2 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы
Алғы сөз
Тіл - адамдардың қарым қатынас құралы, ол үнемі толықтырып, жетілдіріп отыруды қажет етеді. Жинақты құрастыруда 2 - сыныпқа арналған қазақ тілінің бағдарламасы негізге алынды.
Мектеп оқушыларының сауатты болуы мұғалімнің білім дәрежесіне, тәжірибесіне, іскерлік қабілетіне байланысты екені белгілі.
Диктант тек сауаттылықты тексеру үшін ғана емес, оқушының танымдық білімін арттыруды да көздейді.
Жинақта диктанттың терме, өздік, ескерту, шығармашылық, көру, сөздік, бақылау түрлері берілген.
2 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы
Терме диктанты
1 Жақсы туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы
2 Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
Тапсырма: у әрпі бар сөздерді теріп жаз.
Инелік
Инелік - ау, инелік,
Үрейленбе именіп
Кел берірек, келе ғой,
Ұстамалық, тимелік
Тапсырма: й, и әріптері бар сөздерді теріп жаз.
Гүлдер өсіп, Көңіл бөсіп,
Ақ ала таң ашылар.
Қатқан семіп, қисыз, қиық дүние
құрып кеміп өтті, кетті кім ие
Тапсырма: п, б әріптері бар сөздерді теріп жаз.
Шығармашылық диктанты.
1. Жемістер, мол, болады, күзде.
2. Сарғая, жапырақтар, бастады.
3. Егінді, орады, комбайнмен.
Тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Өнер...(- лы, - лі ) адам өрге озар,
Өнер...(- сыз, - сіз ) адам жер соғар.
Тапсырма: тиісті қосымшаны қойып, мақалдарды жаз.
1Көзіңді (қолың...) сүртпе.
2(Кітап...) жатып оқыма, көзің ауырады.
3Ажар (қала...) ағасымен ілесіп барды.
Тапсырма: Жақша ішіндегі сөздерді өзгертіп, сөйлемдерді жаз.
Көру диктанты
Таң шапағы арайлап,
Дала нұрға боялды.
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан оянды.
Тапсырма: Өлеңді жатқа жаздыру. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызғызу.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Тапсырма: Мақалды оқып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Абай
Тапсырма: Туынды сөздерді тауып, астын сызғызу.
Ескерту диктанты.
Күз келді. Күн қысқарды. Түн салқындай бастады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Егін жиналды.
Тапсырма: Сөйлемнің неше сөзден тұратынын жақша ішіне жаз.
Күзде жеміс мол. Балалар жеміс жинауға көмектесті. Олар жинаған жемістерін жәшікке салды. Досан бәрінен де көп жинады. Олар бұл күндерін көңілді өткізді.
Тапсырма: жемістердің атын буынға бөліп жаз.
Орманшы атай
Ерден атай – орманшы. Ол кісі ну орманды күзетеді. Күнде ерте тұрады. Орман ішін асықпай аралайды. Жараланған аңдардың жарасын таңады. Сынған, қураған ағаштарды кеседі. Орманшы атайға немерелері көмектеседі.
Тапсырма: Н мен ң әріптері кездесетін сөздердің астын сыз.
Сөздік диктанты.
Биік, ұқыпты, ұшқыш, алмұрт, күшті, қызғалдақ, әдемі, әкелді, қайшы, келді, суретші.
Тапсырма: Берілген сөздердің ішінен зат есімдерді тапқызу.
Айтыс, жырлар, аңыз, ертегілер, әңгімелер, өлең, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақ.
Тапсырма: Көптік жалғауын тапқызып, оларды белгілету
Аспазды, еңбекшілер, күйші, теңізден, өнерлі, білімдінің, басқыштан, айнадай, жұмыспен, талапты.
Тапсырма: Сөз құрамына талдату.
Уәдә, уақтылы, уық, уыз, уайым, умаждау, уылдырық, уыстау. Уралау, уақыт, улы, уілдеу, әуен, ушығу.
Тапсырма: Сөздерді буынға бөліп жазғызу.
Өздік диктанты.
Келе жатқан қара бота ма,
Жоқ ала бота ма?
Ала бота, қара қара бота -
Дөңнен асқан қандай бота?
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыздыру.
Шие
Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе піскенде,
Басымды мен иемін.
Тапсырма: Жатқа жаздырып, И әрпі бар сөздердің астын сыздыру.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Тапсырма: Санамақты жатқа жазып, К дыбысына аяқталған сөздерге І дыбысын қосып жазғызу.
Бақылау диктанты
Арша
Аршаның сабағы бұйра бүршікті болады. Ол хош иісті ағаштың бір түріне жатады. Арша таулы жерде өседі. Өзі аласа болады. Қысы – жазы көгеріп тұрады. Ол көп өсетін жерді Аршалы деп атайды. Арша тез жанады.
Бақбақ
Бақбақ үлпілдек шар тәрізді. Тұқымдары өте жеңіл болады. Үрлеген кезде жан - жаққа ұшып кетеді. Бәріміз бақбақты үрлегенді жақсы көреміз. Осылайша біз оның тұқымының таралуына көмектесеміз.
Тапсырма: Дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.
Сынып бөлмесі
Біздің сынып бөлмесі екінші қабатта орналасқан. Сынып бөлмесінде үш қатар парта тұр. Табиғат бұрышы бар. Сөреде кітап, газет, журналдар жиналған. Онда әдеби кітаптар көп. Оқушылар өздеріне ұнаған кітапты оқиды. Кезекшілер сынып бөлмесін таза ұстайды.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздердің аяғына ы, і дыбыстарының тиістісін жалғап жаз.
Толық нұсқасын жүктеп алу