- 25 ақп. 2022 00:00
- 239
Менің мамандығым - журналист
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт.
“Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан”-деп Абай атамыз айтпақшы әр өр тұлға өз өмірлік жолын таба білуі керек, бірақ бұл өмірде мамандық таңдау да оңай шешім емес.Менің сонау бала шақтан арқау еткен арманымның бірі- журналист мамандығы.
Журналист адамдарға барынша кең, объективті және шыншыл болуы тиіс.
Мен бұл мамандықпен айналысуды сонау балалық шағымнан армандадым, бала кезімде Бейсен Құранбектің “Айтуға оңай” бағдарламасын қызыға қарап, мен де дәл осы кісідей боламын деген арманыма қанат бітті.
Күн сайын миллиондаған адамдар біздің әлемде не болғанын білу үшін теледидарды қосады, жаңалықтар сайтын ашады немесе таңертеңгі газетті айналдырады. Журналист әрқашан әлемде болып жатқан барлық нәрсенің алдыңғы шебінде, әрқашан жаңа және қызықты адамдармен қарым-қатынас жасайды.
Бұл мамандық қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн. Қоғамдағы болып жатқан жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай жариялаудан адасып қалмағаны жөн. Дей тұрғанмен, тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден, көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп жаза берсе ондай жаңалықтардың көк тиындық құны болмайды. Бір елді немесе бір адамды негізсіз қаралай берсе, жала жапса басы пәлеге қалуы мүмкін. Біз осыған абай болуымыз керек. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз.
Менің осы жолды таңдауымның да өзіндік үлкен себебі бар. Мен өзімнің жастар жайлы журналымды жариялағым келеді. Жасөспірімдердің проблемалары көп екенін білемін. Көбінесе бұл проблемалар олардың сипатына, көзқарастарына, жеке өміріне үлкен әсер етеді. Кейбір қақтығыстарға немесе сәтсіздіктерге байланысты олар мектеп туралы, жақындары туралы, болашағы туралы ойламайды. Бұл мәселе оларды алаңдатады. Жасөспірімдер "жалғыз дұрыс шешімді" таңдайды: олар іше бастайды, темекі шегеді, есірткі қабылдайды, өз-өзіне қол жұмсауға тырысады. Ал менің журналым осындай жасөспірімдерге шын мәнінде дұрыс шешім табуға көмектеседі. Сонымен қатар, мен өзімнің жастармен және танымал адамдармен сұхбаттасатын айдар ашып, сұхбаттасқым келеді. Бұл менің бұрыннан келе жатқан арманым. Арманымның жолында жан-тәніммен беріле қызмет етемін.
Бұл жол жай жол емес бесаспаптардың жолы. Абай атамыз айтқандай қазірден бастап: «Бес нәрсеге асық болып, бес нәрседен қашық болуымыз керек». «Сегіз қырлы, бір сырлы», өзінің діттеген мақсатына жетуден тайсалмайтын, болашақ ұрпақтың келер келешегіне кәміл сеніп, олардың біздің адал ізбасарымыз болатындай жол қалдырып, болашағына сенім артуымыз қажет. Ең бастысы, қазақтың бас ақыны, өр тұлға – Абай атамыздың «Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін бірдей ұста» - демекші, мына журналисттің де бойында осы қасиеттер болуы міндетті