Инклюзивті білім алушы балаларға ағылшын тілін оқыту методикасы
Нургалиева М. М. , Бақтығалиева Дана Ерланқызы
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Атырау қаласы, Қазақстан Республикасы,
Аңдатпа:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін үйрету қазіргі уақытта өзекті болып табылады, өйткені бүгінгі күні балаға мүмкіндігінше көп білім беру емес, оны түсіндіру де маңызды. Қоғамға қажетті мәдениетті, тұлғалық және танымдық деңгейі дамыған, IQ деңгейлі сияқты маңызды дағдымен қаруланған жас өрен керек. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар да бұған толықтай құқылы.
Тірек сөздер:
Ерекші білімді қажет етуші оқушы, инклюзивті білім, жаңаша бағыттағы шетел тілі, білім бердің жаңа мүмкіндіктері, біріктірілген оқыту, материалды – техникалық қажеттілік, шетелдік жаңаәдістер, түзету – даму сағаттары, ата-ананың психологиялық жәрдемі, қолдауы, педагогтарға методикалық шеберлікті үйрету
Ағылшын тілі сабағы – кретивті дидактикалық матераилдарға толы, аудиотыңдалымдарды еш кедергісіз тыңдай алатындай, лингофонды, сонымен қатар мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған еркін қарым-қатынасқа толы сынып болуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі сыныптарда білім алушы ерекше балалардың саналары тез жалыққыш келеді, ал зейіні дұрыс қойылмаған балалардың сабақ барысында өз деңгейінде білім алуы қиындайды. Сабақ басталып, тақырып нақтыланып, мақсаттар аталып өтіліп, тапсырмаларға көшкен кезде сыныптағы барлық балаларға дидактикалық көрнекілік материалдар толық жетіп, әрбірінің қолында жеке-жеке каторчкалары болуы керек. Сынып ішінде оқушы үшін де, білікті педагог үшін де, тютор үшін де комфортты жағдай жасалған болуы тиіс. Кез келген уақытта, кез келген тақырыпқа «speaking» сұралған кезде видеоматериалдардың қосылып тұруы тиіс, түрлі түсті дидактикалық карточкалардың болуы, аударма кітаптардың болуы, ойыншық сынды қызықты заттардың болуы, тюторлардың қолдау көрсетулері, бір сөзбен комфортты зонаның болуы шартты міндетті болып саналады. Екінші маңызды мәселе, инклюзивті сыныпта білім алушы мүмкіндігі шектеулі оқушылардың, мүгедектік деңгейін жеке-жеке тексеріп алуымыз керек. Сабақ барысында әр оқушымен жеке қарым-қатынас жасау үшін, оларға тапсырмалар бере алу үшін, өзге оқушының алдында ол оқушының жеке кеңістігін таптамас үшін тюторлар, логопедтер, сурдо-тифлопедагогтар ең алдымен олардың деңгейін бағалауары қажет. Егер де педагог әр инклюзивті білім алушы студенттің жағдайы жайлы біле алса, мүмкіндіктері туралы білсе, оларға жарыс түріндегі тапсырмаларды дайындау арқылы сынып ішінде бәсекеге қабілеттілікті орната алады. Ағылшын тілі сабағындағы ең басты стратегия – бұл балаларды изоляцияда қысып ұстау емес, олары еркіндікте, креативті, комфортты ортада білім жағынан шыңдау. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда инклюзивті білім беруші мекемелердің сыныптарында кадрлардың жетіспеушілігі, дидактикалық материалдардың аздығы, білікті тюторлардың аздығы, логопед, сурдо, тифло педагогтардың сирек кездесетіндігі және қымбат ақылы екендіктері сонымен қатар ата-аналардың немқұрайылығы мен әлеуметтік жағдайларының төмендігі сынды проблемалар кездеседі. Егер проблеманы сын көзбен қарастыратын болсақ, Қазақстандық мектептердің барлығы дерлік мемлекеттік мектептер, лицейлер мен элиталық мектептер және жеке – меншік мектептер инклюзивті білім алушы бала үшін жаапкешілік алып оған білім бере алмайды, бермейді бір сөзбен айтқанда. Ал, Қазақстандық мемлекеттік мектептердің жағдайы қазіргі таңда сын көтермейді, яғни сабаққа тыңғылықты дайындалған педагогтардың критерийге сай сабақ өткізуіне (шы,армашылық түрде сабақ өткізу мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өте маңызды) міндетті түрде мектептің материалдық жоқшылығы үлкен кері әсерін беріп тұр. Бұл тек біржақты кемшілік емес, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беуші карлардың жетіспеушілігі ең үлкен проблема болып саналады. Негізінде ҚР Білім конвенциясы бойынша мектептерде логопедтер, психологтар, сурдопедагогтар және тифлопедагогтар және арнайы біліктілік, мотивациялық курсынан өткен педагогтар жеткілікті болуы тиіс және олар тютор есебінде инклюзивті сыныптарға орналастырылулары қажет. Педагогтарды арнайы біліктілік орталықтары мамандары арнайы курстардан жиі өткізіп, оларды жаңа методикамен және білім беруге деген мотивациямен қуаттандырулары керек екен.
Инклюзивті білім алушы балалардың мінездері және қасиеттері тым қияли болып келеді. Олар қарапайым тілмен түсіндірген сабақтарға онша түсіне қоймайды, сондықтан оларға музыкалық караоке, сахналық қойылым және түрлі шығармашылық ізденістермен байытылған сабақ болуы тиіс. Инклюзивті деңгейде білім алушы балалармен өтілген тақырыптардың бірінен сабақтың қандай методикалар арқылы және әдіс-тәсілдер арқылы өтілгенін талдап көрелік. Сабақ тақырыбы: «Holidays and travels» болатын.
1. Алдымен сабақ басталғаннан кейін оқушыларды топқа бөлемін, топқа бөлген кезде арнайы музыкалар арқылы және ір елдің әйгілі ғимараттары бейнеленген атақты ғимараттары арқылы бөлдім. Бірінші топ «Африка», екінші топ «Нью-Йорк», үшінші топ «Қазақстан» болып бөлінді. Оқушылар графикалық картинкаларды таңдау арқылы, ойлау көкжиегі өсе түседі, сонымен қатар музыканы тыңдау арқылы қолындағы картинкалардан қай мемлекет екенін айырып, белгіленген тобына отыра алады. Топқа бөлудің өзінен ақ, баланың ойлау жүйесімен жұмыс жасай бастаймыз.
2. Кейін мүмкіндігі шектеулі оқушылармен сергіту сәттерін ұйымдастырамыз. Бұл жолы мен караоке арқылы сергіту сәттерін ұйымдастыруды дұрыс деп шештім. Каракоке Гарри Потердің «Lomon Tree» мюзиклі болды, ол тақтадан караоке есебінде көрініп тұрды және оқушылар орыннан тұрып әнге ілесті. Бұл сәтте оқушылармен ағы лшын тілін дамытушы тыңдалым+айтылым процесстері қолданыла бастайды. Оқушылардың білім алуға деген махаббаттары ашылып, мотивациялары ояна бастайды.
3. Жаңартылған білім мазмұны бойынша балаларға жаңа сабақтың тақырыбын айтпаймыз, оларға тақырыпқа сай еркін сұрақтар қоямыз, карточкалар таратып және видеолар/ фотолар көрсетеміз, кейін оқушылар еркін форматта өз болжамдарын ұсынады. «Travel and holidays» тақырыбын балаларға болжау арқылы табулары үшін оларға 3 минуттық шағын видео көрсетеміз. Балалар видеоны көру арқылы ойларын ортаға салды, менің көмегім арқылы олар сабақтың жаңа тақырыбын табады.
4. Кейін жаңа тақырыпты түсіну үшін, балаларға әлемдік мәдениет жайлы, әлемдік мерекелік күндер және саяхаттар жайлы жазылған оқылым тексттерін балаларға ұсынамыз. Бұл есту мүмкінігі төмен балаларға арналып, оларға карточкалар таратылып 5 минутта оқып түсінуге тапсырма береміз. Оқушылар арасында сонымен қатар көру қабілеттері нашар оқушыларда бар. Олар алдырына берілген карточкамен жұмыс жасай алмайды. Сондықтан оларға бұл тексттен бөлек, тыңдалым ұйымдастырамыз. Бір емес бірнеше рет тыңдалым аудиоларын тыңдатып аламыз. Осылайша 5 минут өткеннен кейін сынып болып текстты талқылай бастаймыз, оқушыларға интерактивті тақтада көрініп тұратын презентация бетшелеріне сұрақтар жазып коямыз. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды 1 мандарин жемісімен бағалап мотивация беріп отырдым. Мандарин цитрусты жемісі балалардың ойлауына, көңіл-күйлерінің көтерілуіне, қимыл-қозғалаыстарының шапшаңдауына әсер етеді.
5. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен үнемі қиын тапсырмалар орындай бере алмаймыз, олармен жұмыс жасау барысында сергіту ойындарын көбірек орындап, ойнап тұру керек болып саналады. Ендеше балалармен біресе ойын есебінде жүретін, біресе сабақ есебінде жүретін сергіту жаттығуы «Кім мықты» ойынын ойнатсақ болады. Ойын үшін мультиедиялық интерактивті тақтадағы презентациядан әлем елдеріне танымал әйгілі 5\6 ғимараттарды көрсетеміз, Мұқият 3 минут бойы қарап,есте сақтап алуларын тапсырамыз, кейін сурттерді алып тастап, тақтадан не көргендерін қандай сурет екендіктерін сұрап алу керек. Жауапты дұрыс берген оқушыларды тағы да мандарин жемістерімен марапаттаймыз. Бұл ретте оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілеттері дамып және бәсекеге қабілетті келіп, бір-бірімен жарысу арқылы шапшаңдыққа үйренеді.
6. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың физиологиялық жағдайларына орай оларға сабақ барысында көп тапсырмалар бере алмаймыз. Олардың невр жүйелері зақымдалған, медициналық ескертулері бойынша миға ауырлық түсіруге болмайды. Сабақтың осындай әдемі жүріп жатқан нотасында сабақты аяқтай қоямыз, балаларды өздеріне бағалатуды инклюзивті сыныпта іске асыру қиындау болуы мүмкін. Сондықтан олардың мүгедектігінің салдарынан орындай алмаған және орындай алған тапсырмаларына сәйкес өзіміз бағалаймыз. Міндетті түрде сабақ соңында олармен фидбэк жасауымыз керек. Ол үшін «Еркін микрофон» методикасын қолдансақ болады. Тақта алдында трибуна және парта тұруы тиіс. Парта үстінде ақ қалпақ «Маған бүгінгі сабақ ұнады, өйткені. . », қара қалпақ «Маған бұл сабақ ұнамады, мен былай болғанын қалар едім. . . », едім деп трибунада микрофонмен өз ойларын ортаға салады. Осылайша сабақ соңында балалармен ашық түрде кері байланыс алып ала аламыз. Инклюзивті сыныпта білім алушы балалардың әрқайсысымен де табысты жұмыс жасауға болады. Оларға ағылшын тілін үйрету мүмкін емес нәрсе емес, бірақ үлкен шығармашылықты, үлкен ізденісті сонымен қатар аса сабырлылықты талап етеді. Бұл –факт.
Ағылшын тілі сабағында бір сыныпта білім алатын денсаулығы қылыпты балаларда, мүмкіндігі шектеулі балалар да ағылшын тілі пәнінің қызықты өткенін қалайды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен практикада жұмыс істеу барасында оларға бірізді методикамен сабақ өткізудің қызықсыз екендігін, олардың саналары мен зейіндерінің тез жалыққыш екендіктеріне көзім жетті. Ендеше ағылшын сабағын неге балалардың сүйіп оқитын клубы етіп өткізбеске, подкасттар клубы, дебат оралығы етіп неге ұйымдастырмасқа және шеберлік сыныбы етіп неге ұйымдастрымасқа деген креативті ой келді. Мейлі, қала берсін негізгі теория ал оны балаға жеткізетін негізгі методика дұрыс болуы тиіс деп шештім. Яғни дидактикалық материалдарды ерінбей кретивті әрі мықты сапалы етіп өзгерте беруіміз керек екен, қысқасы. Мәселен: түрлі апплекациялар арқылы, топтық жұмыстармен класстерлер құру арқылы, оригами жасау арқылы, және 3Д пазлдар жасау арқылы сабақтар түсіндіреміз.
Қазақстандық мектептердің 100% инклюзивті болады деп күте алмаймыз. Көшу тегіс болады, жаңа талаптар бірден енгізілмейді деп жоспарлануда. Көптеген мектептерде, негізінен, қазіргі уақытта бұл талаптарға қосылу мүмкіндігі жоқ. Мәселе материалдық жағдайда да (пандустар, арнайы құрылғылардың көптігі), ең бастысы – инклюзияның құндылығын түсінетін, «ерекше» балалармен жұмыс істеуге дайындалған және педагогтардың болуы. Олардың қарапайым балалар қоғамына бейімделуіне көмектесуге дайын. Дамуында кемістігі бар балалар өзара әрекеттесуде құнды тәжірибе жинақтағандықтан, инклюзивті білім берудің пайдасын көретіні анық.
Аннотация:
XXI век – время, когда наука нужна человечеству. Ученые доказывают, что в нашей истории было несколько пробелов в сфере образования, одним из важнейших факторов является исключение детей с ограниченными возможностями из образования, социальная изоляция, отсутствие должного ухода и низкий уровень образования. Из-за неразвитой дикой культуры в обществе одним из факторов является то, что дети с особыми потребностями часто вовлекаются в публичную травлю. Бумажная волокита родителей, неверные решения, отсутствие специального персонала, отсутствие материальной видимости - прямое издевательство над особенными детьми. Специальную программу для детей с особыми потребностями готовит Минобразования, но на практике я убедился, что 98% этого не оправдано. Обязательства по цели урока не выполняются, студенты выбывают из программы.
Ключевые слова:
Учащиеся с особыми потребностями, инклюзивное образование, новые иностранные языки, новые образовательные возможности, интегрированное обучение, материально-технические потребности, зарубежные методики, коррекционно-развивающие часы, психологическая поддержка родителей, поддержка, методики преподавания учителям
Abstract:
The 21st century is the time when humanity needs science. Scientists prove that in our history there were several gaps in the field of education, one of the most important factors is the exclusion of children with disabilities from education, social isolation, lack of proper care and low level of education. Due to the underdeveloped wild culture in society, one of the factors is that children with special needs are often involved in public bullying. Paperwork of parents, wrong decisions, lack of special personnel, lack of material visibility - a direct mockery of special children.
Key words:
Education with special needs, inclusive education, new foreign languages, new educational opportunities, integrated education, material and technical needs, foreign methodological, psychological and pedagogical, correctional, pedagogical, correctional, pedagogical, correctional