Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Түркістан уалаятының газеті» - тұңғыш қазақ басылымы

Қазақ басылымының тұңғышы «Түркістан уалаятының газеті» 1870 жылы Ташкент қаласында жарыққа шықты. Аталмыш газет «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде, айына 4 рет, екі тілде, қазақ және өзбек тілдерінде, 200- 250 таралыммен басылып тұрды. Газеттің редакторы – Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов, ұлты бөлек болса да, патша өкіметіне қызмет кылса да (ген-губернатордың тілмашы) қазақтардың қамын шынымен-ақ ойлады.

Түркістан уалаяты қалың бұқараның санасына ақ патшаның саясатын сіңіру мақсатында мерзімді басылым болды. Атап айтар болсақ, патша өкіметінің жарлығы бойынша жергілікті әкімшіліктің қаржыландыруымен, өлкенің табиғи ресурстарын өздеріне ыңғайластыра, және орыс капиталының талабына сай 12 жыл бойы шығарып отырды. Бір сөзбен, орыстандыру саясаты жүрді. Дейтұрғанмен, халықтың ой-пікірін қалыптастыруына, мәдени-әдеби дүниетанымының молаюына ықпал етті. Неге десеңіз, қазақтан шыққан, ғылым жолында өзінің сара жолын қалыптастырған Шоқан Уәлиханов туралы алғашқы қазақша мақала осы газетте басылды. Сонымен қатар, қазақ хандары, қазақтың тегі, жарлықтар, елде жүріп жатқан зерттеулер жарияланып тұрды.

Шоқан Уәлихановтың зираты туралы алғашқы дерек осы газетте шықты. Нақтылай түссем, газеттің 3 нөміріндегі мақалада (1870 ж) Түркістан генерал-губернаторы Кауфманның Шоқанның Алтынемелдегі моласын барып көргендігі, оның қандай сыйлы, абыройлы адам болғандығы көрігені туралы жазылған. Расында, Уәлиханов Шоқан қайталанбас тұлға.

Сонымен қатар, бұл газет көркем әдебиетке серпіліс әкелді. Өйткені Майлықожадан бергі жыраулардың жыр-дастандарының жариялануы, енді қалыптасып келе жатқан жазба әдебиетімізге зор үлесін қосты. Жалпы, «Түркістан уалаятының газетінің» бейресми бөлімінде жарияланған әдеби мақалалар халықтың көңілін ерекше аударды. "Туркестанские ведомости" газетінен бөлініп шыққан соң газет басылымдары беттерінде жергілікті ұлттардың тұрмысы, салт-дәстүрі туралы көптеп жазыла бастады, әсіресе оңтүстік туралы көп жазылды, соның өзінде оқырмандар әр өңірден жазылып, тұрақты түрде оқыды.

«Түркістан уалаятының газеті» патшалық Ресейдің біздің өлкені зерттеу мақсатында мерзімді басылымы еткеніне қарамастан, қазақ журналистикасының тарихында бұл газеттің орны елеулі. Осымен тәмәм.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенті Зейнуллаева Алуа Еркеновна 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама