктер қысы-жазы жасыл түсті болғандықтан «мәңгі жасыл» өсімдіктерге жатады.
Оқуға кеңес береміз:
Арша