Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұлы Даланың жеті қыры

Елбасының алдыңғы жолғы «Ұлттық жаңғыру» мақаласы мен қазіргі «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары әрбір қазақстандықтардың көкейінен орын алды. Шын мәнінде, бүкіл санамызды ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызға бағыттадық. Сонау замандардағы Ұлы дала төсінде пайда болған бабалардан келе жатқан ұлттық мұраларымызды, мәдениетімізді терең тануға жаңа қырынан ұлықтауға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер берді. Сондықтан «Ұлы даланың жеті қыры» қазақ елі ұрпақтарының рухани санасына әсер ететін маңызды тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз. 

Мақала--түркі әлемінің генезисі. Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажеттігін атап өткен Елбасы аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес... Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді» - деген Президент «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам»,  «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тараулары арқылы қазақ халқының ұлттық тарихында орын алар дүниелерге кеңірек тоқталып өтті.

Әр халықтың  сан ғасырлық тарихы бар.  Ал  Қазақ  халқымыздың  сан ғасырлық тарихы сонау тереңде жатыр. XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ ала бастағанымызды білу әр перзенттің міндеті. Әлемдегі әр түрлі халық өз мәдениетін, салт-санасын жоғарғы дәрежеге қояды. Қазіргі таңдағы жеткен жетістіктеріміз ата –бабаларымыздың ерен еңбегі мен қажымас қайратының арқасында. 

«Бұл мақала ұлттық ұстанымға әрі санаға қатысты тың серпін беретін міндеттерді қамтып отыр. Өкінішке қарай, біраз буын бойы біз өзіміздің тарихымызды, өткен ғасырларды тек қайғылы жағынан ғана есте сақтап, осындай көзқарасты қалыптастырдық. Мұның тарихи себептері де аз емес. Осы орайда халқымыз ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс ауыртпалығы секілді нәубетті кезеңдерді  басынан өткерді. Елбасы мақаласында бізге тарихи позитивизмге жол көрсетіп отыр, яғни ата-бабаларымыз адамзаттың дамуына елеулі ықпал еткендігіне назар аударды», - деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтқандай біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады, себебі, әр халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістерге толы, оны сол күйінде қабылдаған абзал.

Бұл мақаласында Ұлт көшбасшысы тарихи сананы жаңғырту қажеттігін тағы да алға тарта келе, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деген ұсынысын жеткізді.

Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл¬тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.» Қазақ халқымыз бай халықтардың бірі. Кең байтақ жеріміздің жеті қырын айтып өту өте маңызды. Тарихтың сонау терең сахнасына үңілсек, халқымыздың киелі саналатын төрт түліктің бірі жылқының  адам үшін атқаратын  қызметі жоғары бағаланады. Бұл түлік адманың жан серігі айырылмас досы. Атқа міну салтын да негізін қалаған біздің халық.

«Байырғы ұлттың өкілі болмасам да, Қазақстан тарихы - тағдыр талқысымен көп жапа шеккен осынау ұланғайыр жердің бөлшегіне айналған менің тарихым, менің отбасымның тарихы екендігін айтқым келеді» дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Тереченко ел табысының кепілі - бұл өткен бай тарихқа деген мақтаныш, қазіргі заманға прагматикалық баға беру және болашаққа деген позитивті көзқарас екендігіне назар аудартады. 

Мемлекет басшысы нақты айқындап берген Ұлы даланың әрбір жеті қыры барлық қазақстандықтың айрықша мақтаныш  сезімін туғызады», - деу арқылы «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік беретіндігін айтқысы келді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы деп ойлаймын.

Енді міне, бүгінгі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барша жастардың тарихын тереңінен танып біліп, Отансүйгіштік қасиетінің артуына сөзсіз жоғары идеологиялық тәрбие болмақ. Ұлттық құндылықтарымызды тарих арқылы санамызға жаңғырта бастағанымызға ерекше қуаныштымын. Жастарымыз сонау замандарда Қазақстанның қай түкпірінде болмасын ата-бабаларымыздың тектілігіне тағы да бір көз жеткізетін болды. Елбасы мақаласында жазылған жолдар менің жүрегімді одан сайын нұрландыра бастады. Өйткені тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына жеткізу қастерлі міндеттің бірі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама